1-бөлім. Миссия және пайым
Қаржы нарығын реттеу және дамыту, қаржы нарығының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүддесін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін қаржы нарығында адал бәсекелестікке қолдау көрсетуге бағытталған тең құқылы жағдайлар жасау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы болып табылады.
Агенттіктің пайымы:
халық пен бизнестің қаржы нарығына және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау саясатына деген жоғары деңгейдегі сенімі,
экономиканың өсуіне қолдау көрсету, жеке бизнесті дамыту және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін активтері мен капиталы бар тұрақты қаржы нарығы.