«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы 2026 жылғы 12 қазандағы № 140 қаулысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Лауазымы Аты-жөні

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының

2026 жылғы 12 қазандағы № 140

қаулысымен бекітіліген 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі

 

  1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:

1 және 2-қосымшалар Қазақстан Республикасының сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 374 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3417 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережеде кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және актуарийдің қорытындысы негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.»;

5-тарау алып тасталсын.

  1. «Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидаларын және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 3, 5-тармақтарына, 50-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 70, 73-баптарына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 2-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 10), 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi – Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидаларында және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалары және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 3, 5-тармақтарына, 50-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 43-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 70, 73-баптарына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 2-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 10), 10-1) тармақшаларына әзірленді.»;

18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштер беру тәртібін, мерзімдерін және филиал желісі болған кезде – олар (мекенжайлар) бойынша кредиторлар өз талаптарын қоятын филиалдардың мекенжайларын міндетті түрде көрсете отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында  таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды;»;

18-тармақтың 10) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейдә;

19-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

53-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

12-тарау алып тасталсын;

1-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы №179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесінде:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереже «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібін және талаптарын белгілейді.»;

3-тарау алып тасталсын;

2, 3, 4-қосымшалар Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 

  1. «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесінде және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарда:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереже «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-бабына сәйкес әзірленді және аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу тәртібін және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Сақтандырушы аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құнының факторын есептеу кезінде осы Ережеге
1, 2-қосымшаларда көрсетілген, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысымен (бұдан әрі – № 45 қаулы) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.

Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитет төлемдерінің ағымдағы құнының факторын есептеу кезінде өлім-жітімнің мынадай:

1) зардап шеккен қызметкер үшін – осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген;

2) елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдар үшін – № 45 қаулыда көрсетілген;

3) он алты жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін – осы Ережеге
2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштері пайдаланылады;

4) он алты жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмағандар, оқушылар, ата-аналар, ерлі-зайыптылар не қайтыс болған қызметкердің асырауындағы балаларын, немерелерін, бауырларын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесі үшін нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады.».

  1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартылған жағдайда таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту себебін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының кепілдік берілген сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін заңдарында белгіленген мерзімде жазбаша хабарлама жіберіледі.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қордан сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдері келесі түрде жүргізіледі:

1) кредиторларға – «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған, уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде оның сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша қолданыстағы аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша;

2) Заңның 7-бабы 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі үшінші абзацпен белгіленген жағдай туындағанда «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлар пайдасына.

Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығы кредиторда Қордан шарттардың тізілімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткен соң туындайды және сақтандыру қызметі туралы Заңда көзделген тәртіппен қатысушы – таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі тапсырылған күнге дейін қолданылады.

Уәкілетті орган өз қызметін «өмірді сақтандыру» саласында атқарған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындаған уақытша әкімшілік, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөнінде және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорынан сақтандыру аннуитетті сыныптары бойынша шарттар тізілімін Қорға қалыптастырып береді және тапсырады, олар бойынша Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 1) тармақшасына сәйкес кепілдік ұсынылады.

Қор уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің және уақытша әкімшіліктен аннуитеттік сақтандыру шарттары тізілімінің көшірмелерін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асырғаны туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, Қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарда және Қордың интернет-ресурсында жариялайды.»;

3-тараудың тақырыбы алып тасталсын.

  1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 63 және 64-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 63 және 64-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.»;

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және «цифрлық үкіметтің» операторына жіберіледі.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қойылатын негізгі талаптар тізбесінде  көрсетілген құжаттарды электрондық нысанда қоса бере отырып ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптарда көзделген.

Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішхат уәкілетті органның жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қағидалардың 3, 4-тармақтарының және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда тыңдау өткізілмейді.

Өтінішхатта және (немесе) өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, өтініш беруші Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда уәкілетті орган өтінішхатты цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Өтінішхатты және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) уәкілетті органның оларды сақтауға қабылдауынсыз өтініш берушіге қайтарылуға тиіс. 

Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

Өтініш беруші кемшіліктерді жойған жағдайда өтінішхатты және (немесе) мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттарды қабылдаған күн өтініш берушінің бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

Өтініш беруші анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда уәкілетті орган өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қағидалардың 3, 4-тармақтарының және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

Уәкілетті орган өтініште және (немесе) өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

Өтініш беруші құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда анықталған кемшіліктер уәкілетті орган белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың он бесінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

Уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен қызметті көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің ықпалы деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы түсініледі. 

Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру холдингін өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушіге «жеке кабинетке» уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жауап жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтініш бере алады.

Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»;

9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

1, 2-қосымшалар Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7506 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

  1. «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті басқа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфельді шетелдік басқарушыға қайта сеніп тапсыруына жол берілмейді.

Инвестициялық портфельді басқарушының клиентпен жасасқан инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартында осы клиенттің портфелін басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруды басқа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфельді шетелдік басқарушыға не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 883-бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару белгіленген кезде сенімгерлікпен басқарушыға қайта сеніп тапсыру мүмкіндігі көрсетілген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта клиенттің алдындағы міндеттемелер бойынша клиентпен осы шартты жасасқан инвестициялық портфельді басқарушы жауап беретіні көрсетіледі.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«21. Қағидалардың 20-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және почта байланысымен және (немесе) электронды почтамен және (немесе) факсимильдік және (немесе) телекстік және (немесе) хабарламамен немесе шартта немесе инвестициялық пай қорының немесе нысаналы капитал қорының қағидаларында айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерімен клиентке жiберiледi. Сондай-ақ, Қағидалардың 20-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген хабарламалар көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушының интернет-ресурсында орналастырылады.».

