Ең көп таралған киберқауіптер туралы:
№1 қауіп. Фишинг (электрондық поштамен жалған хабарламалар):
● Хаттардағы сайттарға жасалған сілтемелерге өтпес бұрын оларды мұқият тексеріңіз.
● Жіберуші атауының сенімді көрінуі шынайы екендігіне кепілдік бермейді. Серіктестің поштасын бұзуы немесе жіберушінің деректерін ауыстыруы мүмкін.
● Егер поштамен келген хабар қатты реакцияңызды тудырса, онда әрекет ете бастамас бұрын, біраз күтіңіз және ойланыңыз.
● Қаскүнемдер жалған хаттарды қалыптастыру кезінде жиі қолданатын тактика: қорқыту (сізге кредит ресімделген), қызықтыру (тегін бонустар алыңыз), көмекке шақыру (досыңыз қиыншылыққа тап болды), мемлекеттік органнан сұрату.
● Егер хабар таныс адамнан немесе ұйымнан келген сияқты болып көрінсе – әрекет ете бастамас бұрын, тексеру мақсатында оларға телефон арқылы қоңырау шалыңыз. Егер бұл банктен алынған хабар болса, онда банк картасының артқы жағындағы телефон нөмірін пайдаланыңыз.
● Егер хатта грамматикалық қателер болса, абай болыңыз.
● Қаскүнемдер хаттарында көбінесе жалпылама сәлемдеседі.
● Сізден кез келген сылтаумен дербес деректеріңізді сұратуы мүмкін.
● Атаулары өте ұзын қоса берілген файлдар да жалған хаттың белгілерінің бірі болып табылады.
№2 қауіп. Зиянды бағдарламалар:
● Тексерілмеген ақпарат көздерінен келіп түскен хаттарды немесе
Интернет желісінен жүктелген файлдарды ашпаңыз және іске қоспаңыз.
● Вирусқа қарсы жаңартылған өнімді іске қоспас бұрын файлдарды
міндетті түрде тексеріп алыңыз.
● Есіңізде болсын, вирустар жеке файлдар түрінде де таралуы мүмкін және рұқсат етілген файлдардың түрлі форматында (кеңсе құжаттары, мұрағаттар, бейнелер, суреттер) да болуы мүмкін.
● Кездейсоқ табылған ақпарат тасымалдағыштарды (флешкалар) үй және жұмыс компьютерлеріне қоспаңыз. Вирус жұқтырған сыртқы тасымалдағыш арқылы шабуыл жасау – қаскүнемдердің жиі қолданатын тәсілдерінің бірі.
● Бағдармаларды тек ресми көздерден жүктеуге тырысыңыз. Бағдарламалық қамтылымның бұзылған және қарақшылық нұсқаларын көбіне қаскүнемдер жасайтынын ұмытпаңыз және оларды орнатқан кезде сізді «тосынсыйлар» күтеді.
● Пайдаланатын бағдарламалық қамтылымды үнемі жаңарып отыратындай теңшеңіз – вирустар көбіне жаңартылмаған бағдарламалардың осал жерлерін пайдаланады.