Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және астық қабылдау кәсіпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін бақылау мен оларды аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін бақылауға, банк қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін лицензиялауға, банктерді реттеуге, банк лицензиясынан, сақтандыру (қайта сақтандыру) лицензиясынан айыру салдарының туындауына, астық қабылдау кәсіпорындарының қойма куәліктерімен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттейтін заңдарға қайшы келмейтін бөлігінде осы Кодекспен реттеледі.»;
2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын,» деген сөздер алып тасталсын;
«сақтандыру және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын,» деген сөздер алып тасталсын;
«сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры,» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
108-баптың 8-тармағы алып тасталсын.
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
1-1) тармақша «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және банктік шоттардағы зиянды өтеу резервінің қаражатына» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 741-баптың екінші бөлігінде:
1-1) тармақша «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және банктік шоттардағы зиянды өтеу резервінің қаражатына» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 806-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«806-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
Міндетті сақтандыру тәуекелдің жаппай сипаты, әлеуметтік маңызы болған кезде не кәсіпкерлік немесе кәсіби қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға байланысты үшінші тұлғалардың және (немесе) сақтанушының мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында енгізіледі
Сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесі «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Міндетті сақтандырудың ең төмен шарттарына сақтандыру объектісі, сақтанушылар мен сақтандырылған тұлғалар тобы, жабылатын сақтандыру тәуекелдерінің міндетті тізбесі және сақтандыру сомасының ең төмен мөлшері жатады.
Міндетті сақтандырудың ең төмен шарттарын қоспағанда, міндетті сақтандырудың өзге шарттары мен тәртібі «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында не ол белгілеген тәртіппен айқындалады.
міндетті сақтандырудың осы сыныбын жүзеге асыруға сақтандыру лицензиясы бар сақтандырушы үшін «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған сақтандыру сомасының ең аз мөлшерін көздейтін міндетті сақтандыру шартын жасасу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.»;
4) 808-бабында:
2-тармақта «заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Сақтандыру нарығы туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Заң актілерімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5-тармағына» деген сөздер «6-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«мiндеттi сақтандыру ұйымының» деген сөздер «міндетті сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 813-баптың 3-тармағында «Егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 814-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға ғана, сақтандыру лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, сондай-ақ «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры ғана сақтандырушы бола алады.»;
7) 815-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде «заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 816-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлігінде «заң актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті сақтандыру кезінде пайда алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша пайда алушыны сақтанушы тағайындайды.»;
9) 817-баптың 2-тармағында «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 818-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленеді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады»;
екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін айқындау кезінде сақтандыру тәуекелінің сипаты мен дәрежесін, сақтандыру шарттарын және сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына және сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер ететін өзге де факторларды ескере отырып, сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге тәртіппен есептелетін сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындайтын сақтандырушы әзірлеген сақтандыру тарифтерін қолдана алады
Міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында көзделген тәртіппен белгіленетін сақтандыру тарифтерінің негізінде айқындалады.»;
11) 820-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «мерзiм» деген сөзден кейін «немесе оқиға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «өмірді сақтандыру шарттары» деген сөздерден кейін «және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау тәртібі шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 823-баптың 1-тармағында:
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар сақтанушының (пайда алушының) немесе қайта сақтанушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін ортақтасып жауап береді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бірлесіп сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында өзгеше белгіленбесе, өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарына қатысушылар, сақтанушының (пайда алушының) немесе қайта сақтанушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін ортақтасып жауап береді.»;
13) 825-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Міндетті сақтандыру шартын жасасу, ресімдеу және ұстау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленуі мүмкін
Ерікті сақтандыру жөніндегі шарттың нысанын сақтандырушы не тараптардың келісімімен айқындайды.