  1. «Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды және Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13460 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандырушы көлік құралына (бұдан әрі – КҚ) келтірілген зиянның мөлшерін айқындау кезінде пайдаланатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға (бұдан әрі – МБҚ) қойылатын талаптарды айқындайды.»;

5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) калькуляцияны электрондық форматта шығару және калькуляцияны сақтандыру ұйымының цифрлық базасына беру;»;

3-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы
    29 ақпандағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 19, 20, 21, 24, 27-қосымшалар Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидалары «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы« Қазақстан Республикасы Заңының 9, 11-баптарына, «Сақтандыру қызметi туралы« Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы« Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзiрлендi және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің (бұдан әрі – ұйымдар) міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау тәртібін айқындайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының) міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбесінде және оларды сақтау мерзімінде:

28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

28

 

 

 

 

Ұйымның алқалы, консультативтік-кеңесші органдары (сараптамалық, ғылыми, әдістемелік және шығармашылық қызмет) туралы ережелер

Тұрақты

 

Тұрақты

 

 

 ».

  1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 10-тармағына, 48-бабының 3, 4 және 9-тармақтарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемелерінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабының 10-тармағына, 48-бабының 3, 4 және 9-тармақтарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін белгiлейді.»;

10-2-тармақтың 2) тармақшасында, 12-тармақтың 4) тармақшасында,
13-тармақтың 5) тармақшасында, 34-тармақтың 10) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Қаржы ұйымы болып табылатын, бірақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасын және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерін есептеу сақтандыру тобының мұндай қатысушысының пруденциялық нормативтерін есептеуге сәйкес анықталады.

Егер қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысы үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерді және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу тәртібі белгіленбесе, онда төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) орындау үшін қажетті төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерінің мәніне тең болады.

Қаржы ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобына қатысушылардың төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері сақтандыру тобының осы қатысушысына қатысты пруденциялық нормативтерді есептеуге сәйкес белгіленген меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентіне көбейтілген салымдардың кредиттік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобы қатысушысының активтері және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасына тең болады.

Егер сақтандыру тобының қатысушысына қатысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) есептеу тәртібі белгіленбесе, онда осы қатысушы бойынша:

нақты төлем қабілеттілігі маржасы (меншікті капитал) Нормативтердің
2-тармағына сәйкес ұсынылатын есептіліктің негізінде активтер мен міндеттемелердің арасындағы айырма ретінде айқындалады;

төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

МК = А х 0,14, мұнда:

МК – сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері;

А – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 38587 болып тіркелген, «Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобына қатысушы активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.

Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша активтер, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрылған резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.

Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленетін сақтандыру тобына қатысушылардың активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасын есептеуге сақтандыру тобына қатысушылардың бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.»;

Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 3, 6-қосымшалар Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
    29 қазандағы № 258 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17826 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 15-1-бабының 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

  1. «Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 10-1-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелерінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Нормативтер) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 10-1-тармағына (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін белгілейді.»;

12-тармақтың 5) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

13-тармақтың 5) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Нормативтердің мақсаты үшін мына ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдары болып табылады:

Азия даму банкі (Asian Development Bank);

Африка даму банкі (African Development Bank);

Еуропалық кеңестің даму банкі (Council of Europe Development Bank);

Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

Еуропалық қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

Еуропалық инвестициялық банк (European Investment Bank);

Исламдық даму банкі (Islamic Development Bank);

Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпорация (ICD Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

Халықаралық даму қауымдастығы (International Development Association);

Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);

Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

Халықаралық валюта қоры (International Monetary Fund);

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (International Centre for Settlement of Investment Disputes);

Инвестицияларға кепілдік берудің көп жақты агенттігі (Multilateral Investment Guarantee Agency);

Скандинавия инвестиция банкі (Nordic Investment Bank).»; 

41-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесіне 5-қосымшада

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 4-тармағының2) тармақшасына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына исламдық сақтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мынадай қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуға рұқсат етіледі:»;

1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық исламдық бағалы қағаздар:

Азия даму банкі (Asian Development Bank);

Африка даму банкі (African Development Bank);

Еуропалық кеңестің даму банкі (Council of Europe Development Bank);

Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

Еуропалық қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

Еуропалық инвестициялық банк (European Investment Bank);

Исламдық даму банкі (Islamic Development Bank);

Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпорация (ICD Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

Халықаралық даму қауымдастығы (International Development Association);

Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);

Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

Халықаралық валюта қоры (International Monetary Fund);

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (International Centre for Settlement of Investment Disputes);

Инвестицияларға кепілдік берудің көп жақты агенттігі (Multilateral Investment Guarantee Agency);

Скандинавия инвестиция банкі (Nordic Investment Bank).»;

3-қосымша Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20254 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 72-1-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:

1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Сақтандыру қызметі туралы заң) 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 72-1-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты (бұдан әрi – рұқсат) беруден бас тарту тәртібін айқындайды.»;

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және «цифрлық үкіметтің» операторына жіберіледі»; 

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерден тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына берігеннен кейін рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса берумен www.egov.kz «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.»;

7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішхат келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішхат көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішхатта және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Өтінішхатты және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс. 

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

Көрсетілген қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда өтінішхатты және (немесе) мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттарды қабылдаған күн көрсетілген қызметті алушының бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

Көрсетілген қызметті алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда көрсетілген қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуін, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасының толық ұсынылмағанын анықтаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы берген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің
3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен қызметті көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің ықпалы деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы түсініледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту Сақтандыру қызметі туралы заңның 68-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тарту негіздерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;

1, 2, 3-қосымшалар Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидаларын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20514 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстармен алмасу қағидаларын, Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидаларын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мына:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстармен алмасу қағидалары;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидалары;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар бекітілсін»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстармен алмасу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстармен алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 15-2-бабының 3 және 4-тармақтарына, 43-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстармен алмасу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, Сақтандыру қызметі туралы заңда және «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Міндетті және жүктелген сақтандыру бойынша цифрлық нысанда цифрлық ресурстармен алмасу сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып қана жүзеге асырылады.

Ерікті сақтандыру бойынша цифрлық нысанда цифрлық ресурстармен алмасу сақтандырушының интернет-ресурсын және әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Әріптестің интернет-ресурсы арқылы цифрлық ресурстармен алмасу цифрлық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу мақсаттары үшін ғана жүзеге асырылады.

