Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді, Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидаларын, шарттарын және мерзімдерін, Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 18-3) тармақшасына және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігінің
Төрағасы М. Әбілқасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 15 қарашасындағы № 83 қаулысына 1-қосымша |
Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысаны және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтер
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Сақтандыру жағдайын реттеудің
оңайлатылған тәртібі мен шарттары
1) сақтандырушының;
2) тиісті келісім негізінде сақтандырушының әріптесі болып табылатын ұйымның;
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның бірінің интернет-ресурсы және (немесе) мобильдік қосымшасы арқылы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Қатысушыларды сәйкестендіру сәйкестендіру процесінде көрсетілген қатысушылардың жеке деректерін (қатысушылардың фотосы, жеке сәйкестендіру нөмірі, ұялы байланысының абоненттік нөмірі) мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің деректерімен салыстыруды жүзеге асыру кезінде қатысушылардың жеке басын растау арқылы олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге қатысушылардың келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Декларацияны жіберу мүмкін болмаған кезде сақтандыру жағдайы сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптарында Заңға сәйкес қаралады.
Қатысушылардың көлік құралдарының қатысуымен қайталанған сақтандыру жағдайы болған кезде қатысушыларға Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы электрондық ақпараттық хабарлама қалыптастыру арқылы сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі процесін аяқтау мүмкін еместігі туралы хабарланады.
Сақтандыру жағдайының бірегей нөмірін беру бойынша БСДҚ-ның сервистерінің жұмысында іркілістер және (немесе) сақтандырушылардан декларацияны қабылдау туралы хабарлама болмаған жағдайда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қатысушылар декларация жібергеннен кейін 10 минут ішінде интернет-ресурс немесе Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың мобильді қосымшасы арқылы БСДҚ жұмысындағы және (немесе) сақтандырушының ақпараттық жүйесіндегі іркілістер туралы және мәліметтер мен құжаттарды қайта жіберу қажеттігі туралы хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
Қажет болған жағдайда дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қатысушылардың сақтандыру жағдайын жеңілдетілген реттеу процесінің негізгі кезеңдерінің мәртебесін қадағалап отыруы үшін өзінің интернет-ресурсында және (немесе) мобильдік қосымшада әрбір қатысушының жеке кабинетін құрады.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым және тиісті келісім негізінде сақтандырушының серіктесі болып табылатын ұйым, сақтандыру жағдайы бойынша мәліметтерді сақтау үшін интернет-ресурста және (немесе) мобильдік қосымшада көлік оқиғасына қатысушылардың әрқайсысының жеке кабинетін (бұдан әрі – жеке кабинет), сондай-ақ қатысушылардың сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдерінің мәртебесін қадағалап отыруға мүмкіндік жасайды.
Сақтандырушының күні мен уақыты көрсетілген декларацияны алғаны туралы ақпаратты көлік оқиғасына қатысушылардың жеке кабинетінде көруге болады.
|
Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшеріне, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанына және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерге қосымша |
Нысан
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы
декларация
|
№ |
Зардап шегуші |
Көлік оқиғасының мән-жайы туралы деректер |
Кінәлі |
|
1 |
|
Көлік оқиғасының орны (облыс, қала, аудан, көше) |
|
|
2 |
|
Көлік оқиғасының күні (күні, айы, жылы) / (сағат, минут) |
|
|
3 |
|
Көлік құралының маркасы, моделі: 1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі 2) көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі 3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (фотосуретті тіркеу)
|
|
|
4 |
|
Жеке тұлғалардың жеке деректері: 1) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) 2) жеке сәйкестендіру нөмірі 3) туған күні 4) ұялы байланыс нөмірі 5) жүргізуші куәлігі (фотосуретті тіркеу) Заңды тұлғалардың деректері (көлік құралын басқаратын тұлға бойынша толтырылады): 1) заңды тұлғаның атауы 2) бизнес- сәйкестендіру нөмірі 3) туған күні 4) ұялы байланыс нөмірі 5) жүргізуші куәлігі (фотосуретті тіркеу) 6) еңбек шартының, сенімхат не жол парағының нөмірі (бар болса) Бейрезиденттер үшін жеке басын куәландыратын құжаттың фотосы қоса беріледі |
|
|
4.1 |
|
Сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен көлік құралын басқарған адамның жеке деректері: 1) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) 2) жеке сәйкестендіру нөмірі 3) туған күні 4) ұялы байланыс нөмірі 5) жүргізушінің куәлігі (фотосуретті тіркеу) |
|
|
5 |
|
Көлік құралын иелену, пайдалану, билік ету құқығына арналған құжат (сенімхат, жалдау шарты, жол парағы және басқалары) |
|
|
6 |
|
Жауапкершілікті сақтандырушының атауы, сақтандыру полисі (нөмірі) |
|
|
7 |
|
Көрінетін бүлінген бөлшектер мен элементтердің сипаты мен тізбесі (фотоматериалдарды және (немесе) бейнематериалдарды сипаттау және бекіту) |
|
|
8 |
|
Көлік оқиғасының жалпы жоспары (көлік оқиғасының фотосхемасы және (немесе) бейнесхемасы) |
|
|
9 |
|
Көлік оқиғасының сипаты |
|
|
10 |
|
Келіспеушіліктердің жоқтығын растау |
|
|
11 |
|
Залалдың алдын ала сомасы (теңгемен, 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын) (зардап шегуші толтырылады) |
|
|
12 |
|
Сақтандыру жағдайын реттеу түрі (жалпы шарттарда /тікелей реттеу) (зардап шегуші толтырады) |
|
|
13 |
|
Көлік оқиғасына қатысушылардың ескертпесі |
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 15 қарашасындағы № 83 қаулысына 2-қосымша |
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидалары, шарттары және мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 15 қарашасындағы № 83 қаулысына 3-қосымша |
Сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері
Сақтандырушы көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарын қарап-тексерген кезде сақтандыру төлемінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соманың шегінде, көлік құралына келтірілген залал мөлшері туралы есепте көрсетілген соманы құрайды.
Көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін есептеуді сақтандырушы лицензиялық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып жүзеге асырады не қызмет көрсету туралы шарттың негізінде өзі тартқан бағалаушы жүзеге асырады.
Көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құнының калькуляциясы (есебі) және зиянның мөлшері туралы есепті ресімдеу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13460 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемін сақтандырушы залал мөлшерінің дауланбайтын бөлігі мөлшерінде жүргізеді.
Зардап шегуші залал мөлшерін есептеу нәтижелерін даулауды Заңның
29-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.