Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидаларын, Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 260 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17837 болып тіркелді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидалары;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы бекітілсін.
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Ұлттық Банк |
Д. Ақышев |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар
1) Қазақстан Республикасының резидент немесе бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын;
2) кемінде 10 жыл ассистантты ұсынатын;
3) интернет-ресурсы, көп арналы телефон нөмірі және (немесе) ассистанс ұсыну, іс-әрекеттерді келісу және Заңның 3-қосымшасына сәйкес туристі міндетті сақтандыру бағдарламаларында көзделген шығыстарды жүзеге асыру мақсатында сақтандырылушыдан немесе оның өкілінен сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарламаны, сақтандыру сертификаты және (немесе) сақтандыру полисі туралы деректер хабарламасын жедел алуға арналған мобильдік қосымшасы бар;
4) мыналар:
сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғалар басталған кезде сақтандырылушылардың іс-әрекеттері және сақтандыру аумағында қажетті қызметтер алу тәртібі туралы ұсынымдар және (немесе) нұсқаулар ұсыну;
болған оқиғалар және оны сақтандыру жағдайы деп тану туралы ақпарат алған кезде сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтерді ұйымдастыру;
сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің құнына ақы төлеуге кепілдік беру, оның ішінде сақтандырушыдан осындай кепілдік сұрату арқылы (медициналық және өзге мекемелерде осындай талаптар болған жағдайда);
сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің сапасы мен көлемін, сондай-ақ оларды көрсету мерзімін бақылау;
сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге ұсынылған шотқа сәйкестігін, сондай-ақ көрсетілген медициналық және өзге де қызметтер құнының оларды көрсету кезеңінде сақтандыру аумағында қолданылатын бағаларға сәйкестігін бақылау;
осы қаулымен бекітілген Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидаларына сәйкес медициналық және өзге мекемеге көрсетілген қызметтердің құнын төлеу арқылы оның ішінде, қазақ және (немесе) орыс және ағылшын тілдерін меңгерген қызметкерлер интернет-ресурс, көп арналы телефон нөмірі және (немесе) жылына 365 (үш жүз алпыс бес) күндік мобильдік қосымша арқылы сақтандырушыларға қызмет көрсететін;
5) сақтандырушылардың өтініштерін есепке алуды жүргізуді, сондай-ақ мыналардан:
ресімделген сақтандыру полистері бойынша сақтандырушыдан;
сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар (телефон сөйлесулері, көріністер, мәтіндік, аудио, бейне хабарлар) туралы сақтандырушылардан немесе оның өкілінен;
сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтер туралы медициналық және өзге де мекемелерден алынған ақпаратты және (немесе) құжаттарды қабылдау және сақтауды қамтамасыз ететін сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттары бар ассистанс компанияны таңдайды.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жасалатын іс-қимылдың (көрсетілген қызметтің) заңдылығы;
2) іс-қимылдың уақтылы жасалуы (қызметтің уақтылы көрсетілуі);
3) іс-қимылдың толық жасалуы (қызметтің толық көрсетілуі);
4) жасалатын іс-қимылдың (көрсетілген қызметтің) ашықтығы;
5) жасалатын іс-қимылды (көрсетілген қызметті) бақылау.
2-тарау. Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1) ассистанс компанияға сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатын онлайн режимде ресімделген соң не күн сайынғы және ай сайынғы негізде сақтандыру полисінің нөмірі мен қолданыс мерзімі, сақтандыру аумағы, сақтандыру сомасы, сақтандырылушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), туған күні және тұрғылықты жері қамтылған ақпаратты береді;
2) ассистанс компаниядан сақтандыру жағдайы, сақтандырылушыға қойылған диагноздар, сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге қызметтер бойынша шығыстар құны туралы ақпаратты алады;
3) ассистанс компаниямен жылына 365 (үш жүз алпыс бес) күн тәулік бойы режимде іс-қимыл жасайды;
4) сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сақтандыру жағдайлары деп тану туралы шешімді қабылдау тәртібін белгілейді;
5) сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге қызметтердің құнын төлеуге кепілдік береді (медициналық және өзге мекемелерде осындай талаптар болған жағдайда);
6) шарт шеңберінде берілген ақпарат пен құжаттарды сақтау мерзімін, сондай-ақ оларды жою бойынша талаптарды айқындайды;
7) ассистанс компанияның сақтандырылушыға ассистансты ұйымдастыру жөніндегі орындалған жұмыстар туралы есеп беру тәртібін және мерзімін айқындайды.
