Алматы қаласы город Алматы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына міндетті сақтандыруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларында:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) басталуы және ол (олар) бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған, Қағидалардың 7, 10, 11, 12, 13 және
14-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда ең төменгі сынып M сыныбы болып табылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған және қаза табуға әкеп соққан және сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сақтандыру жағдайының басталуы Қағидалардың 6, 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбын көтеретін жиырма пайыз коэффициентін қолдана отырып, ең төменгі сынып – М-ге төмендетуге әкеп соғады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайын Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 22-2-бабына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы реттеу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан 1 сыныпқа жоғары сынып беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:
сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары басталған;
егер сақтанушының (сақтандырылушының) сынып алатын сәтінде қолданыстағы сыныбы М немесе 0 болған;
Қағидалардың 14-тармағының ережелері қолданған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:
сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары басталған;
егер сақтанушының (сақтандырылушының) сынып алатын сәтінде қолданыстағы сыныбы М немесе 0 болған;
егер сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы өлімге әкеп соқтырған;
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 22-2-бабына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылған;
Қағидалардың 14-тармағының ережелері қолданған жағдайларда қолданылмайды.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (жағдайлары) болған кезде және сақтанушыда (сақтандырылушыда) Кодекспен немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – Қылмыстық кодекс) бойынша жауапкершілік көзделген, мынадай жол жүрісі қағидаларының бірін бұзу орын алған кезде, сақтанушыға (сақтандырылушыға) жиырма пайыз жоғарылату коэффициентін қолдана отырып, ең төменгі сынып – М сыныбы беріледі:»;
15 тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қағидалардың 7 және 14-тармақтарында көзделген негіздерге бір мезгілде сәйкес келетін сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы орын алған кезде, сақтанушыға (сақтандырылушыға) жиырма пайыз жоғарылату коэффициентін бір рет қолдана отырып, ең төменгі сынып – М сыныбы беріледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы сақтандырушының тәуекелдерді дербес бағалауы арқылы айқындалатын коэффициентті қолданады. Бұл ретте қолданылатын коэффициент Қағидалардың 4, 7, 9 және 14-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) тиісті сыныбы үшін Қағидаларға қосымшада белгіленген коэффициент мәнінің 90 (тоқсан) пайызынан 110 (жүз он) пайызына дейін белгіленеді.
13-сыныпта 5 жылдан астам үздіксіз тұрған сақтанушы (сақтандырылушы) жеке тұлғалар үшін қолданылатын коэффициент 13-сынып үшін Қағидаларға қосымшада белгіленген коэффициент мәнінің 0 (нөл) пайызынан жоғары және 110 (жүз он) пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді, бұл ретте нөлге тең болмауға тиіс.
Осы тармақта көзделген жағдайлар үшін сақтандырушының тәуекелдерін дербес бағалау сақтандырушының директорлар кеңесімен (егер сақтандырушы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органымен) бекітілетін әдістеме негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырушының тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесі сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалау тәртібін, сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына әсер ететін сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалау үшін пайдаланылатын параметрлердің тізбесін, осы тармақта көзделген жағдайда коэффициентті есептеу тәртібін айқындайды.
Тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесі мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) дерекқорда қамтылған сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін сипаттайтын статистикалық деректерге негізделуге;
2) сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына әсер ететін сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалаудың объективті, тексерілетін және статистикалық тұрғыдан негізделген өлшемшарттарын қолдануды көздеуге;
3) сақтандыру тәуекелдерінің ұқсас сипаттамалары бар сақтанушыларға (сақтандырылушыларға) бірыңғай тәсілді қолдануды қамтамасыз етуге.
Осы тармақта көзделген коэффициенттерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде қолдану үшін сақтандырушы осы Қағидаларға сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбын айқындайды. Сақтандырушы тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесі негізінде әрбір сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдеріне автоматтандырылған бағалау жүргізуді, осы тармақта белгіленген шектерде коэффициентті айқындауды және қолданылатын коэффициенттің осы Қағидалар мен тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесінің талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.
