Тоқтатып қою рәсімдері

ФАТФ-тың 6-ұсынымына сәйкес елдер терроризмнің алдын алуға және оны болдырмауға және терроризмді қаржыландыруға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын орындау үшін мақсатты қаржылық санкцияларды қолдану тетіктерін жасауы керек.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары елдерден ақша қаражатын немесе өзге де активтерді кідіріссіз тоқтатуды және жеке немесе заңды тұлғаға ешқандай ақша қаражаты мен өзге де активтердің тікелей немесе жанама берілмеуін қамтамасыз етуді талап етеді.

Қаржы ұйымдары үшін тұмшалау осындай адамдардың қаржы ресурстарына қол жеткізуін шектеу мақсатында белгіленген адамдардың иелігіндегі немесе бақылауындағы кез келген құралдарды немесе өзге де мүлікті аударуға, конверсиялауға, оларға билік етуге немесе олардың орын ауыстыруына тыйым салуды білдіреді.

Ақпараттық хабарламада аталған адамдардың қаражатын мұздату рәсімдері сипатталған.

Тоқтатып қою рәсімдері
Дата публикации
19 февраля 2016