Банк секторын қадағалау саясатының 2021 жылға арналған негізгі басымдықтары

Қаржы секторының орнықты  әрі үдемелі дамуының, банк қоғамдастығы мен реттеуші арасында сындарлы диалог құрудың маңызды факторы қаржы реттеушісі әрекеттерінің жүйелі, ашық және болжамды болуы, бірыңғай саясаттың болуы және оның негізгі басымдықтарын түсіну болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қағадалау саясатының банк секторына қатысты 2021 жылы негізгі басымдықтарын айқындау қадағалау процесінің тиімділігін қамтамасыз етуге және қаржы реттеушісінің қызметінде транспаренттілікті арттыруға арналған.

Депозиторлар мен басқа да инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді қадағалау процесінің негізін қалайтын қағидат қадағалап пайымдауды қолдана отырып, тәуекелге бағдарланған тәсілді одан әрі дамыту болып табылады.

Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізгі міндеттері банктердің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ертерек араласу және қадағалау әрекеттерін уақтылы қабылдау және олардың қызметінде тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтап, алдын алу болып табылады.

Бұл ретте тәуекелге бағдарланған тәсіл:

  • банктер қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, көлемі мен күрделілігін есепке алуды;
  • банктердің қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;
  • бақылау мен қадағалаудың жиілігін, тереңдігін және қарқындылығын болжайтын тепе-теңдік қағидатын ескереді.

Қадағалау процесіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл шеңберінде сонымен қатар уәжді пайымдауды заңнамада айқындалған салаларда қолдану жөніндегі қаржы реттеушісінің мандатын (тұлғалардың қаржы нарығына кіруі жөніндегі рұқсат беру құжаттарын беру, құрылған провизиялар (резервтер) барабарлығын бағалау, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды айқындау, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалау) пайдалану жалғастырылатын болады.

Бұдан басқа тәуекелге бағдарланған тәсілге көшуді ескере отырып, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын жаңа талаптар енгізілді, олар енгізілген қадағалау моделінің әдіснамасына SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) сәйкес жасалған.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі щеңберінде банк рәсімдері мазмұнының сапалық сипаттамаларын регламенттеуге қойылатын формальды талаптардан бас тарту, банктің бизнес-моделін тиімді айқындауға, таңдалған бизнес-модельге қарай тәуекел-бейінін және тәуекел-дәрежесін айқындауға қойылатын талаптарды енгізу, капиталы мен өтімділігінің (ICAAP/ILAAP) нысаналы деңгейін айқындау мақсатында банк тәуекелдерін бағалаудың жаңа процестерін енгізу, директорлар кеңесінің рөлін күшейту және тәуелсіз тәуекел-менеджментін қалыптастыру көрсетілген талаптардың тұжырымдамалық жаңалығы болып табылады.   

Осы құжатта көрсетілген негізгі қадағалау басымдықтары қадағалау процесін жүйелеуге және қадағалау саясатында тәуекелге бағдарланған құрамдас бөлікті толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді.

Банк секторын қадағалау саясатының 2021 жылға арналған негізгі басымдықтары
Дата публикации
31 марта 2021