3-тарау. Ассистанс компаниямен келісім бойынша сақтандырылушыға медициналық немесе өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеу тәртібі
1) сақтандырушының сақтандыру төлемін алғаннан кейін;
2) ассистанс компанияның банк шотындағы сақтандыру жағдайларын шұғыл (кезек күттірмейтін) реттеуге арналған сақтандырушының ақшасының есебінен;
3) асистанс компанияның ақшасы есебінен (кейіннен сақтандырушыдан сақтандыру төлемін алу есебінен толық көлемде орны толтырылатын).
Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін ассистанс компания сақтандырғанға медициналық және өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеу тәртібі мен мерзімдеріне байланысты сақтандырушы мен ассистанс компания келісім бойынша белгілейді.
|
|
Қазақстан Республикасының |
Туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы
|
1-бағдарлама |
2-бағдарлама |
3-бағдарлама |
|
Еуропа елдері |
Еуропа елдері |
Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері |
|
Белоруссия (Беларусь Республикасы) |
Австрия (Австрия Республикасы) |
Америка Құрама Штаттары |
|
Босния және Герцеговина |
Албания (Албания Республикасы) |
Антигуа және Барбуда |
|
Молдова (Молдова Республикасы) |
Андорра (Андорра Князьдігі) |
Аргентина (Аргентина Республикасы) |
|
Сербия (Сербия Республикасы) |
Бельгия (Бельгия Корольдігі) |
Багам аралдары (Багам аралдары достастығы) |
|
Ресей (Ресей Федерациясы) |
Болгария (Болгария Республикасы) |
Барбадос |
|
Украина |
Ватикан |
Белиз |
|
Черногория (Черногория Республикасы) |
Венгрия |
Боливия (Боливия көп ұлтты мемлекеті) |
|
Азия елдері |
Германия (Германия Федеративтік Республикасы) |
Бразилия (Бразилия Федеративтік Республикасы) |
|
Абхазия |
Грекия (Грек Республикасы) |
Венесуэла (Венесуэла Боливария Республикасы) |
|
Армения (Армения Республикасы) |
Дания (Дания корольдігі) |
Гаити (Гаити Республикасы) |
|
Ауғанстан (Ауғанстан Ислам Республикасы) |
Ирландия (Ирландия Республикасы) |
Гайана (Гайана Кооперативтік Республикасы) |
|
Әзірбайжан (Әзірбайжан Республикасы) |
Исландия (Исландия Республикасы) |
Гватемала (Гватемала Республикасы) |
|
Бангладеш (Бангладеш Халық Республикасы) |
Испания (Испания Корольдігі) |
Гондурас (Гондурас Республикасы) |
|
Бахрейн (Бахрейн Корольдігі) |
Италия (Италия Республикасы) |
Гренада |
|
Бруней (Бурней-Даруссалам мемлекеті) |
Латвия (Латвия Республикасы) |
Доминика (Доминикан Республикасы) |
|
Бутан (Бутан Республикасы) |
Литва (Литва Республикасы) |
Канада |
|
Біріккен Араб әмірліктері |
Лихтенштейн (Лихтенштейн Князьдығы) |
Колумбия (Колумбия Республикасы) |
|
Грузия |
Люксембург (Люксембург Ұлы Князьдығы) |
Коста-Рика (Коста-Рика Республикасы) |
|
Иордания (Иордан Хашимит Корольдігі) |
Македония (Македония Республикасы) |
Куба (Куба Республикасы) |
|
Иран (Иран Ислам Республикасы) |