Сақтандырушы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырудың үлгілік талаптарына немесе қағидаларына сәйкес сақтандыру түрлері бойынша әзірленген шарттарды қолдануға құқылы.»;
14) 826-бапта:
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 2-2), 4-1), 4-2) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) егер сақтандыру шарты сақтандыру брокерінің делдалдығымен жасалған болса, сақтандыру брокерінің атауы, орналасқан жері, байланыс телефон нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;»;
«4-1) сақтандырушының, сақтанушының (пайда алушының) зиянның мөлшерін айқындау бойынша іс-қимылдарының мерзімдері, тәртібі, оның ішінде оны айқындауға тартылатын үшінші тұлғаларды келісу тәртібі;
4-2) сақтандырушы оны айқындау бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде сақтанушының (пайда алушының) зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-қимыл тәртібі;»;
«10-2) ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың ең аз тізбесі. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының белгілері бар болған оқиғаға тікелей байланысты басқа құжаттарды, егер олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактісін, сақтандыру төлемін алуға құқығы бар адамдар тобын анықтау және келтірілген залалдың мөлшерін айқындау мүмкін болмаса, қосымша талап етуге құқылы;»;
2-тармақта «өзге де» деген сөз «қосымша» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Міндетті сақтандыру шарттары бойынша франшиза белгілеуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақшамен толықтырылсын:
«2-2. Сақтандыру шартында:
1) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін сақтандырушыға беру туралы талап сақтандыру жағдайының белгілері бар болған оқиғаға байланысты емес құжаттарды қамтуға;
2) сақтандыру жағдайының белгілері бар болған оқиғаға байланысты емес негіздер бойынша сақтандыру төлемін ұзартуды (тоқтата тұруды) көздеу болмауы тиіс.»;
3-тармақта «заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 828-бапта:
1-тармақтың 1-1) тармақшада «қағидалардың көшiрмесiн ұсынуға (жіберуге)» деген сөздер «сақтандыру қағидаларының электрондық көшірмесі ұсынуға және (немесе) сақтандыру қағидаларының электрондық көшірмесі қамтылған сақтандырушының интернет-ресурсына сілтеме жіберуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта слова «Сақтандыру және сақтандыру қызметi» деген сөздер словами «Сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 830-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«830-бап. Сақтандыру құпиясы
Сақтандырушы, сондай-ақ «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған өзге де тұлғалар сақтандырудың құпиясын жария етпеуге кепілдік береді.
Сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесі және оны беру негіздері «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
17) 831-баптың 2-тармағындағы «шартында» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ шартпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 832-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде
«Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 833-баптың 5-тармағында «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 836-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте «заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарына қолданылмайды. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, сақтанушының құқықтары мен міндеттері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай деп танылған оның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
21) 839-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер сақтандыру жағдайы жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып табылатын адамның кінәсінен болса, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайларын қоспағанда сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы»;
4-тармақтың 7) тармақшасында «заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақшамен толықтырылсын:
«6-1. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында міндетті сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту негіздерінің және сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерінің тізбесі белгіленуі мүмкін.
«Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту негіздерін және сақтандырушыны осы бапта көзделген оны жүзеге асырудан босату негіздерін міндетті сақтандырудың жекелеген сыныбына қолданбау көзделуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына және сақтандырушыны өзге негіздер бойынша, оның ішінде сақтандыру шартында көзделген негіздер бойынша оны жүзеге асырудан босатуына жол берілмейді.
«Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында сақтандырушыны осы баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босату көзделуі мүмкін емес.»;
22) 840-баптың 2-тармағында «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 841-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 6) және 9) тармақшаларында «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 842-бапта:
1-тармақта «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтанушы-жеке тұлға, қызметкердің кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шартын, «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын қоспағанда, сақтандыру шартынан, сондай-ақ осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында не ол белгілеген тәртіппен міндетті сақтандырудың жекелеген сыныптары үшін сақтандырушы ұстап қалуға және (немесе) сақтанушыға қайтаруға жататын міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігінің мөлшерін айқындау ерекшеліктері белгіленуі мүмкін»
25) 845-бап алып тасталсын;
26) 845-1-баптың 1, 4 және 5-тармақшаларында «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 28-баптың 13-тармағының 7) тармақшасы «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің» деген сөздерден кейін «Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 45-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 129-баптың 11-тармағы «коллекторлық» деген сөзден кейін «, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 138-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру саласында;»;
5) 169-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды;
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды;
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында болатын заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;»;
6) 192-баптың 3-тармағы «көзделген» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының орталық актуарийді құрған» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 193-баптың 14-тармағында:
«жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
«қаржы нарығы» деген сөздерден кейін «, орталық актуарий» деген сөздермен толықтырылсын.
