Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 Қаулысы
(2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1) мынадай пруденциялық нормативтер:
мәні күн сайын - кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;
мәні күн сайын:
2018 жылғы 1 шілдеден бастап - кемінде 1,2;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,3;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,4;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,5 болатын өтімділік коэффициенті;
2) пруденциялық нормативтердің мәндерін сақтауды сипаттайтын мынадай көрсеткiштер:
өтімді активтер;
баланс бойынша міндеттемелер;
меншікті капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
Н. Айдапкелов
2018 жылғы 22 мамыр
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысымен
бекітілді
Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға
тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібі
К = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы:
ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын, есептеу күніндегі өтімді активтері;
М - есептеу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;
МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының ең төмен мөлшері.
Өк = ӨА/М, мұндағы:
ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын, есептеу күніндегі өтімді активтері;
М - есептеу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер.
басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-ке тең болады;
басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-ке тең + (БҚА - 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0014 болады, мұндағы БҚА басқаруға қабылданған активтер болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.10.09. № 151 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Азиялық даму банкі (Asian Development Bank);
Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);
Африкалық даму банкі (African Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);
Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);
Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);
Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);
Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.10.09. № 151 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Қағидалардың мақсаты үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есптік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:
САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);
DAX (Deutscher Aktienindex);
DJIA (Dow Jones Industrial Average);
EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index);
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
HSI (Hang Seng Index);
KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index);
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);
MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index);
NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index);
RTSI (Russian Trade System Index);
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);
TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index);
NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index).
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.10.09. № 151 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) инвестициялық портфельді басқарушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда);
Кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген көлемде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтер есебіне енгізіледі;
2) параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар
3-тарау. Пруденциялық нормативтер мәндерінің есебін ұсыну тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.10.09. № 151 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Инвестициялық портфельді
басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдар сақтауға тиiстi
пруденциялық нормативтердің
мәндерін есеп айырысу
қосымша
Нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
«Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі»
Есепті кезең: 20 ___ жылғы «__»________ жағдай бойынша
Индекс: К1-УИП
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынады: инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей
(мың теңгемен)
|
№ |
Көрсеткіштің атауы |
Баланс бойынша сомасы |
Есепке алынатын көлем (пайызбен) |
Есеп айырысу сомасы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Ақша және салымдар - барлығы (1.1 -1.13-жолдар қосындысы), оның ішінде: |
х |
х |
|
|
1.1 |
инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада кассадағы ақша |
100 |
||
|
1.2 |
осы Қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша |
100 |
||
|
1.3 |
осы Қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша |
90 |
||
|
1.4 |
орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша |
100 |
||
|
1.5 |
клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарна, маржа салымдары, ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ақшасы |
100 |
||
|
1.6 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша |
100 |
||
|
1.7 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша |
100 |
||
|
1.8 |
Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша (International Securities Services Association) |
100 |
||
|
1.9 |
Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңы «акциялар» секторының «премиум» санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болатын эмитенттер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар |
100 |
||
|
1.10 |
Мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB+» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері, олардың бас банктері шетел валютасында Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылады. |
100 |
||
|
1.11 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB»-ден «kzBB-»-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар |
90 |
||
|
1.12 |
Standard & Poor's агенттігінің «АА-» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар |
100 |
||
|
1.13 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар |
100 |
||
|
2 |
Борыштық бағалы қағаздар - барлығы (2.1 -2.15-жолдар қосындысы), оның ішінде |
х |
х |
|
|
2.1 |
Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары |
100 |
||
|
2.2 |
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар |
100 |
||
|
2.3 |
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар |
100 |
||
|
2.4 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі», «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар |
100 |
||
|
2.5 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңының «борыштық бағалы қағаздар» секторына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе шетел валютасында номинирленген және «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
90 |
||
|
2.6 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің «Балама» алаңының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
60 |
||
|
2.7 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzA-» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары |
100 |
||
|
2.8 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «B+»-тен «B-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
85 |
||
|
2.9 |
Standard & Poor's агенттігінің «АА-» төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар |
100 |
||
|
2.10 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары |
100 |
||
|
2.11 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары |
90 |
||
|
2.12 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары |
80 |
||
|
2.13 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
100 |
||
|
2.14 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
85 |
||
|
2.15 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
70 |
||
|
3 |
Акциялар және депозитарлық қолхаттар - барлығы (3.1 - 3.7-жолдар қосындысы), оның ішінде: |
х |
х |
|
|
3.1 |
негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
100 |
||
|
3.2 |
қор биржасының ресми тізіміне «Негізгі» алаңының «акциялар» секторы «премиум» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
100 |
||
|
3.3 |
қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңы «акциялар» секторының «стандарт» санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары, немесе шетел валютасында номинирленген, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары, және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
80 |
||
|
3.4 |
қор биржасының ресми тізімінің «Балама» алаңының «акциялар» секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары, және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
60 |
||
|
3.5 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
100 |
||
|
3.6 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
80 |
||
|
3.7 |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
60 |
||
|
4 |
Өзге бағалы қағаздар - барлығы (4.1 - 4.3-жолдар қосындысы), оның ішінде: |
х |
х |
|
|
4.1 |
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары |
70 |
||
|
4.2 |
активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) пайлары |
90 |
||
|
4.3 |
Morningstar рейтингтік агенттігінің «3 жұлдыз» төмен емес рейтингтік бағасы бар, Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары |
80 |
||
|
5 |
Өзге активтер - барлығы (5.1 - 5.4-жолдар қосындысы), оның ішінде: |
х |
х |
|
|
5.1 |
Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер |
100 |
||
|
5.2 |
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада |
100 |
||
|
5.3 |
Бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде қарастырылған бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген) |
100 |
||
|
5.4 |
Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі құрал-жабдықтары |
100 |
||
|
6 |
Өтімді активтердің (ӨА) жиынтығы (1-5-жолдардың қосындысы) |
х |
х |
|
|
7 |
Баланс бойынша міндеттемелер |
х |
х |
|
|
8 |
Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері (МКТМ) |
х |
х |
|
|
9 |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (К) |
х |
х |
|
|
10 |
Өтімділік коэффициенті (Кл) |
х |
х |
|
Атауы _____________________________ _____________________________ |
Мекенжайы _____________________________ _____________________________ |
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы
______________________________________________ ________________
тегi, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер (немесе оның орнындағы адам)
______________________________________________ ________________
тегi, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бірінші басшы (немесе оның орнындағы адам)
______________________________________________ ________________
тегi, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
«Инвестициялық портфельді басқарушының
пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша
«Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(индекс - К1-УИП, кезеңділігі - ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін негізгі құрал-жабдықтардың нарықтық құнын анықтау үшін инвестициялық портфельді басқарушы олардың құнын жылына кемінде бір рет бағалаушы арқылы бағалайды.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысына
қосымша
Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің
тізбесі