«Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38310 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесінде

1-тармақ мынадай мазмұндағы  16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

«16)  алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару саясаты мен рәсімдерінің толық және тиімді болуын қоса алғанда, алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігі;

17)алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау, мониторингтеу және бақылау тиімділігі, сондай-ақ алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерінің тізілімін қалыптастырудың толық болуы

18)алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін бағалау тәсілдерінің, әдістері мен модельдерінің барабарлығы мен тиімділігі, олардың банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкестігі, сондай-ақ алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалардың жаңа схемаларына бейімделуі;

19)алаяқтық немесе құқыққа қарсы оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операцияларды анықтау, сондай-ақ клиенттердің, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың іс-қимылына мониторинг жүргізу процестерінің тиімділігі;

20)күмәнді белсенділікті анықтаудың автоматтандырылған сценарийлерін, модельдері мен қағидаларын қолданудысондай-ақ қызмет көрсетудің цифрлық арналарындағы операциялардың мониторингтеудіқоса алғанда, антифрод-жүйенің жұмыс істеу тиімділігі;

21)алаяқтық немесе құқыққа қарсы оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялар туралы мәліметтерді берудің толық, уақтылы және дұрыс болуын қоса алғанда, банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылының тиімділігі;

22)сессиялық антифродты және клиенттерге тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануды қоса алғанда, электрондық қызмет көрсету арналары арқылы қаржылық қызметтерді ұсыну кезінде алаяқтықты болдырмау тетіктерінің тиімділігі;

23)алаяқтық және құқыққа қарсы тосын оқиғалар тәуекелдері бойынша басқарушылық есептілікті қалыптастырудыңсондай-ақ оны банктің басқару органдарына ұсынудыңтолық және уақтылы болуы

24)алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін барынша азайту бойынша банк қабылдайтын шаралардың барабар және жеткілікті болуы

25) банк көрсететін қызметтердің, өнімдердің және оларды ұсыну тәсілдерінің алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдеріне осалдығы.»;

             көрсетілген қаулымен бекітілген Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарда

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесінің кемшіліктері, антифрод-бақылаулардың тиімсіздігі не банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптардың сақталмауы туралы куәландыратын мән-жайлардың болуы.».

2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
08 октября 2026