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы:
«табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан төлемдер ретінде алынған сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына» деген сөздермен толықтырылсын.
1) 23-баптың 2-тармағының 30) тармақшасында «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацында «жүктелген» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 137-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 489-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұсынылатын тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан туындауы мүмкін кеден өкілінің азаматтық жауапкершілік тәуекелін сақтандыру шартының сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасына болуы;»;
2) 490-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында «сақтандыру шарты» деген сөздер «міндетті сақтандыру шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 503-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен және шарттарда жасалған уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі тәуекелін міндетті сақтандыру шартының болуы;»;
4) 504-баптың 1-тармағында:
«ақпараттық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сақтандыру шартын» деген сөздер «міндетті сақтандыру шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 510-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ашық үлгідегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен және шарттарда жасалған кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі тәуекелін міндетті сақтандыру шартының болуы;»;
6) 511-баптың 1-тармағында:
«ақпараттық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сақтандыру шартын» деген сөздер «міндетті сақтандыру шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 528-2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
8) 528-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы қызметі аймағында электрондық сауда операторы құрылатын аумақтық кеден органына береді.».
1) 7-бапта:
104-3) және 104-4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 104-5) тармақшамен толықтырылсын:
«104-5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен ерікті медициналық сақтандыру арасындағы қамту көлемін ажырату тәртібін, сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына сақтандыру тәуекелін бағалау, сақтандыру сыйлықақысын есептеу, көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын бақылау үшін қажетті мәліметтерді беру тәртібін бекітеді;»;
2) 115-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен және шарттарда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру.»;
3) 195-баптың бірінші бөлігі 3) тармақшасының екінші абзацында «жүктелген» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 201 және 201-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Ерікті медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек
1) тегін медициналық көмектің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсету деңгейін;
2) сақтандырылушының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ішінара не сақтандырылушының дербес төлейтін медициналық қызметтерге арналған шығыстарын өтеуді қамтамасыз ете алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жабу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға міндетті адамдарға қатысты қолданылмайды және олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алмастырмайды.
1) көрсетілетін медициналық қызметтердің әрбір түрі бойынша жалпы сақтандыру сомасын немесе жекелеген сақтандыру сомаларын көрсете отырып, сақтанушы төлейтін ерікті сақтандыру шарты шеңберіндегі медициналық қызметтердің;
2) сақтанушы (сақтандырылушы) медициналық қызметтер алатын денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі көзделеді.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесін сақтандыру ұйымы сақтанушымен (сақтандырылушымен) келісу бойынша осы баптың 6-тармағында айқындалған шектерде белгілейді.
201-1-бап. Міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтар үшін міндетті медициналық сақтандыру кезіндегі медициналық көмектің ең төмен тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
5) 270-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында «сақтандыруға» деген сөз «міндетті сақтандыруға» деген сөздермен ауыстырылсын:
6) 270-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«270-1-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Денсаулық сақтау субъектілері медицина қызметкерлері осы Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызмет түрін жүзеге асырғанға дейін «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті түрде ортақ сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Денсаулық сақтау субъектісі медициналық қызметті «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен және шарттарда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.»;
7) 270-4-бап алып тасталсын;
8) 273-баптың 3-тармағында «беруге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ сақтандыру тәуекелін бағалау, сақтандыру сыйлықақысын есептеу, көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын бақылау мақсатында ерікті медициналық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының мәліметтерін беруге» деген сөздермен толықтырылсын.
1) 27-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшасымен толықтырылсын:
«12-2) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;»;
2) 129-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 1-баптың 1-тармағының 128) тармақшасында «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 3-тармағында «сақтандыру және сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 35-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасы «қаржы нарығы» деген сөздердің алдында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 195-1-баптың 3-тармағының екінші абзацында «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 220-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 225-бабында белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшерде сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде беріледі.»;
6) 221-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 225-бабында белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшерде сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылын жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жағдайларда жүзеге асырылады.»;
7) 225-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 226-бабы 12-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жасқа толғанға дейін зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, айлық сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру басталған күні қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің (екі тұлға зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшерінен) 70 пайызынан төмен болмауға тиіс. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру басталғанға дейінгі кезеңді ескере отырып, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшерде сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету үшін қажетті сомада зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге жіберіледі.
Осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету үшін қажетті сақтандыру сыйлықақысының сомасынан асатын зейнетақы жинақтары сақтанушының таңдауы бойынша осы Кодекстің 226-1-бабына сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттарына арналған сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеуге жіберілуі мүмкін.
Осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемдерін қамтамасыз еткенге дейін сақтанушының инвестицияларға қатысуына зейнетақы жинақтарын жіберуге жол берілмейді.»;
8) 226-бапта:
4-тармақтың төртінші бөлігінде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабында» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 169-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
үшінші бөліктің 2) тармақшасы «70 пайызынан төмен» деген сөздерден кейін «, және бұзылатын зейнетақы аннуитеті шартында көзделген ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшерінен төмен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық іске асырылғаннан кейін зейнетақы аннуитеті шарты кейіннен бұзылған кезде сатып алу сомасы осы баптың 13-тармағының екінші бөлігінде көзделген мөлшерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиіс.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтанушының инвестицияларға қатысу, оның ішінде сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттарына арналған сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін айқындау шартын көздейтін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемдерін есептеу ерекшеліктерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
9) мынадай мазмұндағы 226-1-баппен толықтырылсын:
«226-1-бап. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін зейнетақы аннуитеті шарты
Екі сақтанушы (сақтандырылған) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының инвестициялық бөлігі және оның есебінен қалыптастырылған активтер әрбір сақтанушыға қатысты жеке есепке алынады. Сақтандырылушылардың бірі қайтыс болған жағдайда қайтыс болған сақтандырылушыға қатысты ескерілетін активтердің құны мұрагерлікке жатады. Сақтандырылушылардың біреуінің қайтыс болуы екінші сақтандырылушының оның пайдасына ескерілетін активтерге қатысты құқықтарына әсер етпейді.
1) 1-тармақтың 2-тармағында «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, орталық актуарийге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 20-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі «Төтенше резерв» деген сөздерден кейін «сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры жауапкершілігінің шекті көлемінен жоғары төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберіндегі әрекеттерді үйлестіру мақсатында мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;».
11-баптың бірінші бөлігінің он бірінші абзацында «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
8-баптың 38-2) тармақшасының екінші бөлігінде орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4-тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) кепіл берушінің «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы кепіл ұстаушыны жыл сайын ипотекалық шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде хабардар ету міндеті;»;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер ипотека нысанасы «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғаның тұрғынжайы болып табылған жағдайда, кепіл беруші ипотекалық шартты жасасу кезінде ипотекалық ұйымға тұрғынжайды міндетті сақтандырудың жасалған шартын ұсынады.».
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен сақтандыру жөніндегі міндетті орындаудың қамтамасыз етілуіне;»;
2) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұрғынжай иелері болып табылатын азаматтардың тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
3) 18-бапта:
1-1-тармақ «, бұл ретте «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетті болып табылады.» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін тұрғынжайдың меншік иесі тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.».
1) 16-бапта:
1-тармақта «сақтандыру шартын» деген сөздер «міндетті сақтандыру шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«жауапкершілігін» деген сөзден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша «жауапкершілікті» деген сөзден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
5-1) тармақшада «жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 33-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасында «жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
130-бабында айқындалған мүлікті иеліктен шығару және кепілге қою туралы мәмілелерді куәландыру кезінде меншік иесі тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын ұсынады.».
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 9-46), 9-47), 9-48), 9-49), 9-50) және 9-51) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-46) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар арасында тұрғынжайды міндетті сақтандыру қажеттілігі және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу үшін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына жүгіну құқығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде бұқаралық-медиа және әлеуметтік желілер арқылы жүргізеді;
9-47) жер сілкінісі, су тасқыны (су бас) және табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін және сақтандыру жағдайы басталған кезде жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен келтірілген залалды өтеу сомаларын есепке алуды жүргізеді;
9-48) тұрғынжай иелерінің басым көпшілігінің тұрғынжайын міндетті сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін
іс-шараларды жүргізеді;
9-49) тұрғынжайдыжер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өрттінен міндетті сақтандыру мақсаттары үшін табиғи сипаттағы жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және орман өрті кезіндегі Алматы қаласының тәуекел деңгейлерін бекітеді;
9-50) тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті кезінде Алматы қаласының бекітілген тәуекел деңгейлері туралы мәліметтерді ұсынады;
9-50) жер сілкінісі, су тасқыны (су тасқыны) және табиғи сипаттағы орман өрті кезінде Алматы қаласының бекітілген тәуекел деңгейлері туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді;
9-51) тұрғынжай иелерінің тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;».
