«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулы жобасының

Қаулы жобасында «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар көзделген.

Алматы қаласы город Алматы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29698 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына қосымшаға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) корпоративтік басқару – Қор қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету және Қор акционерлерінің және сақтандыру қызметтерін тұтынушыларды қоса алғанда, басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Қордың алқалы органдары мен оның акционерлері арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі. Корпоративтік басқару жүйесі Қорда өкілеттіктерді және жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді; 4-1) комплаенс-тәуекел – Қордың және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, сақтандыру заңнамасының, Қазақстан Республикасының Қор туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, сондай-ақ Қордың ішкі құжаттарының талаптарын сақтамауы салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;»; 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға, Қорда корпоративтік басқару жүйесін құруға қойылатын негізгі талаптар»; 4 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Директорлар кеңесі және басқарма Қорда тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың барабар жүйелерінің болуын, корпоративтік басқарудың тиісті практикасын қолдануды қамтамасыз етеді және Қор қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауы үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің (ішкі аудитордың) функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.»; 3-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Қордың Директорлар кеңесінің комитеттері қызметті Қордың Директорлар кеңесі бекіткен, олардың өкілеттіктері мен құзыретін, комитеттердегі Қордың Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмыс мерзімдері бойынша шектеулерді қоса алғанда, жұмыс тәртібін айқындайтын регламентке сәйкес жүзеге асырады. Қордың Директорлар кеңесі өкілеттіктердің шоғырлануын болдырмау және комитеттердің құзыретіне кіретін мәселелерге жаңа көзқарастарды ілгерілету үшін Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелерін (тәуелсіз сарапшыларды қоспағанда) мерзімді ауыстыруды көздейді. Директорлар кеңесі комитеттерінің мәселелерді қарау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдаудың ықтимал нұсқалары, осындай шешімдер қабылдаудың оң және теріс факторлары мен салдарлары жариялана отырып, Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындалады. Қабылданған ұсынымдарға сол комитеттің отырысына қатысқан Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелері қол қояды.»; 12 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Қордың қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтайды, корпоративтік басқарудың тиісті практикаларын, іскерлік этика және тәуекел-мәдениетін ұстанады, Қордың ішкі құжаттарына қойылатын талаптарды сақтайды.»; 15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) корпоративтік басқару бөлігінде: корпоративтік стратегияға, саясаттарға, рәсімдерге және өзге ішкі құжаттарға қайшы келетін операцияларды жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында, сондай-ақ оларды түзету мақсатында құрылған алқалы органдар, ішкі аудит қызметі арқылы Қор қызметін тұрақты мониторингтеуді жүзеге асырады; ішкі аудит қызметі (ішкі аудитор), Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше (тәуекел-менеджері) функцияларының ұйымдастырушылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді; уәкілетті орган шараларының, оның ішінде кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің (тәуекел-менеджерінің) инвестициялық шешімдері мен ұсынымдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; қабылданатын тәуекелдердің лимиттерін және мәмілелерге (операцияларға) шектеулерді бекітеді; Қордың тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді; Қорда комплаенс-тәуекелді басқаруды жалпы бақылауды жүзеге асырады; жылына кемінде бір рет Қордағы комплаенс-тәуекелді басқару тиімділігін бағалайды; комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелерін тиімді және жедел шешуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады; осы Қағидаларда көзделген Қордың тәуекелдері туралы есептерді қарайды.»; 3-тарау мынадай мазмұндағы 16-1, 17-1, 18-1 және 19-1-тармақтармен толықтырылсын: «16-1. Қордың комплаенс-тәуекелдерін басқару жөніндегі саясатты Қордың Заң қызметі әзірлейді және мыналарды белгілейді: 1) комплаенс-тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттері; 