Цифрлық ресурстармен алмасу арқылы цифрлық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу үшін ғана қажетті деректерді енгізуді қамтамасыз ететін мобильді қосымшаларды, электрондық терминалдарды, маркетплейстерді пайдалануға және оларды сақтандырушының интернет-ресурсына және (немесе) цифрлық жүйесіне жіберуге рұқсат етіледі.

Мобильді қосымша немесе электрондық терминал немесе маркетплейс банкке, төлем ұйымына немесе сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жасалатынына кепілдік беретін ұйымға тиесілі болған және олар сақтандырушының интернет-ресурсына тікелей қол жеткізу үшін пайдаланылатын және сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу үшін қажетті мәліметтерді енгізуге арналған құрал болып табылатын жағдайларды қоспағанда, цифрлық ресурстармен алмасу арқылы міндетті және міндеттелген сақтандыру бойынша цифрлық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға тиесілі емес мобильдік қосымшаларды, электрондық терминалдарды, маркетплейстерді пайдалануға жол берілмейді.

Сақтандырушының интернет-ресурсына тікелей қол жеткізу үшін мобильді қосымшаны, электрондық терминалды немесе маркетплейсті пайдалану кезінде:

сақтанушының мобильді қосымша, электрондық терминал немесе маркетплейс арқылы сақтандырушының интернет-ресурсына қолжетімділігі сақтандырушының Интернеттегі интернет-ресурсының домен атын пайдалану жолымен жүзеге асырылады;

сақтандырушы дербес деректердің және сақтандыру құпиясының қорғалуын және сақталуын, сондай-ақ мобильді қосымша, электрондық терминал немесе маркетплейс иесін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың осы құрылғылар арқылы сақтандырушының интернет-ресурсына берілетін мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз етеді;

сақтандырушы Қағидалардың талаптарын сақтамаған жағдайда мобильді қосымшаның, электрондық терминалдың немесе маркетплейстің иесімен цифрлық ресурстармен одан әрі алмасу және осы иеленушіге тиесілі мобильді қосымшаны, электрондық терминалды немесе маркетплейсті пайдалана отырып, цифрлық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігінсіз өзара іс-қимылды тоқтатуды қамтамасыз етеді.

Банкке, төлем ұйымына немесе сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жасалатынына кепілдік беретін ұйымға тиесілі электрондық терминалды, мобильді қосымшаны немесе маркетплейсті пайдалана отырып төлем жүргізгені үшін комиссияны қоспағанда, сақтанушының немесе сақтандырушының электрондық терминал, мобильді қосымша немесе маркетплейс иесіне комиссия (сыйақы) төлеуіне жол берілмейді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сақтанушы (шығу туризмі саласындағы туроператор) мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша туристік өнімді қалыптастыруға және өткізуге арналған сақтанушының цифрлық жүйесі мен сақтандырушының интернет-ресурсының ықпалдасуы арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеуге қажетті ақпаратты беруге рұқсат етіледі.

Сақтандырушының сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға және (немесе) олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеуге және сақтанушының цифрлық жүйесін, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы қамтамасыз етуге немесе пысықтауға байланысты жұмыстар мен қызметтер үшін сыйақы төлеуіне жол берілмейді.»;

6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде өтініште көрсетілген мәліметтерді, оның ішінде «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағында белгіленген жеңілдіктердің (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру жөніндегі жеңілдік) болуы туралы мәліметтерді СБДҚ-да мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың СБДҚ-ның цифрлық жүйесімен (бұдан әрі – мемлекеттік дерекқорлар) интеграцияланған цифрлық жүйелерінен алынған деректермен автоматты түрде салыстырып тексеру және (немесе) өтініштің жолдарын автоматты түрде толтыру үшін автоматты түрде жіберуді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.»;

9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Сақтанушы (пайда алушы, зардап шегуші) көрсеткен, сақтандырушыға дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым оларға қол жеткізуді беретін, мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде цифрлық нысанда бар құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерін тіркеу;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қағидалардың 6, 8 және 9-тармақтарының талаптары:

туристі міндетті сақтандыру;

міндетті экологиялық сақтандыру;

міндеттелген және ерікті сақтандыру, цифрлық ресурстармен алмасу және сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жүзеге асырылатын сақтандыру шарттарын жасасу;

мыналардың:

жеке нотариустардың;

аудиторлық ұйымдардың;

жолаушылар алдындағы тасымалдаушылардың;

көлік құралдары иелерінің;

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қолданылады.

Әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтандыру шарттарын жасасқан және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеген жағдайда, сақтандырушы Қағидалардың 6 – тармағының 1), 3), 8) және 10) тармақшаларын, 8-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, Қағидалардың 6, 8 және                                       9-тармақтарының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру шарттары мемлекеттік дерекқорлардан мәліметтерді пайдалана отырып жасалған жағдайда сақтандырушы Қағидалардың                                   6-тармағының 5) және 8) тармақшаларын, 8-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 6 және 8-тармақтардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушының өтініште көрсеткен мәліметтерін әріптестің интернет-ресурсында мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді жүргізу үшін сақтандырушының цифрлық жүйелеріне қолжетімділік беріледі.

Әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтанушының өтініште көрсеткен мәліметтерін мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді жүргізген кезде:

автоматтандырылған салыстырып тексеру деректердің екіжақты сәйкестендірілуін, шифрлануын және конфиденциалдығын қамтамасыз ететін қорғалған байланыс арнасы арқылы әріптестің интернет-ресурсының сақтандырушының цифрлық жүйесімен өзара әрекет етуі арқылы жүргізіледі. Сақтандырушының әріптестің интернет-ресурсына есептік жазбаларды және (немесе) СБДҚ-ға қолжетімділік кілттерін беруіне және сақтанушы мен сақтандырушының арасында ақпараттық өзара әрекет ету арқылы цифрлық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандырушының цифрлық жүйелерінің бөлігіне қолжетімділікті ұсынуына жол берілмейді;

автоматтандырылған салыстырып тексеру әріптестің интернет-ресурсында сақтанушының өтініште көрсеткен деректерін анықтау режимінде ғана жүргізіледі. Сақтандырушы әріптестің интернет-ресурсында деректерді анықтау нәтижесін ғана «дұрыс» немесе «дұрыс емес» форматында береді;

сақтандырушының мемлекеттік дерекқорлардағы және СБДҚ-дағы мәліметтерді әріптестің интернет-ресурсына беруіне, сондай-ақ өтініштің жолдарын автоматты толтыруға және оның дербес деректерін қоса алғанда, әріптестің интернет-ресурсына сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша деректерді қайтаруға жол берілмейді.

