«Актуарий» мамандығы бойынша кәсіби стандартты бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы

Кәсіптік стандарт: «Актуарий»

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы:  «Актуарий» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде қызметкерлерді оқытуға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға арналған материалдарды әзірлеуге, қаржы нарығындағы қызметтегі кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған. Осы кәсіптік стандарттың негізінде ұйымдар өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, олардың жауапкершілігін ескере отырып, кәсіптік білім беру деңгейін, еңбек функцияларының, білімдері мен дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, қызметкерлерге арналған корпоративтік кәсіптік стандарттарды ішкі қолдану үшін әзірлей алады. «Актуарий» кәсіптік стандарты заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге қолданылады.
  1. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) актуарий – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;

2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві – мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп беру күніне шығындарды реттеуге шығыстарды қоса алғанда, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған міндеттемелерінің бағалануы;

3) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) есептеу күніне қалған сақтандыру арқылы қорғаудың қолданыс кезеңіне жататын бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы), ол міндеттемелер келесі есепті кезеңдерде туындаған жағдайда, алдағы төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған;

4) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві (бұдан әрі – ОМШР) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде орын алған, басталуы фактісі туралы Қазақстан Республикасының заңында немесе шартта белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде мәлімдемеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындаған шығындарды реттеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерінің бағалауы;

5) сақтандыру шығындарын реттеу жөніндегі шығыстар – сақтандыру жағдайына байланысты туындаған сақтанушының мүліктік мүддесіне келтірілген залалдың (зиянның) көлемін бағалауға және оны азайтуға байланысты сараптамалық, консультациялық және өзге де көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қажетті ақша сомасы.

2-тарау. Кәсіптік стандарт паспорты

  1. Кәсіптік стандарттың атауы: Актуарий
  2. Кәсіптік стандарттың коды: К66210
  3. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:

K Қаржылық және сақтандыру қызметі

66 Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

66.2 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша қосалқы қызмет

66.21 Сақтандыру тәуекелдері мен шығындарын бағалау

66.21.0 Сақтандыру тәуекелдері мен шығындарын бағалау

 

  1. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаты: Актуарий сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мамандарды қамтиды.
  2. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

1) Актуарий - СБШ 7-деңгейі

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

«Актуарий» кәсібінің карточкасы:

Топтың коды:

2120-2

Кәсіп атауының коды:

2120-2-001

Кәсіптің атауы:

Актуарий

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

7

СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:

 

БТБА, БА бойынша біліктілік және басқа да үлгілік біліктілік сипаттамаларының деңгейі:

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы. Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген. Сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер) § 92, 195-т.

Кәсіптік білімінің деңгейі:

Білім деңгейі:

жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура)

Мамандық:

Бизнес және басқару

Экономика және бизнес, қаржы

Біліктілік:

-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Қаржы ұйымдарында, уәкілетті органда актуарлық зерттеулер және (немесе) актуарлық есеп айырысулар жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі

Формалды емес және информалды біліммен байланыс:

 

Кәсіптің басқа да ықтимал атаулары:

 

Қызметтің негізгі мақсаты:

Сақтандырумен, сақтандыру тарифтерін әзірлеумен және резервтерді басқарумен байланысты қаржы тәуекелдерін талдау және басқару

Еңбек функцияларының сипаты

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді бағалау

2. Сақтандыру тарифтерінің экономикалық негіздемесін есептеу әдіснамасын әзірлеу және сақтандыру өнімдерінің табыстылығын талдау

 3. Тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржы міндеттемелерін талдау және сандық, қаржылық бағалау және актуарлық қорытындылар жасау

Қосымша еңбек функциялары:

 

1-еңбек функциясы:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді бағалау

     

1-дағды:

Сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушылардың сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу

 

 

Машықтары:

1. Резервтер шамасына әсер ететін болжамды өлшемдерді анықтау (инфляцияның болжамды мәні, кірістілік және т.б.).

2. Сақтандыру резервтерін есептеудің құрамдас өлшемдерін анықтау (өлім-жітім кестелерін құру, шығындардың даму коэффициенттерін анықтау және т.б.)

3. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервтерін есептеу

4. Шығындар резервтерін есептеу (орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві және мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві).