2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде Қорда комплаенс-мәдениетті құру қағидаттары (ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Қор туралы, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарын сақтауы мәдениеті); 3) комплаенс-тәуекелді басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері; 4) комплаенс-тәуекелді басқару шеңберінде құрылымдық бөлімшелер арасында өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі. 17-1. Қордың Басқармасы комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында мыналарды қамтамасыз етеді: 1) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты қабылдау және оны қызметкерлердің назарына жеткізу; 2) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты сақтау және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілікті ұсыну; 3) ұйымның қызметкерлері үшін комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу; 4) комплаенс-тәуекелге әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті түзету немесе тәртіптік шаралар қабылдау. 18-1. Қордың заң қызметі: 1) комплаенс-тәуекелдерді бақылау жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді; 2) өз бастамасы бойынша кез келген қызметкермен байланысады және құжаттар мен мұрағаттарға қол жеткізеді; 3) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясаттың ықтимал бұзушылықтарына тергеп-тексеру жүргізеді және Қор қызметкерлеріне кеңес алу үшін жүгінеді; 4) бекітілген корпоративтік стратегияға және комплаенс-тәуекелді басқару саясатына сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың басымдықтарын белгілейді; 5) сәйкессіздіктердің себептерін анықтай отырып, сыртқы және ішкі реттеуші құжаттарға, оның ішінде корпоративтік басқару кодексіне сәйкестікке байланысты комплаенс-функциялар мен комплаенс-тәуекелдерге тұрақты бақылау мен мониторингті жүзеге асырады; 6) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшеге анықталған кемшіліктер, олқылықтар, бұзушылықтар немесе кемшіліктер және оларды жоюдың ықтимал жолдары туралы ақпаратты, сондай-ақ комплаенс-бақылауды және корпоративтік басқару процестерін жүзеге асыруды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын комплаенс-тәуекелдер мониторингінің нәтижелері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады 7) сыртқы және ішкі көздерден алынған бейресми ақпаратқа мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда қызметтік тексеру ұйымдастырады. 19-1. Қордың тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы (тәуекел-менеджер) мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді: 1) жоғары білімінің болуы; 2) тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық сертификаттың (FRM (Financial Risk Manager) - Қаржы тәуекел-менеджері, PRM (Professional Risk Manager) - Кәсіби тәуекел-менеджер, CFA - Сертификатталған қаржы талдаушысы) және (немесе) ISO 31000 сериялы стандарт бойынша сертификаттың біріне ие; 3) қаржы ұйымдарында тәуекелдерді басқару немесе ішкі аудит саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінде (тәуекел-менеджер ретінде) аутсорсинг бойынша жұмыс істеу үшін қызметкерлерді тартуға жол берілмейді.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын: «3-1-тарау. Корпоративтік басқару 22-1. Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің негізгі элементтері: 1) корпоративтік құндылықтар, іс-қимыл кодекстері мен стандарттары және оларды орындау үшін қолданылатын құралдар; 2) Қор қызметінің тиімділігін және жеке қызметкердің үлесін бағалауға мүмкіндік беретін корпоративтік басқару стратегиясы; 3) жеке қызметкерлер бойынша да, Қор органдары бойынша да шешімдер қабылдаудың иерархиялық құрылымын қоса алғанда, шешімдер қабылдау бөлігінде міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу; 4) басқару органы, атқарушы орган және аудиторлар арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тетіктері; 5) ішкі бақылау жүйесі; 6) ақшалай сыйақылар, қызмет бойынша ілгерілету және Қор қызметкерлерін тиісті әрекеттерге итермелейтін уәждеменің басқа да нысандары түріндегі қаржылық және басқарушылық сипаттағы ынталандырулар; 7) ақпараттың барабар ішкі және сыртқы ағындарының болуы. 22-2. Қордың ұйымдық құрылымы таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне сәйкес келеді, мүдделер қақтығысын азайтады және тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді Қордың алқалы органдары мен құрылымдық бөлімшелері арасында бөледі. 22-3. Қордың Директорлар кеңесі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес тоғыз адамнан тұрады. 