Сақтанушы тарапынан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім болмаған жағдайда, әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтанушы өтініште көрсеткен мәліметтерді мемлекеттік дерекқорлар мен СБДҚ-тан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді жүргізу кезінде осы тармақтың бесінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарының талаптары орындалады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Сақтандырушының интернет-ресурсында міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушының келісімін алмастан, сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында көзделмеген қосымша ақылы өнімдер мен қызметтерді қосуға жол берілмейді.

Сақтанушының сақтандыру қағидаларымен және талаптарымен танысқаны туралы, сақтанушының сақтандырушының интернет-ресурсында, әріптестің интернет-ресурсында ақылы өнімдер мен қызметтерді сатып алуға келісімін алғандығы туралы белгілерді автоматты түрде қоюға жол берілмейді.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім)
825-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен сақтандыру шарты жасалған жағдайда, сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде белгіленген электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптар ескеріле отырып, шарт тараптарының электрондық цифрлық қолтаңба құралдары пайдаланылып жасалуға тиіс.»;

18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар олар цифрлық нысанда дерекқорда және (немесе) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда ұсынылмайды, оларға қолжетімділік сақтандырушыға мемлекеттік дерекқордан және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан беріледі.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Сақтандырушы көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы, оның ішінде «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5-тармағында көзделген дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан ақпарат алған кезде сақтандырушының және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның цифрлық ресурстарымен алмасу арқылы пайда алушы (пайда алушылар) бойынша Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды жинауды жүзеге асырады.

Сақтандырушы пайда алушы (пайда алушылар) сәйкестендірілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған (оларға) сақтандыру төлемін алу құқығы туралы және жазбаша (оның ішінде электрондық хабарлама, SMS-хабар, пошта хаттары арқылы) хабарлама жіберу арқылы банктік деректемелерді көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы өтініш беру қажеттігі туралы хабарлайды.

Сақтандыру төлемі сақтандырушы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды жинаған және банктік деректемелерді көрсете отырып, пайда алушыдан (пайда алушылардан) сақтандыру төлемі туралы өтініш алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды пайда алушы (пайда алушылар) дерекқорда және (немесе) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділігін беретін мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде олар цифрлық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда ұсынбайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу туралы және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидалары (бұдан әрі - Хабардар ету қағидалары) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 3 және 4-тармақтарына, 43-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәртібін және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-2-бабының 3 және 4-тармақтарына, 43-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – сақтандырушы) сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды айқындайды.»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2)  бот – сақтандырушының цифрлық жүйесінде берілген кесте және (немесе) алгоритм бойынша белгілі бір операцияларды автоматты түрде орындау үшін үшінші тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық қамтылым;»;

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) DDoS-шабуыл – цифрлық жүйе жұмысының штаттық режимін бұзу мақсатында үшінші тұлғалардың тарапынан «қызмет көрсетуден бас тарту» түрінде таратылған шабуыл немесе еркін қолжетімділік ұсынылатын цифрлық ресурстарға қолжетімділік жабық болатын не қиындық тудыратын жағдайлар жасау.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Сақтандырушы сақтандыру шарттарын жасасуды және сақтандыру жағдайларын реттеуді, сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін өзінің бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарының тұрақты жұмыс істеуін қолдайды және үздіксіз жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.»;

4-1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. Сақтандырушының бағдарламалық-техникалық құралдары мынадай операцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді:

1) барлық филиалдар мен өкілдіктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген цифрлық жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген цифрлық жүйенің талаптарына сәйкес жасалатын барлық операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізу;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандырушының лицензиясын тоқтата тұру немесе айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда:

СБДҚ-ның сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру шартын жасау және сақтандыру жағдайларын реттеу (лицензиядан айырылған жағдайда) үшін қажетті сақтандырушының цифрлық жүйелерімен өзара іс-әрекеті тоқтатыла тұрады (тоқтатылады);

сақтандырушы интернет-ресурста себебін көрсетумен сақтандыру шарттарын жасау және сақтандыру жағдайларын реттеу (лицензиядан айырылған жағдайда) мүмкін еместігі туралы ақпарат орналастырады және интернет-ресурстардың жұмысын тоқтата тұрады (тоқтатады).»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Сақтандырушы анти-бот шешімдер мен өзге де техникалық және технологиялық қорғау әдістерін пайдалану жолымен өзінің интернет-ресурсын және цифрлық жүйелерін, оның ішінде мемлекеттік дерекқормен және СБДҚ-мен интеграцияланған цифрлық жүйелерді, сондай-ақ мемлекеттік дерекқордан және СБДҚ-дан алынған деректерді боттардан, DDoS-шабуылдардан және үшінші тұлғалардың тарапынан өзге зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Сақтандырушы боттардан, DDoS-шабуылдардан және үшінші тұлғалардың тарапынан өзге зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудан қорғауға бағытталған интернет-ресурсты және цифрлық жүйелерді қорғаудың іске асырылған әдістері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi №164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17289 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес берілетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы ақпаратқа енгізеді.».

  1. «Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерін, Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын, сондай-ақ Сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктерін, Сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша айқындау қағидаларын, талаптары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20736 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 826-бабының 1-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5, 5-2 және 5-3-тармақтарына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33, 34, 35 және 36-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 826-бабының 1-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5, 5-2 және 5-3-тармақтарына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) 33, 34, 35 және 36-баптарына сәйкес әзірленді және сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.»;

21-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгерімейді;

26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты – сақтандыру ұйымының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуын тоқтату тәртібін реттейтін заңдармен белгіленген іс-шаралар.