5. Реттелмеген шығындар резервін есептеу.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қосымша резервтерді қалыптастыруға қойылатын қажеттіліктерді анықтау.

7. Қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін және өзінің ұстап қалу мөлшерін айқындау.
8. Актуарлық есеп айырысудың оңтайлы модельдерін таңдау және есептеу.

Білуге тиіс:

1. Ықтималдық теориясының негіздері (оқиға ықтималдығы, ықтималдық қасиеттері, ықтималдықтың таралуы, күтілетін оқиғалар) және математикалық статистика.
2. Актуарлық практиканың стандарттары

3. Сақтандыру және актуарлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілер.

4. Резервтерді есептеу әдістемесі

5. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС стандарттары) сақтандыру саласындағы стандарттары

6. Шығындардың резервтерін есептеудің актуарлық әдістері.

7. Актуарийлерді оқытудың минималды бағдарламасы бойынша курстар

Дағдыны тану мүмкіндігі:

-

Дағдыны тану мүмкіндігі:

-

2-дағды:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді бағалау

Машықтары:

1.   Компанияның ұқсас тәуекелдері және бизнес желілері бойынша топтар мен когорталарды анықтау.

2.   Сақтандыру резервтері мен техникалық провизиялардың барлық түрлерін есептеу.

3.   Сақтандыру резервтеріне тәуекелді түзетуді есептеу.

4.   Сақтандыру ұйымының қызметіне тән әрбір тәуекел бойынша міндеттемелерді есептеу (нарықтық тәуекел, материалдық емес активтер тәуекелі, дефолт тәуекелі, жалпы сақтандыру тәуекелі, өмірді сақтандыру тәуекелі, денсаулықты сақтандыру тәуекелі).

5.   Болашақ ақша ағындарының келтірілген, күтілетін құнын бағалау үшін кірістілік мөлшерлемесін анықтау.

 

Білуге тиіс:

1. Математикалық статистиканың ықтималдылық  теориясының негіздері (оқиғаның ықтималдылығы, ықтималдықтың қасиеттері, ықтималдықтың таралуы, күтілетін оқиғалар).

2. Актуарлық тәжірибенің стандарттары.

3. Сақтандыру және актуарлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілер.

4. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі.

5. Сақтандыру саласындағы ХҚЕС стандарттары.

6. Солвенси 2 Еуропалық стандарты.

7. Зияндар резервтерін есептеудің актуарлық әдістері.

8. Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы бойынша курстар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

 

 

2-еңбек функциясы:

Сақтандыру тарифтерінің экономикалық негіздемесін есептеу әдістемесін әзірлеу және сақтандыру өнімдерінің кірістілігін талдау

     

1-дағды:

Сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Машықтары:

1. Статистикалық ақпаратты жинауды, жүйеге келтіру және талдауды ұйымдастыру.

2. Сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын қоса алғанда, сақтандыру тарифінің құрамдас бөліктерін есептеу.

3. Сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығына және зиянның ауырлығына әсер ететін факторларды анықтау.

4. Тәуекелдер мен қызметтер топтамасына байланысты сақтандыру тарифтерін қалыптастыру.

5. Тұрақты, айнымалы, тікелей және жанама шығындарды анықтау.

6. Ақша ағындарының ағымдағы күтілетін құнын анықтау.

 

Білуге тиіс:

 

1.  Ықтималдық теориясының негіздері.
2. Сақтандыру және актуарлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
3. Актуарлық тәжірибенің халықаралық стандарттары.
4. Сақтандырудағы шығындарды бағалау және болжау әдістемелері (трендтерді ескере отырып түпкілікті жинақталған).
5. Сақтандыру тарифінің мөлшеріне тәуекелдер мен факторлардың әсер ету дәрежесін анықтау.

6. Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы бойынша курстар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

-

2-дағды:

Сақтандыру өнімдерінің кірістілігін бағалау

Машықтары:

1. Сақтандыру жағдайлары орын алатын негізгі тәуекелдерді анықтау.
2. Сақтандыру өнімі шеңберінде қабылданған тәуекелдер бойынша оқиғалар туындаған жағдайда залалды бағалау.
3. Актуарлық есептеулерді жүргізу үшін математикалық модельдерді және олардың өлшемдерін пайдалану
4.  Актуарлық болжамдарды оңтайлы таңдау.
5. Ықтималдылықты есептеу және күтілетін шамаларды анықтау.
7. Жеке сақтандыру полисі бойынша, сондай-ақ шарттар жиынтығы бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын (әкелінуі мен әкетілуі) бағалау.