1) 1-баптың 16) тармақшасында «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-бапта:
1-тармақта «мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын» деген сөздер «аудиторлық ұйымдардың міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-баптың 5-тармағында «Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
16-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы
6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес акционерлік қоғамға жарғылық капиталында мемлекет қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.».
2-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
27-баптың 4-тармағында «Туристі міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-9), 40-1), 40-2), 40-3), 40-4), 40-5) және 40-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-9) азаматтардың тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;»;
«40-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар арасында тұрғынжайды міндетті сақтандыру қажеттілігі және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу үшін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына жүгіну құқығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде бұқаралық-медиа және әлеуметтік желілер арқылы жүргізеді;
40-2) өңірлердің табиғи апаттарға ұшырау карталарын әзірлейді;
40-3) тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру мақсаттары үшін жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және табиғи сипаттағы орман өртіне ұшыраған облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана аумағының тәуекел деңгейлерін бекітеді;
40-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және табиғи сипаттағы орман өртіне ұшыраған облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана аумағының бекітілген тәуекел деңгейлері туралы мәліметтерді тұрғын үйді міндетті сақтандыру қорына ұсынады;
40-4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және табиғи сипаттағы орман өрттеріне ұшыраған аумағының бекітілген тәуекел деңгейлері туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді
40-5) жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен келтірілген залал сомаларын және сақтандыру жағдайы басталған кезде тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты бойынша өтелуге тиіс жататын сомаларды есепке алуды жүргізеді;
40-6) тұрғынжай иелерінің басым көпшілігінің тұрғынжайын міндетті сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін
іс-шараларды жүргізеді;»;
1) 7-баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 28-баптың 2-тармағында «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 22-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасында «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 86-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «сондай-ақ «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып» деген сөздер «, «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор, сондай-ақ «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжайды дүлей зілзаладан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйым болып» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 1-бапта:
2) тармақшада:
бесінші абзац алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының;»;
алтыншы абзацтағы «кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі» деген сөздер «кепілдік беретін ұйымның» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының»;
актуарлық ақпараттық-талдау орталығының лицензиялауға жатпайтын қызметі;»;
14) тармақша «Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы» деген сөздерден кейін
«, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-5-баптың екінші бөлігінің 3) және 18-2) тармақшалары алып тасталсын;
3) 9-бапта:
1-тармақта:
8-2) тармақшада «сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның,» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, актуарлық ақпараттық-талдау орталығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада «қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды» деген сөздер «қолданылған қадағалап ден қою шараларының есебін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында қолданылған қадағалап ден қою шаралары (ұсынымдық қадағалап ден қоюдың шараларынан басқа) туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-1) тармақша «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша «операторлары» деген сөзден кейін «, қаржы платформаларының операторлары» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «микроқаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін
«, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы «аудиторлық ұйымдарды» деген сөздерден кейін «, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-2-тармақта «сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымда сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорында, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
«2-4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалынан шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, халықаралық ұйымды не өзге де сараптама ұйымын тарту арқылы оның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне тәуелсіз бағалау жүргізуді талап етуге құқылы.
