«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 705 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 705 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ   келесі редакцияда жазылсын:

«2. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылсын.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 

 

Дата публикации
17 ноября 2021