Банктер мен басқа қаржы ұйымдары үшін ESG ақпаратын жария ету бойынша ұсынымдар жобасының презентациясы & ESG стандарттары бойынша әлеуетті арттыру бойынша оқыту семинары

Банктер мен басқа қаржы ұйымдары үшін ESG ақпаратын жария ету бойынша ұсынымдар жобасының презентациясы & ESG стандарттары бойынша әлеуетті арттыру бойынша оқыту семинары

(Presentation of Environmental, social and corporate governance (ESG) disclosure guidance for banks and other financial organizations & Сapacity building activity about ESG standards)

2023 жылғы 31 қаңтар

Дәріскер: Ralitza Germanova, Officer Lead Sustainability and Climate Disclosure Program IFC.

Аудитория: қаржы ұйымдары және стейкхолдерлер.

Оқыту семинары ESG өлшемшарттарын және компанияның орнықтылығына әсер ететін факторларды жария етуге байланысты негізгі мәселелерді қамтиды. Дәріскер ESG мәселелерін бизнес мәселелері тұрғысынан қарастырды, себебі олар компанияның операциялық және қаржылық көрсеткіштеріне әсер етеді.

ESG өлшемшарттары бойынша ақпаратты жария етудің компания үшін ішкі (ресурстық және энергия тиімділігі, стратегиялық орнықтылық есебінен қаражатты үнемдеу, тәуекелдерді басқару процестерінің сенімділігін арттыру және т.б.) және сыртқы (капиталға қол жеткізуді жеңілдету, инвесторлармен өзара іс-қимылды жақсарту, клиенттердің, қызметкерлер мен стейкхолдерлердің беделін арттыру және бәсекеге қабілеттілікті нығайту) артықшылықтары бар екендігі туралы хабардар етілді).

Әлемдегі компаниялардың есептілігінде ESG ақпаратын жария етудің жаһандық көрінісі, сондай-ақ ESG ақпаратын жария ету бөлігінде IFC-дің қолданылған тәсілі және т.б. берілген.

 

ESG ақпаратты жария ету жөніндегі ұсынымдар жобасының презентациясы

(ESG Disclosure Guidance for banks and other financial organizations, Оnline Meeting with Banks and Other Financial Organizations).

2023 жылғы 31 қаңтар

Дәріскер: Jerome Lavigne-Delville, Senior ESG Disclosure Specialist, IFC.

Аудитория: қаржы ұйымдары және стейкхолдерлер.

Осы презентацияның шеңберінде ESG ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқаулықтың негізгі мақсаттары, ақпаратты жария етуде қолданылған халықаралық стандарттар (TCFD, EBA, SASB), жалпы KPI ESG тізімі және т.б. қамтылды. Дәріскер ақпаратты жария етудің құрылымымен  байланысты мәселелерді (не жария етіледі), атап айтқанда, орнықты дамуға арналған маңыздылық тұжырымдамасы мен қаржылық қызметтер секторындағы ESG-нің елеулі мәселелері жан-жақты баяндады.

Тыңдаушылар ESG факторларын басқарудың орнықты дамуды басқару, стратегия, тәуекелдерді басқару және өнімділіктің көрсеткіштері мен мақсаттар сияқты құрамдас бөліктерді жария ету арқылы жүзеге асырылатынына басым көңіл бөлді. Бұл ретте «корпоративтік басқару» бөлімінде ESG-ге бейімділік өлшемшарттары, бақылау ортасы, акционерлердің құқықтары, стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жария етіледі.

Тыңдаушылар есептіліктегі ESG ақпараттың көлемі, сапасы мен жария ету форматы/жиілігі (қалай жария ету керек) туралы ақпарат алды.

 

 

Дата публикации
02 марта 2023