   

Білуге тиіс:

1. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы.
2. Сақтандыру бағдарламалары мен талаптарын түсіну.
3. Актуарлық есептеулерді жүзеге асыру үшін есептерді математикалық модельдеу және қалыптандыру әдістері
4. Рентабельді жобаларды таңдау өлшемшарттары.
5. Актуарлық практика бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар.

6. Актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша курстар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

-

3-дағды:

Стрестік сценарийлерді қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігін бағалау

Машықтары:

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ұйымының міндеттемелерін бағалау.
2. Сақтандыру ұйымы активтерінің әділ құнын есептеу және бағалау.
3. Стресс-тестілеу жүргізу, стрестік сценарийлер туындаған кезде  ықтимал шығындарды анықтау.

Білуге тиіс:

1. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы.
2. Сақтандыру ұйымы және сақтандыру топтарының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.
3. Сақтандыру ұйымының операциялық қызметі.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді бағалау және есептеу тәртібі жөнінде нормативтік құқықтық актілердің талаптары.
5. Модельдер құру, актуарлық модельдеу.

6. ХҚЕС стандарттары.

7. Актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша курстар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

-

3-еңбек функциясы:

Тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржылық міндеттемелерді талдау және сандық, қаржылық бағалау және актуарлық қорытындылар жасау

     

1-дағды:

Тәуекелдерді бағалау

Машықтары:

1. Деректерді жинау, жүйелеу, талдау, және тексеру.
2. Тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау.
3. Тәуекелдердің туындау  ықтималдығына әсер ететін факторларды бағалау.

Білуге тиіс:

1. Ықтималдық теориясының, математикалық статистиканың, стохастикалық және актуарлық модельдеу негіздері.
2. Тәуекелдерді бағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
3. Тәуекелдерді бағалаудың  халықаралық практикалары.
4. Актуарийлерді оқытудың ең төмен бағдарламасы бойынша курстар.

Дағдыларды  тану мүмкіндігі:

-

2-дағды:

Актуарлық қорытындылар жасау

Машықтары:

1. Деректерді жинау, жүйелеу,  талдау және тексеру.

2. Сақтандыру резервтерін және техникалық провизияларды есептеу, міндеттемелерді бағалау

3. Сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес актуарлық  қорытындылар жасау.

Білуге тиіс:

1. «Сақтандыру қызметі туралы» Заң.

2. Сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер

3. ХҚЕС стандарттары

4. Актуарийлерді оқытудың ең төмен бағдарламасы бойынша курстар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

-

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар:

Талдамалық ойлау

Стреске төзімділік

Жылдам шешім қабылдай білу, командалық жұмыс жасау

Алынған есептер мен зерттеулердің нәтижелерін қалыптастыра білу

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізімі:

Біліктілік деңгейіне және уәкілетті органның рұқсат беру құжатын алуға қойылатын талаптар «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысында белгіленген

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ деңгейі:

Кәсіптің атауы:

6

Қаржы талдаушысы

6

Банк саласындағы маман

6

Капитал нарығының маманы

6

Тәуекелдер жөніндегі маман

6

Сақтандыру саласындағы маман

           

 

 

4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

 

  1. Мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Орындаушы:

Олжас Орымбекұлы Ахмамбетов, +7(727)237 11 11 (6981),

Olzhas.Akhmambetov@finreg.kz

  1. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Орындаушылар:

Зейнеп Қайыпбекқызы Қоспаева, +7 (727) 237 11 11, Zeinep.Kospayeva@finreg.kz

  1. Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес:
  2. Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық орган:
  3. Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы: -
  4. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1-нұсқа, 2023ж.
  5. Қайта қарау күні: 09.12.2026ж.

 

 

 

«Актуарий» мамандығы бойынша кәсіби стандартты бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы
Дата публикации
21 декабря 2023