Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 148 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5365 болып енгізілді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 67 (24377) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4667 тіркелген).
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру коры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
|
Төрайым |
Е. Бахмутова |
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы |
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Нұсқаулық "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерін инвестициялауды жүзеге асыруды нақтылайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Қордың активтерін сақтау және оларды ұлғайту;
2) Қор активтерінің өтімділігін жеткілікті деңгейде сақтау;
3) Тәуекелдердің деңгейі темен болғанда Қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі
1) Қор активтеріне және инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі;
2) Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
3) деректердің толықтығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылаудың тәртібі.
Функцияларына Қор активтеріне қатысты шешімдер қабылдау кіретін инвестициялық комитеттің құрамына Қордың директорлар кеңесінің құрамынан, Қор басқармасынан, Қордың басшы қызметкерлерінің қатарынан кемінде үш адам кіреді. Осы комитеттің құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметкер (ол бар болса) кіреді. Инвестициялық комитеттің шешімдері оның отырысына қатысқан қызметкерлердің дауыстарының көпшілігімен қабылданып, жазбаша түрде ресімделеді.
Функцияларына Қор активтеріне қатысты шешімдер қабылдау кіретін инвестициялық комитет мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) тәуекел көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді;
2) жоғары тәуекелді қаржы құралдарына, оның ішінде қаржы құралдары рыногындағы бағалардың қатты ауытқуына байланысты, шамадан артық инвестициялауды болдырмау бойынша шұғыл процедураларды белгілейді.
1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі:
Қор активтері портфелінің жай-күйін талдау;
инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалған қаржы құралдары айналасының шарттарын және кірістілігін талдау;
инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауын талдау;
ұсынымдарды беру үшін маңызды өзге факторларды талдау;
2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркеу тәртібі;
3) инвестициялық комитетке кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;
4) инвестициялық комитеттің инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.
1) ұсыным берілген күні және нөмірі;
2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;
5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары.
1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
2) соның негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
3) жасалуға жататын мәміленің түрі;
4) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралының бірегейлендіргіші;
5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);
6) мәміле жасау мерзімдері;
7) мәміле жасалуы болжамдалған рыноктың (бастапқы немесе қайталама) түрін көрсету;
8) мәміленің жасалуы оның көмегі арқылы болжамдалатын брокердің (осындай болған жағдайда) атауы;
9) мәміленің жасалуы оның активтері есебінен болжамдалатын ұйымның атауы;
10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолдары.
1) оның көмегімен Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасау болжамдалып отырған брокермен (осындай болған жағдайда) әрекеттесу тәртібі;
2) Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;
3) Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасасуға бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
4) ішкі есеп пен құжат айналымын жүргізу тәртібі.
мәміле жасауға тапсырыстарды;
орындалған және орындалмаған мәмілелерді;
банк салымы шарттарын.
Осы аталған журналдармен қатар Қор, қажет болған жағдайда, басқа қосымша есепке алу журналдарын жүргізеді.
1) құпиялы санатына жататын ақпараттың тізбесі;
2) құпия ақпаратты қамтыған құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
3) құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
4) деректердің электронды массивтерінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі.
3-тарау. Қор активтерін инвестициялау тәртібі
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға;
2) мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
банктердің Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Рооr's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ"-ден төмен емес рейтингілік бағасы бар;
банктер Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" санатынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес бас банктердің еншілес резидент - банкі болып табылады;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 01.01.2014 дейін қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ"-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының облигацияларына;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған ақша);
5) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға орналастыруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына Қордың активтерін жиынтық орналастыруы Қор активтерінің сексен пайызынан кем емес болады.
Қор активтерін инвестициялау мөлшері инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалатын инвестициялық стратегияда белгіленеді.
Инвестициялық портфельді басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық портфельді басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдарды (депозиттерді) және Қор активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.
Қордың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға берген кезде Қор айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бір айда бір реттен кем емес, өзінің есепке алу жүйесі деректерінің инвестициялық портфельді басқарушының және Қор активтерінің есебі мен сақталуын жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкес келуіне үш жақты салыстырып тексеру жүргізеді.
Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша мынадай ақпарат:
ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсетіп, бағалы қағаздардың саны (данамен) туралы;
банктердің атауын, салымдар сомасын, банк салымдары шарттарының жасалу күндері мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
теңгемен және шетел валютасында инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы;
қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
қаржы құралдарының ағымдағы құны туралы;
әр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;
көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
инвестициялық шоттардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты;
инвестициялық қызметке қатысты өзге мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісі жасалады.
Салыстырып тексеру актісіне Қордың, инвестициялық портфельді басқарушының және кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қолы қояды және ол осы ұйымдардың мөр таңбасымен расталады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға ("кері репо" операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 01.01.2014 дейін қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің бес пайызынан астам, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
4) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе бір мемлекеттің басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам;
5) Қор активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері - Қор активтерінің он пайызынан астам аспайды.
Қор активтерін облигацияларға жиынтық орналастыруы бір эмиссияның жалпы облигациялары көлемінің жиырма бес пайызынан аспайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Нұсқаулық 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.