Сақтандыру компаниясының «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатылған жағдайда және осы лицензияның қолданылуын тоқтату жөніндегі шаралар аясында жаңа сақтандыру ұйымына инвестицияларға қатысу шарттарын бермеген жағдайда, қорды әрі қарай инвестициялық басқару, егер инвестициялық портфельді басқарушыға берілген жағдайда, тек Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Осы Сақтанушының сақтандырушының инвестицияларына немесе пайдасына қатысу шартын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 826-бабының 1-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5, 5-2 және 5-3-тармақтарына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33, 34, 35 және 36-баптарына сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жасалатын және сақтанушының сақтандырушының инвестицияларына немесе пайдасына қатысу шартын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шартында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі –  Азаматтық кодекс) 826-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтер қамтылады:

1) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел және жинақтаушы бөліктерінің (сақтандыру жарналарының) мөлшерлері;

2) сақтандыру ұйымының және инвестициялық портфельді басқарушының (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген жағдайда) сақтанушылардың активтерін инвестициялық басқарғаны үшін сыйақы алу мөлшері және тәртібі;

3) инвестициялық портфельді қалыптастыруға және жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлері, анықтау тәртібі және ең көп мөлшері, оларды инвестициялық портфельдің активтерінен төлеу шарттары мен тәртібі;

4) сақтандыру ұйымының сақтанушылардың активтерін басқару талаптары мен тәртібі;

5) инвестициялық портфельді басқарушының (инвестициялық портфельді шетелдік басқарушының) (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген жағдайда) инвестициялық басқаруына сақтанушылардың активтерін беру талаптары мен тәртібі;

6) сақтанушының активтерін инвестициялау тәртібі мен объектілері;

7) сақтандыру ұйымы мен сақтанушының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

8) сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді қалыптастыру жөніндегі әрі қарай қызметті жүзеге асыра алмауына немесе бас тартуына байланысты жаңа сақтандыру ұйымына инвестициялық портфелі активтерін беру шарттары мен тәртібі;

9) инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін тоқтату талаптары мен тәртібі;

10) сақтанушылардың активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты іс-шаралар жүргізу тәртібі;

11) төленетін соманы айқындау тәртібі, сондай-ақ оны жүзеге асыру мерзімдері;

12) инвестициялық портфельдің шартты бірліктерін сатып алу шарттары мен тәртібі;

13) сақтанушының өтінішін ұсыну тәртібі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (шығыстарды) сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру қағидалары мен талаптарында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (шығыстарды) сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру қағидалары мен талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5, 5-2 және 5-3-тармақтарына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) 33, 34, 35 және 36-баптарына сәйкес әзірленді және Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (шығыстарды) сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру қағидалары мен талаптарын белгілейді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5, 5-2 және 5-3-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидаларын және ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптарын және тәртібін белгілейді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Инвестицияларға қатысу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 826-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел және жинақтаушы бөліктерінің (сақтандыру жарналарының) мөлшерлері;

2) сақтандыру ұйымының сақтанушылардың активтерін инвестициялық басқарғаны үшін сыйақы алу мөлшері және тәртібі;

3) инвестициялық портфельді қалыптастыруға және жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлері, анықтау тәртібі және ең көп мөлшері, оларды инвестициялық портфельдің активтерінен төлеу шарттары мен тәртібі;

4) сақтандыру ұйымының сақтанушылардың активтерін басқару талаптары мен тәртібі;

5) сақтанушылардың активтерін сақтандыру ұйымының инвестициялық басқаруына беру талаптары мен тәртібі;

6) сақтанушының активтерін инвестициялау тәртібі мен объектілері;

7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру ұйымы мен сақтанушының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

8) сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді қалыптастыру жөніндегі әрі қарай қызметті жүзеге асыра алмауына немесе бас тартуына байланысты сақтанушыға инвестициялық портфелі активтерін беру шарттары мен тәртібі;

9) инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін тоқтату талаптары мен тәртібі;

10) сақтандыу ұйымының инвестициялық портфельді басқаруға және (немесе) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатылған, сондай-ақ қызметті тоқтатылған және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты іс-шаралар жүргізу тәртібі;

11) төленетін соманы айқындау тәртібі, сондай-ақ оны жүзеге асыру мерзімдері;

12) сақтанушының өтінішін ұсыну тәртібі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді бөлу ерекшеліктерінде:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді бөлу ерекшеліктері (бұдан әрі - Ерекшеліктер) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5-3-тармағына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) 33, 34, 35 және 36-баптарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді бөлу ерекшеліктерін айқындайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделген сақтандыру шарттары бойынша айқындау қағидаларында, шарттарында және әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделген сақтандыру шарттары бойынша айқындау қағидалары, шарттары және әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-2-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) 33, 34, 35 және 36-баптарына сәйкес әзірленді және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделген сақтандыру шарттары бойынша айқындау шарттарын, әдістемесін және тәртібін белгілейді.»;

  1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы
    12 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 63 және 64-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 3) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 63 және 64-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 3) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.»;

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және «цифрлық үкіметтің» операторына жіберіледі».;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) электрондық түрде береді.

Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады.

Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің
8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексереді.

Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисін көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден мынадай құжаттарда көрсетілген:

Қазақстан Республикасы резидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

Қазақстан Республикасы резидент жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын;

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы берген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісін анықтау кезінде уәкілетті орган 43 (қырық үш) жұмыс күні ішінде оларды Заңның 27-бабының және Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуін, құжаттар топтамасын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес толық ұсынбауды анықтаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы берген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) уәкілетті орган оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің
3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен мына жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы:

1) қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің ықпалы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің ықпалы деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі немесе оның туындауы түсініледі;

2) оның заңды өкілдері қызметті алған жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінен асатын стационарлық емдеуде болуы.

Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша жауапты бөлімше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) жобасын дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.

Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Басқармасының қаулысы қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал арқылы «жеке кабинетке» және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тарту негіздерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгіне алады.

