Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау қағидалары «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – қаржы ұйымдары) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін айқындайды.