Тәуелсіз бағалау жүргізу кезінде қаралуға тиіс мәселелердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
4) 9-4-бапта:
тақырыбында «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының, актуарлық ақпараттық-талдау орталығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтыің 1) тармақшасында «(бұдан әрі – Қор)» деген сөздер «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры, актуарлық ақпараттық-талдау орталығы, » деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіби актуарий ретіндегі;»;
4-тармақта:
екінші бөлікте «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты және (немесе) оны лауазымға келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде сондай лауазымда болған» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың үшінші бөлігі «Қорда» деген сөз «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорында, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорында, актуарлық ақпараттық-талдау орталығында» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-2» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 және 22» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
53-3» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 222» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшада:
«біржолғы» деген сөз алып тасталсын;
«сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-6-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
5) тармақшада «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 224» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 48» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 және 166» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацында «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-7-бапта:
тақырыбы «брокерінің филиалы» деген сөздерден кейін
«, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«сақтандыру брокері қатысушыларының» деген сөздерден кейін
«, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
«Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бапта:
2) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша «ұйымы филиалының» деген сөздерден кейін
«, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан» деген сөздер «сақтандыру лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7) және 11-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жинақтау резервін, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін қоса алғанда, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру міндеттемелерін (резервтерін) қалыптастыруға және олардың құрылымына қойылатын талаптарды айқындайды;
11-2) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесі бекіткен тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидаларын және сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын келіседі;
11-3) тұрғынжайды міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
11-4) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін және оларды инвестициялау тәртібін белгілейді;
11-5) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілін тағайындайды;
11-6) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған цифрлық жүйесіне, тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары мен қайта сақтандыру шарттарын жасасуды, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры, сақтанушылар мен сақтандыру ұйымдары арасында ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурсына қойылатын талаптарды белгілейді;
11-7) аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлғаның Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының жекелеген функцияларын орындау үшін таңдау өлшемшарттарын айқындайды;
11-8) аутсорсингке берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функцияларын, операцияларын және (немесе) бизнес-процестерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
8) 13-2-баптың 1) тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын:
«, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының»;
9) 13-5-бапта:
1-тармақта
1) тармақшада «сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлерге» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына, кәсіби актуарийлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада «сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды» деген сөздер «сақтандыру, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «,Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«микроқаржы ұйымындағы» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«микроқаржы ұйымының» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), кәсіби актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкестігі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау;
10) 14-баптың бесінші бөлігі «коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның» деген сөздерден кейін «сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 15-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінде:
«банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының» деген сөздерден кейін «, қаржы платформалары операторларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, кәсіби актуарийлердің, актуарлық ақпараттық-талдау орталығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«коллекторлық қызмет,» деген сөздерден кейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздер алып тасталсын;
«банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының» деген сөздерден кейін «, қаржы платформасының операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
«және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының» деген сөздерден кейін «, қаржы платформасының» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 15-2-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тексерілетін субъектілердің қызметіне тексеру жүргізу үшін тартылған мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар, сондай-ақ өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өкілеттіктер шегінде қызметті дербес тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы хабарлауға міндетті.»;
13) 15-3-баптың 5-тармағында:
«оның ішінде электрондық түрде түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ» деген сөздерден кейін «өзінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің тексеруші жұмыскерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруін қамтамасыз етуге және тексеруші жұмыскерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдем көрсетуге міндетті.» деген сөздермен толықтырылсын.
екінші бөлік «шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тексерілетін субъектілерге» деген сөздерден кейін «және кәсіби актуарийлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 15-6-баптың 1-тармағы 2) тармақшасында «сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 15-7-бапта:
1-тармақта «сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасында «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру нарығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 15-8-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 15-9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға» деген сөздер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 15-23-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-2-бабында» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 175-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 15-34-бапта «Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 2-6-тараумен толықтырылсын:
«2-6-тарау. Қаржы платформасы
15-35-бап. Қаржы платформасы
Осы тараудың мақсаттары үшін қаржы өнімдері деп банктік, сақтандыру және микроқаржылық қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер түсініледі.
15-36-бап. Қаржы платформасының операторы
1) қаржылық көрсетілетін қызметтер операторымен шарт жасасқан қаржы ұйымдары ұсынатын қаржы өнімдерінің шарттарын салыстыруға мүмкіндік беретін қаржы өнімдері туралы ақпаратты қаржы платформасында орналастыруды;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы платформасының операторымен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін;
3) қаржы платформасында орналастыру мақсаттары үшін қаржы ұйымдарынан қаржы өнімдері туралы анық және өзекті ақпарат алу жөнінде шаралар қабылдауды;
4) қаржы платформасын пайдалана отырып жасалатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың әрекеттерін есепке алуды;
5) қаржы платформасының қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеуін;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдарының қаржы өнімдеріне басымдық беруді болдырмайтын қаржы платформасына қол жеткізуінің тең және кемсітпейтін шарттарын;
7) уәкілетті органның талаптарына сәйкес қаржы платформасының ақпараттық қауіпсіздігі және үздіксіз жұмыс істеуін;
8) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды, сақтандыру құпиясын, банк құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды;
9) қаржы платформасының қағидаларын және қаржы платформасының операторымен қаржы платформасы шеңберінде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан қаржы ұйымдарының тізбесін қаржы платформасында орналастыру және оларды өзекті күйде ұстауды қамтамасыз етеді.
