Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 15-бабының 5) тармақшасына және 226-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір жарым) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы |
|
М. Әбілқасымова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына 1-қосымша
|
20___жылғы «__» ________№ ______________
зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру ұйымының филиалы ___________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-
____________________________________________________________________
сақтандыру ұйымы филиалының толық атауы және орналасқан жері)
бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы (Ереже), қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы «____» ___________ №______ лицензия және Сақтандырушы бекіткен «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), арқылы бір жағынан, және Жеке тұлға (Жеке тұлғалар)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)),
____________________________________________________________________
туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат, _________________________________________________,
(сериясы, нөмірі)
____________________________________________________________________
_____ жылы «_____»___________________________________________берген,
(берілген күні) (кім берген)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)),
____________________________________________________________________
туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын
куәландыратын құжат, _________________________________________________,
(сериясы, нөмірі)
____________________________________________________________________
_____ жылы «_____»___________________________________________ берген, (берілген күні) (кім берген)
бұдан әрі «Сақтанушы» немесе «Сақтанушылар» (екінші сақтанушы болған кезде) деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1-тарау. Шарттың мәні
2-тарау. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары
Сақтандырылушыға бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) және _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) (екінші сақтандырылушы болған кезде) құрайды.
Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтер үшін ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
_____________________________________________ (тұрғылықты мекенжайы),
___________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі),
__________________________________ жеке басты куәландыратын құжат) (бірнеше алушылар болған кезде деректер әрбір алушы бойынша жеке көрсетіледі) болып табылады).
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) Сақтандырушымен Шарт жасасу кезінде немесе қолданыстағы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;
3) Сақтандырушымен Шарт жасасу кезінде немесе қолданыстағы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы жеткіліксіз болса, меншікті қаражатын тартуға;
4) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз актуарийлерді тартуға;
5) Шарттың көшірмесін алуға құқылы.
1) Шарт жасасқан немесе Шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап осындай шарттың және (немесе) Шартқа қосымша келісімнің түпнұсқасын бере отырып, күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартынның түпнұсқасын ұсынуға;
3) Сақтандырушы олар бойынша ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын дербес деректер және (немесе) банктік деректемелер өзгерген кезде бұл туралы Сақтандырушыға осындай өзгерту болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. Сақтандырушыға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарламау Сақтандырушыны дұрыс банктік деректемелер бергенге дейін ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатады.
16 Сақтандырушы:
1) Сақтанушыны (Сақтандырушыларды) сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебімен таныстыруға;
2) Шартты Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына сатып алу сомасын аударуға;
Жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған күннен бастап кесте бойынша төлемдерді тоқтатуға;
4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға (Сақтанушыларға) немесе сақтандырылушыға (сақтандырылушыларға) мерзімін өткізіп алған әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 (бір жарым) пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге, бірақ төленбеген соманың 50 (елу) пайызынан артық емес;
5) Сақтандырушының шотына сақтандыру сыйлықақысы сомасы аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша оның түскені туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;
6) Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
7) шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Шарттың 26-тармағында көзделген мөлшерде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.
4-тарау. Тараптардың міндеттемелерді еңсерілмейтін күш салдарынан орындамаған кездегі жауапкершілігі
5-тарау. Басқа да талаптар
Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Сақтанушылардың шартты бұзу және зейнетақы аннуитетінің жаңа шартын жасау үшін Сақтандырушыға жүгінуге құқығы бар. Бұл ретте зейнетақы аннуитетінің жаңа шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомаларының мөлшері өзгеріссіз қалады және Шарттың 1-қосымшасында көзделген сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомаларының мөлшерлеріне сәйкес болады.
Шартты бұзған кезде:
1) сатып алу сомасы № 274 қағидаларға сәйкес айқындалады.
Екі Сақтанушы Шарт жасасқан кезде сатып алу сомасы әрбір сақтандырылушы үшін жеке айқындалады. Әрбір сақтандырылушы үшін сатып алу сомасын есептеу мақсатында сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері пайдаланылады.
2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері әрбір сақтанушы (сақтандырылушы) үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес мөлшерді құрайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуы тиіс ақша сомасы Шартқа өзгерістер енгізілген күнгі Шарт бойынша сатып алу сомасы мен Шартқа өзгерістер енгізілген күнгі, Шарттың 5-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне сүйене отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
7-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары
|
САҚТАНДЫРУШЫ |
САҚТАНУШЫ (САҚТАНУШЫЛАР) |
Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша
Сақтандыру төлемдерінің кестесі
|
Бірінші сақтандырылушы үшін төлеу күні |
Бірінші сақтандырылушы үшін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге) |
Бірінші сақтандырылушы үшін сатып алу сомасының мөлшері (теңге) |
Екінші сақтандырылушы үшін төлеу күні |
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге) |
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) сатып алу сомасының мөлшері (теңге) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімді сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады..
Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Актуарий ____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
2-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» ___________ № ___________ зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды
|
Сақтандырылушы туралы ақпарат |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
|
|
Туылған күні, жасы |
|
|
Жынысы |
|
|
Екінші сақтандырылушы туралы ақпарат (бар болса) |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
|
|
Туылған күні, жасы |
|
|
Жынысы |
|
|
Шарт бойынша ақпарат |
|
|
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі |
|
|
Сақтандыру сыйлықақысының сомасы |
|
|
Бірінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері |
|
|
Екінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде) |
|
|
Басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері |
|
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы |
|
|
Екінші Сақтанушы үшін басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде) |
|
|
Екінші Сақтанушы үшін (екінші сақтанушы болған кезде) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы |
|
|
Бірінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі |
|
|
Екінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі |
|
|
Бірінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса) |
20___ жылғы «____» ______________ бастап 20___ жылғы «____» _____________ аралығы. |
|
Екінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса) |
20___ жылғы «____» ______________ бастап 20___ жылғы «____» _____________ аралығы. |
|
Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі |
|
|
Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері |
|
|
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда) |
|
|
Сақтандыру төлемінің мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда) |
|
|
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса) |
|
|
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері (бар болса) мен шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы |
|
|
Бірінші сақтандырылушы үшін бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері |
|
|
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері |
|
«Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі» жолында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормасын (нормаларын) көрсету қажет.
Актуарий ____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына 2-қосымша
|
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі
Әдістеменің сақтандыру ұйымдарына қатысы бойынша қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.
1) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі – зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданыста болатын ең төмен күнкөріс шамасының (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде ең төмен күнкөрістің 1,4 еселенген мөлшері) 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерімен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін талап етілетін зейнетақы жинақтарының сомасы;
2) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері – сақтанушыға (сақтанушыларға) және (немесе) сақтандырылушыларға не зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаға, ал ол болмаған кезде сақтанушының мұрагерлеріне зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған уақыт кезеңі ішінде сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының немесе сақтандырылушылардың өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімді сақтандыру төлемдері;
3) қор (қорлар) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);
4) сақтандыру сыйлықақысы – басқа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде алынған, сақтанушы (сақтанушылар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) сатып алу сомасы;
5) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) «зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның «зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының оқшауланған бөлімшесі;
7) сақтандырылушы – зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлға;
8) сақтанушы – Кодекстің 226-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.
Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу кезінде ағымдағы құн факторының барлық өлшемдері жылдық көрсеткіш бойынша пайдаланылады.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады:
1) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 90-100%-ға жоғалтқан адамдар үшін;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 60-89%-ға жоғалтқан адамдар үшін;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 30-59%-ға жоғалтқан адамдар үшін;
4) Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген және осы тармақтың екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген адамдар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 5-29%-ға жоғалтқан адамдар үшін;
5) осы тармақтың екінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген адамдар үшін – Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген.
Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 1-қосымша
Зейнетақы жинақтарының және сақтандыру сыйлықақысының ағымдағы құнының факторын, жеткіліктілігін, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу
мұндағы:
– жастағы аннуитент үшін ағымдағы құн факторы;
– дисконтталатын фактор;
i – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;
j – индекстеу мөлшерлемесі;
– аннуитенттің жастан жасқа дейін өмір сүру ықтималдылығы;
x – аннуитенттің аннуитеттік төлемдерді ала бастаған күндегі жасы;
– аннуитенттің зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттегі жасы;
– мәні 0-ден ∞-ге дейінгі ауыспалы.
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңінде және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 226-бабының 12-тармағында көрсетілген жасқа дейінгі кезеңде аннуитенттің өмір сүру ықтималдығы бірге тең;
– сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.
