Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері активтерінің сапасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды есеп

Осы есеп Жүйе деңгейіндегі АСБ нәтижелері бойынша 2019 жылғы 30 желтоқсандағы есепті толықтырады және АСБ нәтижелерін және кейінгі қадамдарды барынша толық сипаттайды, атап айтқанда:

  • Тұтастай алғанда банк жүйесі деңгейінде және атап айтқанда жекелеген банктер үшін нәтижелерді барынша толық сипаттайды;
  • Бұл нәтижелердің негізгі факторларын түсіндіреді;
  • Қадағалау органдары мен банктер арасында жүргізілген, өзара іс-қимыл мен талқылауды ескеретін кейінгі қадамдар мен түзету шараларының жоспарларын сипаттайды.

Осы есеп мынадай бес негізгі бөлімнен тұрады:

  • АСБ бағдарламасының жалпы сипаты: жүргізілген жұмыстың ұйымдық құрылымы және әдіснаманың қысқаша сипаты ұсынылды;
  • Жүйе деңгейіндегі нәтижелер: ауқымды жұртшылық үшін Қазақстан банк жүйесі активтерінің сапасына қатысты ашықтықты арттыру мақсатында тұтастай алғанда банк жүйесі деңгейінде ұсынылған, қорытынды нәтижелерге негіз болған АСБ жұмыстарының өзара байланысты блоктарының нәтижелері ұсынылды;
  • Банк деңгейіндегі нәтижелер: жекелеген банктер деңгейінде қорытынды нәтижелерге негіз болған жұмыстардың өзара байланысты блоктарының нәтижелері ұсынылды;
  • Түзету шараларының жоспарлары: АСБ нәтижелерінің кейінгі қызметте қалай ескерілетінін көрсету үшін банктерге арналған түзету шараларының жоспарлары ұсынылды;
  • Кейінгі қадамдар: Қазақстанның банк және оның дағдарысты құбылыстарға қарсы тұру қабілетін жүйесін нығайту мен дамытуға бағытталған жалпы ісқимыл жоспары белгіленді.
Дата публикации
28 февраля 2020