10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларында, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 63 және 64-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 3) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.»;

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «цифрлық үкіметтің» операторына жіберіледі.»;

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде береді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағының және 3-қосымшаның 8-тармағының талаптарына сәйке келуіннің толық болуын тексереді.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету немесе цифрлық құжаттар сервисі үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік «цифрлық жүйелерден» құжаттарда көрсетілген мынадай:

Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екендігін растайтын;

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталған, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының  бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

Көрсетілген қызметті алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда  көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган 43 (қырық үш) жұмыс күні ішінде оларды Заңның 16-4, 30-1-баптарының және Қағидалардың 4, 12-тармақтарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталған, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда,  портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) уәкілетті орган оларды сақтауға қабылдамай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.

Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша мынадай:

1) одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің орын алуы. Одан әрі мемлекеттік қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі немесе оның туындауы түсініледі;

2) қызметті заңды өкілінің алуы жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының қызметтік іссапарда болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын уақыт бойы медицина ұйымында стационарлық ем алуы жағдайларында мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы.

Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалын   ашуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) қаулысының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.

Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға,  Қазақстан Республикасының бейрезидент  сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында  не қағаз жеткізгіште (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өтінішті қағаз жеткізгіште берген кезде) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.

Барлық кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процестері бірдей.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Ұсынылған құжаттар Заңның 16-4, 30-1-баптарының және Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган Қағидаларға 2-қосымшаның 3-тармағында және 3-қосымшаның 3-тармағында көрсетілген оларды қарау мерзімі ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту негіздерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды портал арқылы жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.»;

13-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

«Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалар осы Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 63 және 64-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 3) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру туралы заң) 6-бабының 1-тармағына, «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тасымалдаушының АҚЖ міндетті сақтандыру туралы заң) 6-бабының 1-тармағына, «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Туристі міндетті сақтандыру туралы заң) 5-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібін анықтайды, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.»;

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1.  Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және «цифрлық үкіметтің» операторына жіберіледі.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандырудың қосымша сыныптары, брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтініш ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы «жеке кабинетіне» жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «9. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтініш келіп түскен күні оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша өтініш және (немесе) құжаттар портал арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні болып көрсетілетін қызметті алушының бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының және Қағидалардың 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкестігін қарайды.

Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы  толық ұсынылмаған жағдайларда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтініш және (немесе) құжаттар портал арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) уәкілетті орган оларды сақтауға қабылдамай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі анықталған кемшіліктер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың он екінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша мынадай:

1) одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің орын алуы. Одан әрі мемлекеттік қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі немесе оның туындауы түсініледі;

2) қызметті заңды өкілінің алуы жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының қызметтік іссапарда болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын уақыт бойы медицина ұйымында стационарлық ем алуы жағдайларында мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы.

Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырады.

Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша, жауапты тұлға тыңдаудан кейін бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензия беруден бас тартуды дайындайды, көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті органында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) қол қояды.

Жауапты бөлімшенің қызметкері «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру (беруден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және бас тарту негіздерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды портал арқылы жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.»;

Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда тыңдау өткізілмейді.

Жауапты бөлімшенің қызметкері «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»;

10-тармақ мына редакцияда жазылсын: 

«10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;

 16-тармақ мына редакцияда жазылсын:

«16. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы бастапқы жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап жаңартылады.

Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.

Уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтініш берушіге өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, оларды уәкілетті орган сақтауға қабылдамай қайтарылуға жатады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың он екінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауы тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе өз бастамасы бойынша мынадай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы:

1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы түсініледі;

2) көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің қызметті алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болуы.

Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.

Жауапты бөлімшенің қызметкері «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және портал арқылы бас тарту негіздерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»;

17-тармақ мына редакцияда жазылсын:

«17. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызмет көрсетушінің қызметкері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің, «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру» 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» 8-тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің келуінің толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (соның ішінде түпнұсқалары), өтініш және (немесе) құжаттар портал арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының, Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.

Уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті органның өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күнінен бастап қайта басталады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтініш және (немесе) құжаттар портал арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші ұсынған құжаттар (соның ішінде түпнұсқалары) уәкілетті органның сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың он төртінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің ықпалы деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.»;

Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің «жеке кабинетіне» жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды және портал арқылы бас тарту негіздерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта жүгіне алады.

Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»;

24-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалар Тізбеге 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 

  1. «Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29688 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарда:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жүктелген сақтандыру жөніндегі шарт сақтандыру объектісі туралы мәліметтерді қамтиды, олар жазатайым оқиғалар мен өзге де жағдайлар, сырқаттану нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен; мүлікке иелік етумен, пайдаланумен және басқарумен; үшінші тұлғаларға, оның ішінде міндеттемені орындамау, тиісінше орындамау нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты сақтанушының (жауапты адамның) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүліктік мүдделері; сақтанушының (жауапты адамның) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мүліктік мүдделері болуы мүмкін.».

  1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29698 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы« Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 10-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі – өзара байланысты элементтердің: акционер үшін қолайлы тәуекел деңгейі шеңберінде іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерді басқару жөніндегі бірыңғай процеске біріктірілген және тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған рәсімдердің, әдістемелердің, цифрлық жүйелердің жиынтығы. Қордың қызметіне әсер ететін іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерді анықтау және басқару процесіне өзіне жүктелген құзырет пен жауапкершілік шегінде директорлар кеңесі, басқарма, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысады;»;

5-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4)  цифрлық технологиялар саласындағы стратегиялық мақсаттарды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды орындау;»;

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;»;

18-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) корпоративтік стратегияны және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясатты түзету мақсатында басқармаға жылына кемінде бір рет:

барлық тәуекелдер, олардың ықтималдылық дәрежесі, Қордың әзірлік дәрежесі, оларды барынша азайту бойынша жүргізілген іс-шаралар, ден қою шаралары туралы сандық және сапалық деректерді ескере отырып, Қордың ағымдағы жай-күйіне егжей-тегжейлі шолуды қамтитын есепті;

Қордың қаржылық жай-күйінің және қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ Қордың қаржылық жай-күйіне, Қордың тәуекелдер картасына әсер ете алатын сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға өзгерістерге егжей-тегжейлі шолуды қамтитын есепті ұсыну;»;

22-1-тармақтың 2) тармақшасы редакцияда жазылсын:

«2) цифрлық технологияларды дамыту;»;

  1. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 32827 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларында: 

2-қосымша Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді, Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидаларын, шарттарын және мерзімдерін, Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33652 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысаны және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«5. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі шеңберінде қатысушылардың көлік оқиғасын тіркеуі сақтандырушының цифрлық жүйесін және мынадай субъектілердің:

1) сақтандырушының;

2) тиісті келісім негізінде сақтандырушының әріптесі болып табылатын ұйымның;

3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның бірінің интернет-ресурсы және (немесе) мобильдік қосымшасы арқылы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның цифрлық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Декларацияны толтырар алдында қатысушылар көлік оқиғасының Заңның 22-2-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің талаптарына сәйкес келуін растауды және екі қатысушыны да сәйкестендіруді жүзеге асырады.

Қатысушыларды сәйкестендіру сәйкестендіру процесінде көрсетілген қатысушылардың жеке деректерін (қатысушылардың фотосы, жеке сәйкестендіру нөмірі, ұялы байланысының абоненттік нөмірі) мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың цифрлық жүйелерінің деректерімен салыстыруды жүзеге асыру кезінде қатысушылардың жеке басын растау арқылы олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге қатысушылардың келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

Декларацияны жіберу мүмкін болмаған кезде сақтандыру жағдайы сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптарында Заңға сәйкес қаралады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Сақтандыру жағдайы БСДҚ сақтандыру жағдайының бірегей нөмірін бергеннен кейін және сақтандырушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымынан электрондық ақпараттық хабарлама арқылы декларация қабылдағаннан кейін тіркелген болып есептеледі.

Сақтандыру жағдайының бірегей нөмірін беру бойынша БСДҚ-ның сервистерінің жұмысында іркілістер және (немесе) сақтандырушылардан декларацияны қабылдау туралы хабарлама болмаған жағдайда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қатысушылар декларация жібергеннен кейін 10 минут ішінде интернет-ресурс немесе Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың мобильді қосымшасы арқылы БСДҚ жұмысындағы және (немесе) сақтандырушының цифрлық жүйесіндегі іркілістер туралы және мәліметтер мен құжаттарды қайта жіберу қажеттігі туралы хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Сақтандырушы декларацияға қатысушылар қоса берген құжаттар мен мәліметтердің Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған кезде, сондай-ақ, егер құжаттар мен мәліметтер келтірілген залалдың мән-жайларын, көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарының көрініп тұрған зақымдануының сипаты мен тізбесін анықтауға мүмкіндік бермеген жағдайда, сақтандырушы декларацияны алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қатысушылардан сақтандырушының интернет-ресурсын және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның цифрлық жүйесін пайдалана отырып не басқа қолжетімді тәсілмен фотоматериалдарды қайта сұратады және (немесе) көлік құралдарын қарап-тексеруді жүзеге асырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларына, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдеріне, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшеріне, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанына және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерге қосымша Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

          «1) «Е-макет» автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Е-макет» АЦЖ) - «Зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды электрондық тағайындау» автоматтандырылған цифрлық жүйесі;

   2) «Электрондық еңбек биржасы» цифрлық порталы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) сәйкес жұмыс іздеуді және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын ақпараттандыру объектісі.»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жұмыс беруші (сақтанушы) еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесіне еңбек шартының тоқтатылуы не еңбек шарты талаптарының өзгеруі туралы ақпарат енгізілгеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қызметкердің пайдасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінеді.

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтінішті жұмыс беруші (сақтанушы) өтініштің берілген күні жұмыс берушіде (сақтанушыда) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты қолданыста бар сақтандыру ұйымына береді.

Жұмыс берушіде қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың 2 (екі) және одан да көп шарты өтініш берген күні қолданыста болған жағдайда жұмыс беруші (сақтандырушы) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы өтінішпен өз таңдауы бойынша бір сақтандыру ұйымына жүгінеді.»;

«6. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтінішті алғаннан кейін және еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесінен қызметкердің сақтандыру төлемін алу талаптарына сәйкестігі туралы хабарлама болған кезде сақтандыру ұйымы мен жұмыс беруші (сақтанушы) арасында қызметкердің пайдасына зейнетақы алдындағы аннуитет шарты жасалады.

Еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесінен хабарлама қызметкердің сақтандыру төлемін алу талаптарына сәйкестігі туралы ақпараттан басқа, алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, нөмірі, берілген күні, берілген мерзімі және жеке басын куәландыратын құжатты берген орган, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), тұрғылықты жері және ұялы телефон нөмірі.»;

«7. Сақтандыру ұйымы еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесінен қызметкердің сақтандыру төлемін алу шарттарына сәйкес келмеуі туралы хабарлама алған кезде сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Сақтандыру төлемінің ай сайынғы мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір шамасын құрайды. Сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруін ескере отырып жүзеге асырылады.

Бірінші ай үшін сақтандыру төлемі сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтініш алған күннен бастап тиісті ай аяқталғанға дейін күнтізбелік күндер санына барабар есептелген бір ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.

Сақтандыру төлемдерін алушылардың тізімін сақтандыру ұйымы бірінші айда еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесінен әр айдың соңғы жұмыс күніндегі хабарлама негізінде қалыптастырады.»;

12-тармақтың 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Сақтандыру төлемдері сақтандыру ұйымы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Е-макет» АЦЖ-дан алынған мәліметтер негізінде тоқтатыла тұрады және (немесе) қайта басталады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Сақтандыру төлемдерін тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау кезінде жұмыс берушіге және қызметкерге «Е-макет» АЦЖ-дан «Электрондық еңбек биржасы» цифрлық порталының жеке кабинетіне сақтандыру төлемдерін тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы хабарлама жіберіледі.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Сақтандыру төлемдері сақтандыру Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Е-макет» АЦЖ-дан алынған мәліметтер негізінде тоқтатылады.»;

Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына қосымша Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарда және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейінде:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты қызметкердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде жасалады.

Сақтандыру ұйымы қызметкердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Дербес деректер туралы заң) көзделген тәсілдермен алуды қамтамасыз етеді.

Қызметкердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге және (немесе) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен қызметкердің сақтандыру төлемін алу шарттарына сәйкестігі туралы осы қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларының 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтермен хабарламасы болмаған кезде, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алуды сақтандыру ұйымы сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы Дербес деректер туралы заңға сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы қамтамасыз етеді.»;

«4. Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 825-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен сақтандыру полисін ресімдеу арқылы сақтандыру ұйымы жұмыс берушіден (сақтанушыдан) зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтініш пен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен қызметкердің сақтандыру төлемін алу талаптарына сәйкестігі туралы хабарлама алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жасалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген зейнетақы алдындағы аннуитет шартын жасасу мерзімі көрсетілген күндердің қайсысы кейінірек келетініне байланысты есептеледі.

Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты сақтандыру ұйымы сақтандыру полисіне қол қойған күннен бастап жасалған болып есептеледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жасалған зейнетақы алдындағы аннуитет шарты туралы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымы шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жібереді.»;

  1. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартында:

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. 1 (бір) санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоспағанда, қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді Сақтандырушы қызметкер не осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, ақысы төленбейтін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адамның пайдасына Сақтандырушы ұсынған нысан бойынша аннуитет шартын Сақтандырушымен жасасуға мiндеттi.»;

1-қосымша Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тізбеге

1-қосымша

 

Сақтандыру төлемдеріне

кепілдік беру қорына

қатысудың үлгі шартына

1-қосымша

 

Нысан

 

___________________________________________________________________________

(сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)

 

есепке жазылған сақтандыру сыйлықақылары, міндетті жарналар, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің сомасы жөніндегі мәліметтер

 

Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша

 

         (теңгемен)

Кепілдік берілген сыныптың атауы

Сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, сақтанушыларға қайтарылған (қайтарылуға тиіс) сақтандыру сыйлақылары

Есепке жазылған міндетті жарналар сомасы

Есепке жазылған шартты міндеттемелер сомасы

Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есепке жазылған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен)

Есепке жазылған қосымша жарналар сомасы

                 

 

 

Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

_____________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_________________________

 

_____________ ___________

(қолы) (күні)

 

 

 

Сақтандыру төлемдеріне

кепілдік беру қорына

қатысудың үлгі шартына

2-қосымша

 

Нысан

 

__________________________________________________________________   
(сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)

сақтандыру резервтерінің, міндетті жарналарының және шартты міндеттемелерінің сомасы бойынша мәліметтер

 

Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша

 

(теңгемен)

Кепілдік берілетін сақтандыру түрінің атауы

Сақтандыру резервтері

Есепке жазылған міндетті жарналар сомасы

Есепке жазылған шартты міндеттемелер сомасы

Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есепке жазылған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен)

 

өткен тоқсанның басында

есепті тоқсанның басында

айырмасы [(2)-(1)]

 

 

 

 

 

 

 

А

1

2

3

4

5

6

 
                 

 

 

 

Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

     _________________

 

_____________ ___________

(қолы) (күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тізбеге

2-қосымша

 

Мәжбүрлеп таратылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын тарату қағидаларына
және оның тарату
комиссиясының жұмысына
қойылатын талаптарға
1-қосымша

 

Нысан

 

 

__________________________________________________ (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
________________ жылғы ______тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы

 

 

№

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

ай

ай

ай

тоқсандағы барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекақы төлеу шығыстары

       

1.1

тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы, оның ішінде:

       

1.1.1

сыйақы

       

1.1.2

жеке табыс салығы

       

1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары

       

1.1.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

       

1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлерге ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:

       

1.2.1

лауазымдық жалақы

       

1.2.2

жеке табыс салығы

       

1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары

       

1.2.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

       

1.3

өтелмелі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетеуге тартылған адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде:

       

1.3.1

көрсетілген қызметтерге ақы төлеу

       

1.3.2

жеке табыс салығы

       

1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары

       

1.3.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

       

2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар

       

2.1

әлеуметтік салық

       

2.2

әлеуметтік аударымдар

       

2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

       

2.4

мүлікке салынатын салық

       

2.5

көлік құралдарына салынатын салық

       

2.6

жер салығы

       

2.7

қосымша құн салығы

       

2.8

жер телімдерін пайдалану үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем

       

2.9

өзге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

       

3

Әкімшілік шығыстар

       

3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет

       

3.2

байланыс қызметі

       

3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет

       

3.4

көлікті күзету жөніндегі қызмет

       

3.5

көлік тұрағын ұсыну жөніндегі қызмет

       

3.6

көлікті тіркеу жөніндегі қызмет

       

3.7

көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет

       

3.8

көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет

       

3.9

қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері

       

3.10

коммуналдық қызметтер

       

3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жұмыстары

       

3.12

үй-жайды жалдау

       

3.13

жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу қызметтері

       

3.14

мүлікті бағалау қызметтері

       

3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері

       

3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызметтер

       

3.17

сантехникалық жұмыстар

       

3.18

мүлікті сақтау қызметтері

       

3.19

мемлекеттік бажды төлеу

       

3.20

нотариалдық куәландыру қызметтері

       

3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері

       

3.22

терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстар

       

3.23

аукциондар өткізу қызметтері

       

3.24

инкассация қызметтері

       

3.25

сараптама жүргізу қызметтері

       

3.26

аудит жүргізу қызметтері

       

3.27

құжаттарды аудару қызметтері

       

3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату

       

3.29

орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу қызметі

       

3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері бойынша қызметтер

       

3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру жөніндегі қызметтер

       

3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу

       

3.33

коллекторлық қызметтер

       

4

Тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары

Қаулы
Дата публикации
15 октября 2026