мұндағы:
– ағымдағы құн факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріндегі істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемінің мөлшеріндегі істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
мұндағы:
СС – сақтандыру сыйлықақысы;
ЗЖ – зейнетақы жинақтары, екі Сақтанушы болған жағдайда, Сақтанушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс шамасының 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес;
– сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
– аннуитенттің (шартты екі сақтанушы жасаған кезде бірінші аннуитенттің) ағымдағы құнының факторы;
– екінші аннуитенттің ағымдағы құнының факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
– екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдері мөлшерінің бірінші сақтандырылушының (шартты екі сақтанушы жасаған кезде) сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қатынасына тең коэффициент. Бір сақтанушымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде 0 (нөлге) тең мән қабылданады.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін есептеу мақсатында сақтандыру төлемінің мөлшері ретінде бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің мөлшері пайдаланылады.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде әрбір сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін негізге ала отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері былайша айқындалады:
,
мұндағы:
СС – әр сақтанушы бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күн қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс шамасының 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес;
m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
– әр аннуитент бойынша ағымдағы құнның факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
мұндағы:
СС – сақтандыру сыйлықақысы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс шамасының 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің мөлшері бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің және γ-тің көбейтіндісі ретінде айқындалады;
m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
– аннуитенттің (шартты екі сақтанушы жасаған кезде бірінші аннуитенттің) ағымдағы құнының факторы;
– екінші аннуитенттің ағымдағы құнының факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
– екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдері мөлшерінің бірінші сақтандырылушының (шартты екі сақтанушы жасасқан кезде) сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қатынасына тең коэффициент. Бір сақтанушымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде 0 (нөлге) тең мән қабылданады.
Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне
2-қосымша
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштері
|
Жасы |
Ерлер |
Әйелдер |
|
45 |
0,00506324 |
0,00105021 |
|
46 |
0,00541322 |
0,00115314 |
|
47 |
0,00578732 |
0,00126615 |
|
48 |
0,00618720 |
0,00139024 |
|
49 |
0,00661461 |
0,00152647 |
|
50 |
0,00707133 |
0,00167605 |
|
51 |
0,00755957 |
0,00184026 |
|
52 |
0,00808139 |
0,00202055 |
|
53 |
0,00856150 |
0,00221848 |
|
54 |
0,00911608 |
0,00243578 |
|
55 |
0,00974127 |
0,00267434 |
|
56 |
0,01043421 |
0,00293622 |
|
57 |
0,01119231 |
0,00322371 |
|
58 |
0,01212124 |
0,00353929 |
|
59 |
0,01305795 |
0,00388571 |
|
60 |
0,01400278 |
0,00426596 |
|
61 |
0,01501191 |
0,00468334 |
|
62 |
0,01596719 |
0,00514145 |
|
63 |
0,01692128 |
0,00564423 |
|
64 |
0,01787294 |
0,00619604 |
|
65 |
0,01882189 |
0,00680160 |
|
66 |
0,01976891 |
0,00746613 |
|
67 |
0,02067111 |
0,00819532 |
|
68 |
0,02161884 |
0,00899540 |
|
69 |
0,02256598 |
0,00987319 |
|
70 |
0,02351273 |
0,01083618 |
|
71 |
0,02551640 |
0,01189253 |
|
72 |
0,02781936 |
0,01305117 |
|
73 |
0,03048121 |
0,01432187 |
|
74 |
0,03357435 |
0,01571531 |
|
75 |
0,03718733 |
0,01724312 |
|
76 |
0,03942173 |
0,01891804 |
|
77 |
0,04240343 |
0,02075393 |
|
78 |
0,04527532 |
0,02276590 |
|
79 |
0,04833681 |
0,02497042 |
|
80 |
0,05159970 |
0,02738210 |
|
81 |
0,05507533 |
0,03002636 |
|
82 |
0,05877769 |
0,03292159 |
|
83 |
0,06272054 |
0,03609071 |
|
84 |
0,06691831 |
0,03955854 |
|
85 |
0,07138613 |
0,04335197 |
|
86 |
0,07613984 |
0,04750000 |
|
87 |
0,08119598 |
0,05203393 |
|
88 |
0,08657181 |
0,05698741 |
|
89 |
0,09325468 |
0,06239659 |
|
90 |
0,10149249 |
0,06830019 |
|
91 |
0,11160518 |
0,07473955 |
|
92 |
0,12400550 |
0,08175869 |
|
93 |
0,13922717 |
0,09042079 |
|
94 |
0,15632075 |
0,10110721 |
|
95 |
0,17551690 |
0,11431587 |
|
96 |
0,19707469 |
0,13069990 |
|
97 |
0,22128032 |
0,15112112 |
|
98 |
0,24847002 |
0,17473764 |
|
99 |
0,27900683 |
0,20205015 |
|
100 |
0,31330354 |
0,23363790 |
|
101 |
0,35182396 |
0,27016395 |
|
102 |
0,39508920 |
0,31241675 |
|
103 |
0,44368478 |
0,36128724 |
|
104 |
0,49826864 |
0,41781337 |
|
105 |
0,55958003 |
0,48319612 |
|
106 |
0,62844965 |
0,55882516 |
|
107 |
0,70582143 |
0,64631980 |
|
108 |
0,79272471 |
0,74751993 |
|
109 |
0,87892804 |
0,85071915 |
|
110 |
1 |
1 |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына 3-қосымша
|
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі