Қысқаша сипаттама
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жұмысының негізгі басымдықтары банк секторының ашықтығы мен сенімділігін арттыру, қадағалау процесінің кешенді моделін құру арқылы банктердің қаржылық орнықтылығын бағалау болып табылады.
Ол үшін Агенттік SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) әдіснамасы бойынша қадағалау процесін одан әрі жетілдіруде және активтердің сапасын бағалау (AQR) және қадағалау стресс-тестілеу негізіндегі басым бақылау құралдарын әзірлеуде.
2020 жылы Агенттік пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алғаш рет коронавирус пандемиясының таралуына байланысты дағдарыс әсерінің тереңдігін бағалау мақсатында екінші деңгейдегі банктерді стресс-тестілеуді және олардың орнықтылығына жан-жақты талдау жүргізді. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері банктердің ішкі процестеріндегі тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік берді және тұрақты негізде қадағалап стресс-тестілеуді іске асырудың қажет екенін растады.
Қадағалау процесіне стресс-тестілеу құралдарын енгізу экономиканы дамытудың жағымсыз сценарийлерін ескере отырып, банктер капиталының жеткіліктілігін жыл сайынғы негізде бағалауға мүмкіндік береді.
2021 жылғы қазан – 2022 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде Агенттік шектеулі банктердің қатысуымен пилоттық режимде қадағалап стресс-тестілеу жүргізді, бұл процесті сынақтан өткізуге және нысаналы үлгіні нақтылауға мүмкіндік берді.
Бұл құжат қадағалап стресс-тестілеудің ұғымдары мен мақсаттарын, қатысушылар аясын және қолданылатын тәсілдерді, өзара іс-қимыл жасаудың негізгі процестерін және қадағалап стресс-тестілеудің басқа да негізгі аспектілерін ашады. Бұдан басқа, осы құжаттың бөлімдерінде қадағалап стресс-тестілеуге арналған нысаналы үлгінің сипаттамасы сипатталады.