Сақтандырушы уәкілетті органның коэффициентті қолданудың негізділігін, сондай-ақ қолданылған коэффициенттің осы Қағидалар мен тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесінің талаптарына сәйкестігін тексеру мүмкіндігін сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалау нәтижелерін және қолданылған коэффициенттің есебін құжатпен растау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақта көзделген сақтандырушы қолданатын коэффициенттерді сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша дерекқорға енгізеді.»;
қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы «__» «_________» № ___ қаулысына 1-қосымша |
|
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу және коэффициентті қолдану қағидаларына қосымша |
Міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде тиісті сыныпты
бере отырып, «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер:
|
Сынып |
Коэффициент мөлшері |
Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуын есепке ала отырып, міндетті сақтандыру шартын жасау кезіндегі сынып |
||||
|
сақтандыру жағдайы 0 |
сақтандыру жағдайы 1 |
сақтандыру жағдайы 2 |
сақтандыру жағдайы 3 |
сақтандыру жағдайы 4 және одан көп |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
М сыныбы |
2,45 |
0 |
М |
М |
М |
М |
|
0 сыныбы |
2,30 |
1 |
М |
М |
М |
М |
|
1 сыныбы |
1,55 |
2 |
М |
М |
М |
М |
|
2 сыныбы |
1,40 |
3 |
1 |
М |
М |
М |
|
3 сыныбы |
1,00 |
4 |
1 |
М |
М |
М |
|
4 сыныбы |
0,97 |
5 |
2 |
1 |
М |
М |
|
5 сыныбы |
0,94 |
6 |
3 |
1 |
М |
М |
|
6 сыныбы |
0,91 |
7 |
4 |
2 |
М |
М |
|
7 сыныбы |
0,88 |
8 |
4 |
2 |
М |
М |
|
8 сыныбы |
0,85 |
9 |
5 |
2 |
М |
М |
|
9 сыныбы |
0,82 |
10 |
5 |
2 |
1 |
М |
|
10 сыныбы |
0,79 |
11 |
6 |
3 |
1 |
М |
|
11 сыныбы |
0,76 |
12 |
6 |
3 |
1 |
М |
|
12 сыныбы |
0,73 |
13 |
6 |
3 |
1 |
М |
|
13 сыныбы |
0,70 |
13 |
7 |
3 |
1 |
М |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы «__» «_________» № ___ қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 қаулысымен бекітілген |
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ағымдағы жылдың коэффициенті – көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша есептелетін, ағымдағы жыл үшін түзету коэффициентінің түзетілуін көрсететін коэффициент;
2) анықтық факторы – сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін қажетті коэффициент;
3) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві (бұдан әрі – ЕСР) – есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданысы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы);
4) нақты шығындылық – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша көлік құралын тіркеу аумағы бойынша шығындылықтың іс жүзіндегі көрсеткішін сипаттайтын коэффициент (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру);
5) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);
6) түзету коэффициенті – көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу үшін көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициентке қолдану үшін көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша есептелетін коэффициент.
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары
Өткен жылғы түзету коэффициенті ретінде Қағидалардың 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган өткен жылға бекіткен түзету коэффициентінің мөлшері қабылданады.
2023 жылға түзету коэффициенті 1 (бірлік) мәнін қабылдайды.
Ағымдағы жылдың коэффициентін есептеу кезінде мынадай формулалар бойынша айқындалатын таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторының мөлшерлері пайдаланылады:
– 0-2 аралығындағы бүтін мәндерді қабылдайтын таргеттелетін шығындылық деңгейінің реттік индексі. 10 пайыздық тармақ қадамымен 60%-80% аралығындағы таргеттелетін шығындылықтың мәніне сәйкес келеді.
– 1-4 аралығындағы бүтін мәндерді қабылдайтын анықтық факторының реттік индексі. 25 пайыздық тармақ қадамымен 25%-100% аралығындағы анықтық факторының мәніне сәйкес келеді.
Нақты шығындылықты ұйым көлік құралын тіркеудің тиісті аумағының есепті күнінің алдындағы қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішіндегі көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің негізінде көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша ай сайын жеке есептейді.
Нақты шығындылықты ұйым ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Нақты шығындылық туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысаны бойынша уәкілетті органға береді.
Нақты шығындылықты есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды ескере отырып, есепті күннің алдындағы қатарынан соңғы 12 (он екі) айға есептелген, есепті күнге дейінгі 12 (он екі) айға қалыс қалған күндегі жағдай бойынша ЕСР шамасына ұлғайтылған және есепті күндегі жағдай бойынша ЕСР шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
ЕСР көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың әрбір шарты бойынша пропорция әдісімен жеке-жеке есептеледі және есепті күні сақтандырып қорғаудың аяқталмаған қолданылу мерзімінің (күндермен) сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған күннен бастап сақтандырып қорғаудың қолданылуының соңына дейін сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзімі (күндермен) қатынасына шарт бойынша сақтандыру сыйлықақының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
, мұндағы:
СС – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
T1 – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған күннен бастап сақтандырып қорғаудың қолданылуының соңына дейін сақтандырып қорғау қолданылатын күндер саны (егер сақтандырып қорғаудың қолданылу күні сақтандыру шарты күшіне енген күннен ерте басталған жағдайда – сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылуының соңына дейінгі күндер саны);
Т2 – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған сәттен бастап есептеу күніне дейін (қоса алғанда) сақтандырып қорғаудың қолданылуы аяқталған күндер саны (егер сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған күн сақтандыру шарты күшіне енген күннен ерте басталған жағдайда – сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап есептеу күніне дейін (қоса алғанда) өткен сақтандырып қорғаудың қолданылу күндерінің саны).
Көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша ЕСР көлік құралын тіркеудің тиісті аумағына сәйкес келетін көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың әрбір шарты бойынша есептелген ЕСР-ді жинақтау арқылы айқындалады.
Нақты шығындылықты есептеу үшін пайдаланылатын сақтандыру төлемдері сақтандыру шартының жасалған күніне байланыссыз есепті күннің алдындағы қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішіндегі көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерінің сомасы ретінде есептеледі.