22-4. Қордың Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінде Қордың барлық акционерлеріне әділ қарауды ескере отырып, оны орнықты дамыту үшін Қордың мүддесі үшін тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін дағдылардың, тәжірибе мен білімнің теңгерімі сақталады. Директорлар кеңесінің мүшелері өздерінің функционалдық міндеттерін адал орындайды және өз қызметінде мынадай қағидаттарды ұстанады: 1) ұсынылатын ақпаратты жан-жақты бағалау негізінде Қордың мүддесі үшін ұтымды шешімдер қабылдау және әрекет ету; 2) директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің отырыстарына қатысуға және оларға дайындалуға жеткілікті уақыт бөлу. Директорлар кеңесі мүшесінің өзге заңды тұлғаларда лауазымдарға орналасуына Қордың директорлар кеңесінің мақұлдауын алғаннан кейін рұқсат етіледі; 3) Қордың қызметіне белсенді тарту және Қор қызметінің елеулі өзгерістері мен сыртқы жағдайлар туралы хабардар болу, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қордың мүддесін қорғауға бағытталған уақтылы шешімдер қабылдау; 4) Қордың басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде Қордың лауазымды адамдарының мүдделер қақтығысын болдырмайтын (немесе қатаң шектейтін) саясатты жүргізуін қамтамасыз ету. Қордың директорлар кеңесінің мүшелері олардың жеке мүдделері директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін тиісінше орындауына әсер етуі мүмкін жағдайлардың туындауына жол бермейді, бейтарап шешімдер қабылдауға ықпал ететін немесе әлеуетті әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, директорлар кеңесінің мүшелері бұл туралы директорлар кеңесінің төрағасына алдын ала хабарлайды және талқылауға және осындай шешімдер қабылдауға қатыспайды. Бұл талап Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін тиісінше орындауға тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін директорлар кеңесі мүшесінің басқа да іс-әрекеттеріне де қатысты; 5) Қор акционерлерінің мүдделері мен Қордан кепілдік төлемдерді алуға құқығы бар адамдардың мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауды ескере отырып, Қордың негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру. 22-5. Мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесінің отырыстары (қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындау, Қор Басқармасының құрамына кандидаттарды ұсыну, басқарма мүшелеріне сыйақы белгілеу) тәуелсіз директорлар болып табылатын Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуынсыз өткізілмейді. 22-6. Қордың тәуелсіз директорлары объективті пайымдауды жүзеге асыруға қауіп төндіруі мүмкін кез келген материалдық мүдделерден немесе Қормен қарым-қатынастан, оны басқарудан немесе оның меншігінен еркін болады. 22-7. Тәуелсіз директор деп жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және басқа да мүдделі тараптардың ықпалы болмайтын тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилігі мен дербестігі бар адам танылады. Қордың тәуелсіз директорлары: 1) сақтандыру ұйымдары – Қорға қатысушылар мүшелері болып табылатын, сақтандыру ұйымдары – Қорға қатысушылардың мүдделерін білдіру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылған және оларды Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар ретінде сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде ұйымның (қоғамдық бірлестік, одақ, қауымдастық) қызметкерлері болған; 2) сақтандыру ұйымдары – Қорға қатысушылардың қызметкерлері, акционерлері, үлестес тұлғалары болып табылатын немесе оларды директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар ретінде сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде сақтандыру ұйымдары – Қорға қатысушылардың қызметкерлері, акционерлері, үлестес тұлғалары болған; 3) Қордың лауазымды адамымен бағыныстылықпен байланысты немесе оларды директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар ретінде сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде аталған адамдармен бағыныстылықпен байланысты болған; 4) Қор акционерінің оның органдарының отырыстарында өкілдері болып табылатын және оларды директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар ретінде сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде өкілдері болған; 5) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істеген аудиторлар ретінде Қордың аудитіне қатысатын және оларды директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар ретінде сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан адамдар қатарынан сайланбайды. 22-8. Тәуелсіз директор тәуелсіздік мәртебесінің жоғалу ықтималдығын бақылайды және мұндай жағдайлар болған жағдайда директорлар кеңесінің төрағасына алдын ала хабарлайды. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, директорлар кеңесінің төрағасы тиісті шешім қабылдау үшін осы ақпаратты дереу акционерлерге жеткізеді. 22-9. Қордың корпоративтік хатшысы акционерлер жиналысын және Қордың Директорлар кеңесі отырыстарын дайындауды және өткізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдар мен Қордың Директорлар кеңесінің отырысына материалдар қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуді бақылайды. 22-10. Корпоративтік хатшының құзыреті мен қызметі Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың ішкі құжаттарында айқындалады. Корпоративтік хатшының Қор Басқармасы хатшысының функцияларын жүзеге асыруына жол беріледі. Қордың корпоративтік хатшысы лауазымын атқару кезеңінде оның Қордан басқа ұйымдарда Қордың Директорлар кеңесінің тиісті келісімін алмай жұмыс істеуіне жол берілмейтіні сияқты корпоративтік хатшы лауазымын Қордағы кез келген өзге лауазыммен қоса атқаруға болмайды. 22-11. Корпоративтік хатшы сырқаттану себептері, кезекті еңбек демалысына шығу және басқа да дәлелді себептер бойынша болмайтын жағдайда, оның функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыру құқығы Қордың заң қызметіне беріледі. 22-12. Корпоративтік хатшы лауазымына кандидат мынадай талаптарға сәйкес келеді: 1) мінсіз іскерлік беделге ие («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында айқындалғандай); 2) жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі бар; 3) қаржы қызметтеріне және (немесе) заң қызметтеріне және/немесе корпоративтік хатшы лауазымына жататын салада кемінде бес жылдық жұмыс өтілі бар; 4) Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар және Қор туралы заңнамаларын біледі; 5) Қор акционерлері мен лауазымды адамдарының үлестес тұлғасы болып табылмайды және Қордың лауазымды адамдарымен туыстық қатынастарда тұрмайды.; «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: 1-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысы корпоративтік басқару кодексін бекітеді, ол: 1) Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына, корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ корпоративтік мінез-құлықтың үздік халықаралық практикасын, кәсіптік әдеп нормаларын, Қор қызметінің қажеттіліктері мен талаптарын ескере отырып әзірленеді; 2) мыналарды: Қор органдары және (немесе) құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттердің нақты бөлінуін; акционерлер, органдар және лауазымды адамдар арасындағы қатынастарда, сондай-ақ үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде кәсіптік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқару кодексінің міндетті түрде орындалуын; Директорлар кеңесі мүшелерінің, алқалы органдардың, басқарманың және өзге де басшы қызметкерлердің Қордың қызметіне және тәуекелдерді басқаруға тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысуын; Директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарма мен басшы қызметкерлердің шешім қабылдауының тәуелсіздігін; Директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың және басшы қызметкерлердің шешімдерінің міндетті түрде хаттамалануын (шешім қабылданған құжаттарды қоса бере отырып); басшы қызметкерлердің өз мүдделері мен Қор мүдделері арасындағы қақтығыстың туындауына тікелей немесе жанама түрде әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден бас тарту міндеттемесінің жазбаша ресімделуін, ал мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, бұл туралы Директорлар кеңесін уақтылы хабардар ету міндеттемесін; басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына сәйкес келуін; басшы қызметкерлердің бақылау және басқару функцияларының сапасын үнемі жетілдіруді; жалпылама қабылданған кәсіптік әдеп нормаларын ескере отырып корпоративтік басқаруды ұйымдастыру қағидаттарын ескере отырып регламенттейді; 3) Директорлар кеңесінің қалауы бойынша мүдделер қақтығысын реттеу тәртібін және басқа да мәселелерді реттейді. 1-2. Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде мүдделер қақтығысын басқару жөніндегі рәсім және оны іске асыру тетіктері, сондай-ақ орындалуын бақылау әзірленеді. Мүдделер қақтығысын басқару рәсімі және оны жүзеге асыру тетіктері мынадай компоненттерді: Қор қызметіндегі мүдделер қақтығысын азайту рәсімінің тетігін; директорлар кеңесі мүшелерінің директорлар кеңесі мүшесінің мүдделер қақтығысы болатын мәселелер бойынша дауыс беруден бас тарту міндетін; директорлар кеңесінің рәсім ережелерін бұзуға ден қою тетігін қамтиды. Корпоративтік басқару кодексінің шеңберінде Қор қызметкерлері Қор қызметіне қатысты бұзушылықтар туралы конфиденциалды түрде хабарлайтын рәсімдер әзірленеді.». 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні
Дата публикации
05 октября 2023