Халықаралық валюта қорымен (бұдан әрі – ХВҚ) ынтымақтастық шеңберінде банк секторын (орындалды), бағалы қағаздар нарығын (істеліп жатыр), сақтандыру секторын (күтілуде) тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізу бойынша, сондай-ақ киберқауіпсіздік бөлігінде (істеліп жатыр) техникалық көмек тартылды. Техникалық көмектің әр сатысының қорытындысы бойынша ХВҚ ұсынымдармен бірге есеп береді, оларды одан әрі орындау Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен бекітілген.