1) қаржы платформасы қағидаларына қойылатын талаптар;
2) қаржы платформасы операторының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
3) қаржы өнімі туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар;
4) қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсатын беру тәртібі;
5) ақпараттық қауіпсіздікті және қаржы платформасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары.
15-37-бап. Қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша рұқсат беру туралы өтініш;
2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін қаржы платформасы қағидаларының көшірмесі;
3) кемінде бес қаржы ұйымының қаржы платформасы қызметтерін ұсыну шеңберінде қаржы платформасы операторымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру ниетін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері.
Қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш, өтініш беруші осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қаралады.
1) өтініш берушінің осы Заңның 15-36-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап __ жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.
15-38-бап. Қаржы платформасы операторларының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
Қаржы платформасы операторларының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында уәкілетті орган:
1) қаржы платформасы операторының қызметін және қаржы платформасының жұмыс істеуін реттеу саласында қаржы платформасы операторларының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді не беруден бас тартады;
3) осы Заң талаптарының және қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға және қаржы платформасының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде уәкілетті орган өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін белгіленген мерзімдерде қажетті ақпаратты ұсынбаған жағдайда жазбаша нұсқамалар жібереді;
4) осы Заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде операторларға санкциялар қолданады;
5) қаржы платформасы операторының қызметі және қаржы платформасының жұмыс істеуі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-39-бап. Қаржы платформасы операторының жолданымдарды қарауы
Жолданымды қаржы платформасы арқылы беруге болады.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмесе;
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе толық атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе;
3) жолданымда балағат не қорлайтын сөздер, қаржы платформасы операторының мүлкіне қатерлер, оның қызметкерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне қатер төндіретін сөздер бар болса;
4) жолданым оқылмаса;
5) жолданымды уәкілетті емес тұлға берсе.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаржы платформасының операторы өтініш берушінің өтінішін алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
15-40-бап. Жазбаша нұсқама және санкциялар
Қаржы платформасының операторына анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне нұсқама беру жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына әкеп соққан себептердің сипаты, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.
Қаржы платформасының операторына тәуелді емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықты жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ұзартуы мүмкін.
1) осы Заңда және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды сақтамау;
2) уәкілетті органның осы Заңның және (немесе) қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға және қаржы платформасының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау.
Қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатының қолданылуы тоқтатыла тұрған қаржы платформасының операторы қаржы платформасында бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылданған міндеттемелерді орындауға міндетті.
1) уәкілетті органның қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру себебін жоймау;
2) соңғы он екі ай ішінде қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың қолданылуын бірнеше рет (екі және одан да көп) тоқтата тұру;
3) қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) қаржы платформасы операторын ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тарату туралы шешім сияқты негіздердің бірі бойынша жүргізеді.
1) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.»;
3-тармақта «Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актiлерiмен» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде көлік құралдары иелерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын тексеруге міндетті.
2) 19-4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көлік құралдары иелерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.».
7-бапта:
2-1-тармақта «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 193-бабы
1-тармағының 21) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
11-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы «және бірыңғай сақтандыру дерекқорына» деген сөздермен толықтырылсын.
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабында айқындалған жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартының болуы талап етіледі.»;
2) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабында айқындалған жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) растайтын құқық белгілейтін және басқа құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған кезде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру шартының көшірмесі ұсынылады.».
1) 3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары» деген сөздерден кейін «Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры,» деген сөздермен толықтылсын;
«өзара сақтандыру қоғамдары» деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-баптың 3-тармағы 6) тармақшасының бесінші бөлігінде:
«өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздер алып тасталсын;
«, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры мүлікті ерікті сақтандыру шарттары бойынша төлемдер (қайта сақтандыру өтемі) жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын.
