Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Тізбесі бекітілсін.
  2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қаулыға

қосымша

 

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Қазақстан Республикасының сақтандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің Тізбесі

 

  1. «Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды және Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6164 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысы мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларына:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін есептеуді (бұдан әрі – зиян мөлшерін есептеу) сақтандырушы немесе бағалаушы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш негізінде лицензияланған мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды (бұдан әрі-МБҚ) қолдана отырып жүзеге асырады.

Зақымдалған көлік құралын қарап-тексеру Қағидаларға 2-қосымшада көзделген, қарап-тексеру нәтижелері бойынша айқындалуы мүмкін ықтимал жасырын ақаулар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді қамтитын қарап-тексеру актісін жасау жолымен ресімделеді.

Көлік құралына қосымша тексеру жүргізу, оның ішінде, қосымша жасырын ақаулар болған жағдайда, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш негізінде де жүзеге асырылады. Бұл ретте бүлінген көлік құралын қарап-тексеруді сақтандырушы жүзеге асырады және Қағидаларға 2-қосымшада көзделген мәліметтерді қамтитын қарап-тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді. Жасырын ақаулар болған кезде зиян мөлшерінің есебін түзету зиян мөлшері туралы есепке толықтыру түрінде ресімделеді.

Көлік құралына зиян келтірілген зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі ол немесе сақтанушы (сақтандырылушы) Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш берген күннен бастап зақымданған мүлікті ол көлік оқиғасынан кейін болған жағдайда сақтайды және сақтандырушыға зиянның мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.

  1. Сақтандырушының қарап тексеру және қарап тексеру актісін жасау, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау мерзімдері Заңның 22-бабының 3-тармағымен реттеледі.

Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін есептеу рәсімі аяқталғаннан кейін сақтандырушы зиянның мөлшері туралы есепті зардап шегушіге (пайда алушыға) немесе олардың өкілдеріне танысу үшін ұсынады.

Зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі зиянның мөлшері туралы есепті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алған есепте зиянның мөлшеріне жүргізілген есептің нәтижелерімен келісетіні не келіспейтіні туралы белгіні, келіспеу себептерін көрсете отырып, көрсетеді.

Сақтандырушы зиян мөлшерінің жүргізілген есебінің нәтижелерімен келіспеу туралы белгі алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде зиян мөлшері туралы есепке толықтыру түрінде есепті түзетуді ұсынады не түсіндірмелері бар зиян мөлшері туралы есептің дұрыстығы туралы жазбаша жауап жібереді.

Зиянның мөлшері туралы есепті сақтандырушы жасайды және МБҚ-да қалыптастырылатын көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау калькуляциясын қамтиды. Зиян мөлшері туралы есепті ресімдеу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандырушы зардап шеккен көлік құралын тексерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде зардап шегушіге (пайда алушыға) немесе олардың өкіліне зиян мөлшері туралы есеп бермеген жағдайда, зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі Заңның 22-бабының 3-1-тармағына сәйкес анықталған мөлшерде сақтандыру төлемін алады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген сақтандырушының қарап тексеру және қарап тексеру актісін жасау, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін, айқындау мерзімдері Заңның 22-2-бабына сәйкес көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу кезінде қолданылмайды.»

мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

«4-1.  Сақтандырушы, жәбірленушіні немесе оның өкілін өзі тартқан бағалаушыға зиянның мөлшерін айқындау үшін жіберген кезде, таңдауға кемінде екі бағалаушыны ұсынады.»

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10.  Сақтандырушы көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің калькуляциясын жасау кезінде бөлшекті ауыстыру қажет болған жағдайда тозуды есепке алмай, жаңа бөлшектің нарықтық құнын  келесі жағдайларда қолданады:

1) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде көлік құралының иелері жеке тұлғалар бойынша:

көлік құралы міндетті техникалық тексеруге жатпайды;

көлік құралының орташа жылдық жүрісі 20 мың километрден аспайды;

көлік құралының ауыстырылатын бөлігі бұрын бүлінбеген және жөндеуден өтпеген;

2) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде көлік құралының иелері заңды тұлғалар бойынша:

көлік құралы кепілдік қызметінде;

көлік құралының орташа жылдық жүрісі 30 мың километрден аспайды;

көлік құралының ауыстырылатын бөлігі бұрын бүлінбеген және жөндеуден өтпеген.

