БАНК СЕКТОРЫН ҚАДАҒАЛАУ САЯСАТЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) банк секторына қатысты қадағалау саясатының негізгі басымдықтарын айқындау қадағалау процесінің тиімділігін қамтамасыз етуге және қаржы реттеушісінің іс-әрекеттерінің ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға арналған.

2023 жылы Агенттік реттеушінің банктік қадағалау саласындағы саясатын жариялау практикасын жалғастырды.

Ағымдағы жылы Агенттіктің қадағалау ресурстары мынадай негізгі бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:

- SREP әдіснамасы шеңберінде банктерге жыл сайынғы қадағалап бағалауын жүргізу, оның ішінде банктердің 2022 жылы ICAAP/ILAAP ішкі процестерін сақтау және ішкі (экономикалық) капитал әдіснамасы мен есебін әзірлеу бойынша заңнамаға енгізілген талаптарды орындауын талдау;

- тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеудің кезекті процестерін жүргізу;

- шоғырландырылған деңгейде реттеуді күшейту.

Қадағалау процесінде тәуекелге бағдарланған тәсіл шеңберінде бір мезгілде заңнамада айқындалған салаларда, оның ішінде 2022 жылы олардың кеңеюін ескере отырып, уәжді пайымдауды қолдану жөніндегі қаржы реттеушісінің мандатын пайдалану жалғастырылатын болады.

Заңнамалық бастамалар ретінде 2023 жылы Агенттік қадағалап стресс-тестілеу бағалауын және тұрақты AQR нәтижелерін ескере отырып, банктердің капиталына жеке қадағалау үстемесін енгізу жөніндегі нормативтік базаны әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлайды, сондай-ақ банктің төлем қабілетін қалпына келтіру жоспарының (Recovery Plans) мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың жобасын банк қоғамдастығының қарауына ұсынатын болады. Стрестік активтердің белсенді нарығын құру және оларды экономикалық айналымға тарту мақсатында стрестік активтерді сатып алу-сатуға арналған цифрлық платформаларға қойылатын бірыңғай талаптар белгілеу, қаржы ұйымдарының стратегиялары мен бизнес-модельдеріне ESG қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ банк қызметтері нарығында бәсекелестікті кеңейту үшін банктер үшін лицензиялық талаптарды оңтайландыру көзделеді.

Осы құжатта көрсетілген негізгі қадағалау басымдықтары қадағалау процесін жүйелеуге және қадағалау саясатында тәуекелге бағдарланған тәсілді толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді.

Основные надзорные приоритеты, указанные в настоящем документе, позволяют систематизировать надзорный процесс и полноценно использовать риск-ориентированный подход в надзорной политике.

БАНК СЕКТОРЫН ҚАДАҒАЛАУ САЯСАТЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
Дата публикации
30 марта 2023