Мальта Республикасы |
Мексика (Мексика Құрама Штаттары) |
|
Йемен (Йемен Республикасы) |
Монако (Монако Князьдығы) |
Никарагуа (Никарагуа Республикасы) |
|
Камбоджа (Камбоджа Корольдігі) |
Нидерланд (Нидерланд Корольдігі) |
Панама (Панама Республикасы) |
|
Катар (Катар мемлекеті) |
Норвегия (Норвегия Корольдігі) |
Парагвай (Парагвай Республикасы) |
|
Кувейт (Кувейт мемлекеті) |
Польша |
Перу (Перу Республикасы) |
|
Қырғызстан (Қырғыз Республикасы) |
Португалия (Португалия Республикасы) |
Сальвадор (Эль-Сальвадор Республикасы) |
|
Қытай (Қытай Халық Республикасы) |
Румыния |
Сент-Винсент және Гренадиндер |
|
Ливан (Ливан Республикасы) |
Сан-Марино (Сан-Марино Республикасы) |
Сент-Китс және Невис (Сент-Китс және Невис Федерациясы) |
|
Моңғолия |
Словакия (Словак Республикасы) |
Сент-Люсия |
|
Мьянма (Мьянм Одағы Республикасы) |
Словения (Словения Республикасы) |
Суринам (Суринам Республикасы) |
|
Непал (Непал Федеративтік Демократикалық Республикасы) |
Финляндия (Финляндия Республикасы) |
Тринидад және Тобаго (Тринидад және Тобаго Республикасы) |
|
Оман (Оман Сұлтанаты) |
Франция (Франция Республикасы) |
Уругвай (Уругвай Шығыс Республикасы) |
|
Оңтүстік Осетия (Оңтүстік Осетия Республикасы) |
Чехия (Чех Республикасы) |
Чили (Чили Республикасы) |
|
Өзбекстан (Өзбекстан Республикасы) |
Швейцария (Швейцария Республикасы) |
Эквадор (Эквадор Республикасы) |
|
Пәкістан (Пәкістан Ислам Республикасы) |
Швеция (Швеция Корольдігі) |
Ямайка |
|
Сауд Аравиясы (Сауд Аравиясы Корольдігі) |
Ұлыбритания (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі) |
Австралия және Океания елдері |
|
Сирия (Сирия Араб Республикасы) |
Эстония (Эстония Республикасы) |
Австралия (Австралия одағы) |
|
Таиланд (Таиланд Корольдігі) |
Азия елдері |
Вануату (Вануату Республикасы) |
|
Тәжікстан (Тәжікстан Республикасы) |
Вьетнам (Вьетнам Социалистік Республикасы) |
Жаңа Зеландия |
|
Түркия (Түрік Республикасы) |
Жапония |
Кирибати (Кирибати Республикасы) |
|
Түркіменстан |
Израиль (Израиль мемлекеті) |
Маршал аралдары (Маршал аралдары Республикасы) |
|
Үндістан (Үндістан Республикасы) |
Индонезия (Индонезия Республикасы) |
Микронезия (Микронезия Федеративтік Штаттары) |
|
Филиппин (Филиппин Республикасы) |
Ирак (Ирак Республикасы) |
Науру (Науру Республикасы) |
|
Шри-Ланка (Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы) |
Кипр (Кипр Республикасы) |
Палау (Палау Республикасы) |
|
Шығыс Тимор |
Корея (Корей Халық Демократиялық Республикасы) |
Папуа-Жаңа Гвинея (Папуа-Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті) |
|
|
Корея (Корея Республикасы) |
Самоа (Самоа Тәуелсіз Мемлекеті) |
|
|
Лаос (Лаос Халық Демократиялық Республикасы) |
Соломон аралдары |
|
|
Малайзия |
Тонга (Тонга Корольдігі) |
|
|
Мальдив аралдары (Мальдив Республикасы) |
Тувалу |
|
|
Палестина (Палестина мемлекеті) |
Фиджи (Фиджи аралдары Республикасы) |
|
|
Сингапур (Сингапур Республикасы) |
Африка елдері |
|
|
Африка елдері |
Бенин (Бенин Республикасы) |
|
|
Алжир (Алжир Халық Демократиялық Республикасы) |
Ботсвана (Ботсвана Республикасы) |
|
|
Ангола (Ангола Республикасы) |
Буркина-Фасо |
|
|
Египет (Египет Араб Республикасы) |
Бурунди (Бурунди Республикасы) |
|
|
Ливия (Ливия мемлекеті) |
Габон (Габон Республикасы) |
|
|
|
Гамбия (Гамбия Республикасы) |
|
|
|
Гана (Гана Республикасы) |
|
|
|
Гвинея (Гвинея мемлекеті) |
|
|
|
Гвинея-Бисау (Гвинея-Бисау Республикасы) |
|
|
|
Джибути (Джибути Республикасы) |
|
|
|
Конго (Конго Республикасы) |
|
|
|
Замбия (Замбия Республикасы) |
|
|
|
Зимбабве (Зимбабве Республикасы) |
|
|
|
Кабо-Верде (Кабо-Верде Республикасы) |
|
|
|
Камерун (Камерун Республикасы) |
|
|
|
Кения (Кения Республикасы) |
|
|
|
Комор (Комор аралдары одағы) |
|
|
|
Кот-д Ивуар (Кот-д Ивуар Республикасы) |
|
|
|
Лесото (Лесото Корольдігі) |
|
|
|
Либерия (Либерия Республикасы) |
|
|
|
Маврикий (Маврикий Республикасы) |
|
|
|
Мавритания (Мавритания Ислам Республикасы) |
|
|
|
Мадагаскар (Мадагаскар Республикасы) |
|
|
|
Малави (Малави Республикасы) |
|
|
|
Мали (Мали Республикасы) |
|
|
|
Марокко (Марокко Корольдігі) |
|
|
|
Мозамбик (Мозамбик Республикасы) |
|
|
|
Намибия (Намибия Республикасы) |
|
|
|
Нигер (Нигер Республикасы) |
|
|
|
Нигерия (Нигерия Федеративтік Республикасы) |
|
|
|
Оңтүстік Африка Республикасы |
|
|
|
Оңтүстік Судан (Оңтүстік Судан Республикасы) |
|
|
|
Орталық Африка Республикасы |
|
|
|
Руанда (Руанда Республикасы) |
|
|
|
Сейшелдер (Сейшель аралдары Республикасы) |
|
|
|
Сан-Томе және Принсипи (Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы) |
|
|
|
Свазиленд (Свазиленд Корольдігі) |
|
|
|
Сенегал (Сенегал Республикасы) |
|
|
|
Сомали (Сомали Республикасы) |
|
|
|
Судан (Судан Республикасы) |
|
|
|
Сьерра-Леоне (Сьерра-Леоне Республикасы) |
|
|
|
Танзания (Танзания Біріккен Республикасы) |
|
|
|
Того (Тоголез Республикасы) |
|
|
|
Тунис (Тунис Республикасы) |
|
|
|
Уганда (Уганда Республикасы) |
|
|
|
Чад (Чад Республикасы) |
|
|
|
Экваториалды Гвинея (Экваториалды Гвинея Республикасы) |
|
|
|
Эритрея (Эритрея Мемлекеті) |
|
|
|
Эфиопия (Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы) |
Ескертпе:
Егер турда туристі міндетті сақтандырудың түрлі бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағына жататын бірнеше елге сақтандырылушының баруы көзделсе, онда "Туристі міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы заңына қосымшаға сәйкес Туристі міндетті сақтандыру бағдарламасында көрсетілген сақтандыру сомасы көбірек туристі міндетті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру аумағы таңдап алынады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК