Қаржы секторының ESG стандарттарына жүйелік деңгейде көшуін ынталандыру және «жасыл» қаржыландыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында ESG қағидаттарына жауап беретін орнықты қаржыландыру құралдарын дамыту үшін қажетті әдіснамалық орта құру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 наурыздағы № 187 бұйрығымен ESG қағидаттарын Қазақстанның қаржы нарығын реттеуге енгізу жөніндегі жол картасы бекітілді.