Бұл жағдайда пайда алушы ауыстырылатын бөлшекті сақтандырушының талабы бойынша сақтандырушының меншігіне береді.»;

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

«11. Сақтандыру омбудсманы, сақтандырушылар көлік құралына келтірілген зиянның құнын айқындау кезінде өзінің интернет-ресурсында амортизациялық тозуды есептеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;

3-қосымша Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқор қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17825 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 259 қаулысына мына өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқор қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру қағидаларына:

қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17806 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер:

1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі және банктік деректемелері;

2) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті), заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін);

3) сақтанушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті), орналасқан жері және нақты мекенжайы, банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін);

4)  сақтанушының атынан сақтандыру шартын жасасуға құқығы бар заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес), заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері;

4) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резидент- жеке тұлғасы болып табылса) немесе сақтандыру агентінің атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы, телефон нөмірі және бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резидент- заңды тұлғасы болып табылса);

5) сақтандыру нысанын көрсету;

6) сақтандыру жағдайын көрсету;

7) сақтандыру сомасының мөлшері, валюта түрі, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімі;

8) сақтандыру сыйлықақысының (егер төлем бөліп төленсе, сақтандыру жарнасының) мөлшері, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және жеңілдікті (бар болса) ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының сомасы, сақтандырушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және жеңілдігі (бар болса) ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының сомасы, валюта түрі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері;

9) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы туралы көрсету;

10) сақтандыру полисін жасасу күні және оның қолданыс мерзімі;

11) егер сақтандыру полисінде сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетілген жағдайда, ол сақтандыру полисі бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушының (пайда алушының) сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;

12) сақтандыру полисінің нөмірі (сақтандыру полисін қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімдеген жағдайда) немесе дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым берген сақтандыру полисінің бірегей нөмірі (сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеген кезде);

13) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы сақтанушыны немесе сақтандырылушыны хабардар ету мерзімдері;

14) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);

15) сақтандыру полисінің қолданылатын аумағын көрсету;

16) сақтандырушының қолы (сақтандыру полисі қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделген жағдайда);

17) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес мәліметтер қамтылады.

Экономика секторының коды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес көрсетіледі.

Экономикалық қызмет түрі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына 38-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін жасасқанын растау үшін сақтандырушы сақтанушыға сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың болуы туралы растайтын сақтандыру сертификатын электрондық нысанда ресімдейді.

Сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру сертификаты қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделеді.

Сақтандыру сертификатында Талаптардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 11), 12), 13), 16) және 17) тармақшаларында және 5-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сақтандырылушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі іс-қимылының тәртібі мен сақтандыру бағдарламасы қамтылады.

Сақтандыру объектісін, сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін (сақтандыру сомасын) және өтелуі тиісті шығыстардың түрлерін, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипатын, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ Туристі міндетті сақтандыру туралы заңда белгіленген сақтандырудың өзге талаптарын көрсету сақтандыру сертификатына қоса беріледі.

Туристі міндеттті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификаты халықаралық шарттарда, сақтандырылушының уақытша болатын елдің (орнының) заңнамасында көзделген талаптарды ескере отырып толтырылады.»;

мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі Талаптардың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, сақтанушының (сақтандырылған тұлғалардың) (екі жылдан астам, екі жылдан аз) жүргізу өтілі және көлік құралының (көлік құралдарының) шығарылған күні туралы ақпаратты қамтиды;».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін сақтандыру мәселелері

бойынша Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілер

Тізіміне 1-қосымша

 

Көлік құралына келтірілген

зиянның мөлшерін

айқындау қағидаларына

3-қосымша

 

Көлік құралына келтірілген зиян мөлшері туралы есепті ресімдеу

  1. Көлік құралына келтірілген зиян мөлшері туралы есеп мына мәліметтерді қамтиды:

 

1) титул парағында:

 

есеп нөмірі;

 

жасалған күні;

 