Уәкілетті орган бекіткен және оның ресми интернет-ресурсында жарияланған түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін сақтандырушылар Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабына сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициентті түзету үшін қолданады.
Сақтандырушының тәуекелдерді дербес бағалауы сақтандырушының директорлар кеңесімен (егер сақтандырушы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органымен) бекітілетін әдістеме негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырушының тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесі сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалау тәртібін, сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына әсер ететін сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалау үшін пайдаланылатын параметрлердің тізбесін, осы тармақта көзделген жағдайда сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.
Тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесі мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) дерекқорда қамтылған сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін сипаттайтын статистикалық деректерге негізделуге;
2) сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына әсер ететін сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалаудың объективті, тексерілетін және статистикалық тұрғыдан негізделген өлшемшарттарын қолдануды көздеуге;
3) сақтандыру тәуекелдерінің ұқсас сипаттамалары бар сақтанушыларға (сақтандырылушыларға) бірыңғай тәсілді қолдануды қамтамасыз етуге.
Осы тармақта көзделген сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициенттерін көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде қолдану үшін сақтандырушы тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесі негізінде әрбір сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдеріне автоматтандырылған бағалау жүргізуді, осы тармақта белгіленген шектерде сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициентін айқындауды және қолданылатын сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициентінің осы Қағидалар мен тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесінің талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.
Сақтандырушы уәкілетті органның сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициентін қолданудың негізділігін, сондай-ақ қолданылған сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициентінің осы Қағидалар мен тәуекелдерді дербес бағалау әдістемесінің талаптарына сәйкестігін тексеру мүмкіндігін сақтанушының (сақтандырылушының) тәуекелдерін бағалау нәтижелерін және қолданылған сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициентінің есебін құжатпен растау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақта көзделген сақтандырушы қолданатын ұлғайтылған немесе азайтылған түзету коэффициенттерін сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша дерекқорға енгізеді.
|
|
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларына 1-қосымша |
|
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1 – CB_Y
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20__жылғы «___» ________жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, қазанның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электронды түрде
|
№ |
Көлік құралын тіркеу аумағы |
Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші бойынша (ӘАОЖ) көлік құралын тіркеу аумағының коды |
Нақты шығындылық, пайызбен |
Таргеттелетін шығындылық, пайызбен |
Анықтық факторы, пайызбен |
Ағымдағы жылдың коэффициенті, ((4)-(5))/(5)*(6) |
Алдыңғы жылғы түзету коэффициенті |
Түзету коэффициенті |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1 |
Алматы облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Түркістан облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Қостанай облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Қарағанды облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Ақмола облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Павлодар облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Жамбыл облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Ақтөбе облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
11 |
Батыс Қазақстан облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
12 |
Қызылорда облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
13 |
Атырау облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
14 |
Маңғыстау облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
15 |
Абай облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
16 |
Ұлытау облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
17 |
Жетісу облысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
18 |
Алматы |
|
|
|
|
|
|
|
|
19 |
Астана |
|
|
|
|
|
|
|
|
20 |
Шымкент |
|
|
|
|
|
|
|
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_________________________________________ _______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
|
|
Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер нысанына қосымша |
«Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер»
(индекс - 1 – CB_Y, мерзімділігі – жыл сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған
нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
|
|
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларына 2-қосымша |
|
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Нақты шығындылық туралы мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2 – CB_ M
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__жылғы «___» ________жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электронды түрде
(мың теңгемен)
|
№ |
Көлік құралын тіркеу аумағы |
Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші бойынша (ӘАОЖ) көлік құралын тіркеу аумағының коды |
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары |
Сақтандыру төлемдері |
Нақты шығындылық, пайызбен |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Алматы облысы |
|
|
|
|
|
2 |
Түркістан облысы |
|
|
|
|
|
3 |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
|
|
|
|
4 |
Қостанай облысы |
|
|
|
|
|
5 |
Қарағанды облысы |
|
|
|
|
|
6 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
|
|
|
|
7 |
Ақмола облысы |
|
|
|
|
|
8 |
Павлодар облысы |
|
|
|
|
|
9 |
Жамбыл облысы |
|
|
|
|
|
10 |
Ақтөбе облысы |
|
|
|
|
|
11 |
Батыс Қазақстан облысы |
|
|
|
|
|
12 |
Қызылорда облысы |
|
|
|
|
|
13 |
Атырау облысы |
|
|
|
|
|
14 |
Маңғыстау облысы |
|
|
|
|
|
15 |
Абай облысы |
|
|
|
|
|
16 |
Ұлытау облысы |
|
|
|
|
|
17 |
Жетісу облысы |
|
|
|
|
|
18 |
Алматы |
|
|
|
|
|
19 |
Астана |
|
|
|
|
|
20 |
Шымкент |
|
|
|
|
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы _____________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_________________________________________ _______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
|
|
Нақты шығындылық туралы мәліметтер нысанына қосымша
|
«Нақты шығындылық туралы мәліметтер»
(индекс - 2 – CB_M, кезектілігі – ай сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған
нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме