Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
6-3-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 99 қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Стратегия және талдау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 Төраға                                                                      М. Әбілқасымова

Дата публикации
12 октября 2021