көлік құралының маркасын, моделін және мемлекеттік тіркеу нөмірін көрсету;

 

объектіні қарап-тексеру күні;

 

өтініш берушінің (пайда алушының) толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты(бар болса);

 

зиянның мөлшерін анықтайтын сақтандырушы туралы мәліметтер: толық атауы, БСН, банктік деректемелері, заңды мекенжайы;

 

тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, мөрмен (бар болса) және есепті бекітетін адамның қор қоюымен расталады;

 

жалпы ақпарат және объектінің сипаттамасы;

 

2) есептеу бөлігі:

 

амортизациялық тозуды есептеу;

 

3) тозуды* ескере отырып, ауыстырылатын бөлшектердің құнын көрсету (тозу болған жағдайда), қалпына келтіру жұмыстарының көлемі мен құнын көрсету, материалдардың құнын көрсету, қалпына келтіру үшін жөндеудің қорытынды құнын көрсету;

 

4) есепке қосымшалар мыналарды қамтиды:

 

МБҚ-да жасалған калькуляцияны;

 

объектінің суретін;

 

калькуляция жасау үшін бастапқы деректер: есеп жүргізуге арналған өтініш, қарап-тексеру актісі, олардың негізінде есеп жасалған өзге де құжаттар.

 

  1. Құнның жиынтық шамасы Қазақстан Республикасының валютасында (теңгемен) көрсетіледі және жақшаның ішінде соманың жазбаша талдамасы бар, теңгеге дейін дөңгелектенген цифр түрінде көрсетіледі.

 

  1. Зиян мөлшері туралы есепте белгілер көзделеді:

1)      зиян мөлшерін есептеудің жүргізілген нәтижелерімен келісу не келіспеу туралы;

2)      сақтандырушының Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындауы кезінде шағымдар мен шағымдардың болмауы туралы.

 

  1. Зиянның мөлшері туралы есепті сақтандыру ұйымының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекітеді.

 

  1. Есеп қандай да бір өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейтін форматта, қағаз немесе электронды түрде жасалады және пайда алушыға ұсынылады.

 

*- тозу Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайда қолданылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін сақтандыру мәселелері

бойынша Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілер

Тізіміне 2-қосымша

 

Сақтандыру ұйымдары,

Қазақстан Республикасының

бейрезиденттер-сақтандыру

(қайта сақтандыру)

ұйымдарының филиалдары,

сақтандыру омбудсманы,

дерекқор қалыптастыру және

жүргізу жөніндегі ұйым

таратылған жағдайда,

қызметі мәжбүрлеп

тоқтатылатын сақтандыру

ұйымының, сақтандыру

брокерінің,

Қазақстан Республикасының

бейрезидент-сақтандыру

(қайта сақтандыру)

ұйымы филиалының,

Қазақстан Республикасының

бейрезидент-сақтандыру брокері

филаиалының, сақтанушыларға

(сақтандырылушыларға, пайда

алушыларға) сақтандыру

төлемдерін жүзеге асыруға

кепілдік беретін ұйымның

интернет-ресурсында ақпарат

орналастыру қағидаларына

қосымша

 

Сақтандыру нарығының қатысушылары интернет-ресурста орналастыратын ақпараттың тізбесі

     

№

Ақпарат атауы

Ақпарат орналастыру (жаңарту) кезеңділігі

Ақпарат орналастыру мерзімі

Ақпарат мазмұны

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеуді талап ететін құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, олардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (болған кезде) толық атауы, орналасқан жері, қаланың (облыстың, ауданның) кодтарын көрсете отырып, байланыс телефондарының, факстарының (болған кезде) нөмірлері, жұмыс режимі

2.

Акционерлер туралы мәліметтер

Акционерлер құрамының өзгеруіне қарай

Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер туралы мәліметтер:
жеке тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
заңды тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері

3.

Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруіне қарай

Олар басқа қызметке тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы және басқа қызметке тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күні

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және (немесе) сақтандыру ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін (болған кезде) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар (*pdf форматтағы құжаттар)

5.

Лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер

Лицензияны алуға (қайта ресімдеуге) қарай

Лицензия берілген (қайта ресімделген) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы (*pdf форматтағы құжат)

6.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру өнімдерінің және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жүзеге асыратын қызметтің рұқсат етілген қосымша түрлерінің тізбесі

7.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық қаржылық есептілік

Жыл сайын

Бірмезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған, жылдық қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

8.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Еншілес ұйым (ұйымдар) болған кезде аудиторлық ұйым растаған, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

9.

Алдыңғы есептік 3 (үш) жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау қамтылатын есеп (*pdf форматындағы құжат)

10.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған, бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

11.

Сақтандыру ұйымына рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер (берген жағдайда)

Рейтингтің берілуіне, жаңартылуына қарай

Рейтингтік агенттік рейтинг беру туралы рейтингтік агенттіктің сайтында жариялаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Рейтингтік агенттіктердің толық атауы, берілген рейтингтер және рейтинг берілген күні не рейтингтік агенттік мониторингінің қорытындысы бойынша рейтингті қайта қарау күні

12.

Құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдары туралы мәліметтер (сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін)

Сақтандыру пулының құрылуына, өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының бірлескен қызметі туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Мыналар: сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарттың нөмірі және жасалған күні, қолданыс мерзімі; сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың толық атауы; сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің толық атауы; сақтандыру сыныптарын (түрлерін) және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі қамтылған мәліметтер

13.

Олар бойынша олардың алдыңғы редакцияларын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды көру мүмкіндігімен сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін, ерікті нысандағы сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидалары

Жаңартылуына қарай

Бекітілген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде

Нөмірін және бекіту күнін көрсете отырып, сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекіткен белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыру қағидалары және олардың алдыңғы редакциялары (*pdf форматтағы құжаттар)

14.

Сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшері туралы ақпарат

Әзірленуіне (жаңартылуына) қарай

Қаржы өнімін бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа сәйкес сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшері туралы ақпарат

15.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бекіткен сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы мөлшері туралы ақпарат

Жаңартылуына қарай

Бекітілген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қызметін жүзеге асыратын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшері

16

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін қалпына келтіру жөндеуінің құнын айқындау кезінде амортизациялық тозу мөлшерін айқындауға мүмкіндік беретін Веб-бет

Жаңартылуына қарай

Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 13460 болып тіркелген "Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

Көлік құралдарына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау кезінде тозу мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін Веб-бет

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеу талап етілетін құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, оның филиалдары мен өкілдіктерінің (болған кезде) толық атауы, орналасқан жері, қаланың (облыстың, ауданның) кодын көрсете отырып байланыс телефондарының (факстарының (болған кезде) нөмірлері

2.

Акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер

Акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеруіне қарай

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзінді-көшірме немесе серіктестікке қатысушылардың тізілімімен үзінді-көшірме алған күннен бастап не заңды тұлға мемлекеттік тіркелген және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеу талап етілетін құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне не жарғысына немесе серіктестікке қатысушылардың тізіліміне сәйкес акционер (қатысушылар) туралы мәліметтер:
жеке тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
заңды тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері

3.

Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруіне қарай

Олар басқа қызметке тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы және басқа қызметке тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күні

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру брокерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және (немесе) сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін (болған кезде) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар (*pdf форматтағы құжаттар)

5.

Лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер

Лицензия алуға (қайта ресімдеуге) қарай

Лицензия берілген (қайта ресімделген) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы (*pdf форматтағы құжат)

6.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Брокерлік қызметтің түрлері:
өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлері

7.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық қаржылық есептілік

Жыл сайын

Бірмезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

8.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Еншілес ұйым (ұйымдар) болған кезде аудиторлық ұйым растаған жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

9.

Алдыңғы есептік 3 (үш) жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау қамтылатын есеп (*pdf форматтағы құжат)

10.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

11.

Шарттың нөмірі мен жасалған күнін, сақтандырушының атауын, сақтандыру объектісін және шартты жасасу нысанасы болып табылатын тәуекелдер тізбесін, оның қолданылу кезеңін және шарт бойынша сақтандыру сомасын қоса алғанда, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты туралы мәліметтер

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасауға, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қарай

Шартқа қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Мыналар:
сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нөмірі және жасалған күні;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының толық атауы;
сақтандыру объектісі және тәуекелдер тізбесі;
сақтандыру брокерімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалымен сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты тәуекелдерге қатысты сақтандыру сомасы;
сақтандыру шартының қолданылу мерзімі қамтылған мәліметтер

Сақтандыру ұйымдары таратылғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында орналастыратын ақпарат

1.

Толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның толық атауы, орналасқан жері, қаланың коды көрсетілген байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері (болған кезде), жұмыс режимі

2.

Акционерлер туралы мәліметтер

Акционерлер құрамының өзгеруіне қарай

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шотынан үзінді-көшірмені алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер туралы мәліметтер (заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) бағалы қағаздар санына пайызбен арақатынасы көрсетілген оның толық атауы және тұрған жері)

3.

Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруіне қарай

Олар басқа лауазымға тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы және басқа лауазымға тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күні

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (*pdf форматтағы құжат)

5.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің және (немесе) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің өзге түрлерінің тізбесі

6.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілік

Жыл сайын

Бірмезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар);

7.

Алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау қамтылатын есеп (*pdf форматтағы құжат)

8.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде)

Кіруіне қарай

Бірлестікке кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

9.

Қатысушы - сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шартына қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Мыналар:
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шартының негізінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының толық атауы;
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шартын жасасу күні және нөмірі қамтылған мәліметтер

Сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Сақтандыру омбудсманы офисінің, оның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеуді талап ететін құрылтайшылық құжаттарға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру омбудсманының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрған жері, қаланың (облыстың, ауданның) коды көрсетілген байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері (болған кезде), сақтандыру омбудсманы офисінің, оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (болған кезде) жұмыс режимі

2.

Сақтандыру омбудсманын сайлау туралы мәліметтер

Сайлануына (қайта сайлануына, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуына) қарай

Сайланған (қайта сайланған, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Уәкілетті органның сақтандыру омбудсманын сайлау (қайта сайлау, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату) туралы шешім қабылдау күні және сақтандыру омбудсманы өкілеттігінің мерзімі

3.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының тізбесі

Өкілдер кеңесі құрамының өзгеруіне қарай

Өкілдер кеңесінің құрамы құрылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының толық атауы

4.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Сайланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары арасында; сақтандыру шарттары бойынша
сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары арасында туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі қызмет туралы мәліметтер

5.

Сақтандыру омбудсманының қызметін, оның ішінде дауларды шешу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдерін регламенттейтін ішкі қағидалар, сондай-ақ сақтандыру нарығына қатысушылармен жасалған меморандумдар

Жаңартылуына қарай

Бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру омбудсманының қызметін регламенттейтін ішкі қағидалар және сақтандыру нарығына қатысушылармен жасалған меморандумдар (*pdf форматтағы құжаттар)

6.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

7.

Алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру омбудсманының қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау қамтылатын есеп (*pdf форматтағы құжат)

8.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін қалпына келтіру жөндеуінің құнын айқындау кезінде амортизациялық тозу мөлшерін айқындауға мүмкіндік беретін Веб-бет

Жаңартылуына қарай

Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 13460 болып тіркелген "Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

Көлік құралдарына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау кезінде тозу мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін Веб-бет

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналасатын ақпарат

1.

Толық атауы, мекенжайы, (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның толық атауы, орналасқан жері, қаланың коды көрсетілген байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері (болған кезде), жұмыс режимі

2.

Акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер

Акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеруіне қарай

Акті шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер (заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздар (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасы көрсетілген, оның толық атауы мен орналасқан жері)

3.

Басшылар туралы мәліметтер

Басшылар құрамының өзгеруіне қарай

Тағайындалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымының атауы, директорлар кеңесінің басшы лауазымына тағайындау туралы шешім шығарған күні және оның нөмірі

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (*pdf форматтағы құжат)

5.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Мыналар:
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет;
Сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі қызмет;
Сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасау үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі қамтылған мәліметтер

6.

Алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде)

Жыл сайын

Бірмезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау қамтылатын есеп (*pdf форматтағы құжат)

7.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

 

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
20 июня 2023