ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлыққа қол қойды, онда келесі негізгі бағыттар қамтылған.

Осы Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде өтеуді көздейді. Берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауға тиіс. Толығырақ ақпарат 1 сурет  көрсетілген.

Екінші бағыт Қазақстанның бүкіл азаматтарына кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұл сомаларын есептен шығаруды көздейді. Толығырақ ақпарат  2 сүрет көрсетілген.

Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы қысқаша ақпарат
Дата публикации
12 июля 2019