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
1-1) тармақша «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және банктік шоттардағы зиянды өтеу резервінің қаражатына;»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
1-1) тармақша «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және өтеу резервінің қаражатына» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 98-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшадан;»;
17) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«17) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына;»;
4) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары
«Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіп пен жағдайларда жасалған жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.»;
5) 163-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ортақ шартын жасасады.».
1) 16-6-баптың 7-тармағында «сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 60-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамасының» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 61-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 87-баптың бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарының» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 13-баптың 4-8), 4-9), 4-10) және 4-11) тармақшаларында «және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» деген сөздер «, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 26-7) және 26-8) тармақшаларында «және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» деген сөздер «, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 182-баптың 6 және 7-тармақтарында «және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» деген сөздер «, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын» деген сөздермен ауыстырылсын.
3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру.».
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтандырудың міндетті және топтық түрлері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдарға қатысты сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға, дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат беруге және дерекқордан сақтандыру есептерін алуға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырған;
5-3) «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметтің жүзеге асырған;
5-4) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры тұрғынжайларды міндетті сақтандыру шарттарын жасауға байланысты қызметті жүзеге асырған және «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған;»;
2) 23-1-баптың 1-тармағында «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде «сақтандыру және сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:
«71-1) тұрғынжайды жер сілкінісі, су тасқыны, су басу, табиғи сипаттағы орман өрті тәуекелдерінен міндетті сақтандыруға жататын өңірлердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) басым тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді. Тізбе Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша қалыптастырылады;»;
2) 12-баптың 1-тармағында:
87) тармақшада «, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
«98-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп тұрғынжайды міндетті сақтандыру мақсаттары үшін су тасқынына, су басуға, жер сілкінісіне және орман өртіне ұшырауы мүмкін аудандар мен қалалар (аудан құрамына кірмейтін) аумағының тәуекел деңгейін айқындау жөніндегі қағидаларды бекітеді;";
3) 62-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«62-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сақтандыру
Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне кіретін объектінің иесі «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіп пен жағдайларда үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты болмаған кезде өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне кіретін объектілердің қызметіне жол берілмейді.».
1) 1-баптың 24-1) тармақшасында «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Көлік құралдары иелерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларының және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде жүзеге асырады.
1) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында:
бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;
Тұрғын үйді міндетті сақтандыру қоры;
Актуарлық ақпараттық талдау орталығы;»;
2) 33-баптың 6-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3) 1-қосымшада:
реттік нөмірлері 56, 58, 58-1, 59 және 59-1 болатын жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
56. |
Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
|
1. Сақтандыру шарттарын жасасу және осындай сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу бойынша 2. Қайта сақтандыру шарттарын жасасу және осындай қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу бойынша |
Иеліктен шығарылмайтын; |
»;
«
|
58. |
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия |
Ерікті сақтандыру нысандарындағы сыныптар: 1. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру. 8. Ғарыш объектілерін сақтандыру. 9. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті зияннан сақтандыру. 10. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 11. Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 12. Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 13. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 14. Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру. 15. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінің 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. 16. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру. 17. Ипотекалық сақтандыру. 18. Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру. 19. Басқа да қаржылық залалдардан сақтандыру. 20. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағының 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру. 21. Сот шығыстарын сақтандыру. 22. Титулдық сақтандыру. Міндетті сақтандыру сыныптары: 1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 3. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 4. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 5. Туристі міндетті сақтандыру. 6. Міндетті экологиялық сақтандыру. 7. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 8. Тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру. 9. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру. 10. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 11. Адвокаттың кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 12. Заң кеңесшісінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 13. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 14. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. |
Иеліктен шығарылмайтын; |
|
58-1. |
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия |
Ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар: 1. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру. 8. Жүктерді сақтандыру. 9. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті зияннан сақтандыру. 10. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 11. Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 12. Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 13. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 14. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру. 15. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінің 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. 16. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру. 17. Ипотекалық сақтандыру. 18. Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру. 19. Басқа да қаржылық залалдардан сақтандыру. 20. «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағының 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру. 21. Сот шығыстарын сақтандыру. 22. Титулдық сақтандыру. Міндетті сақтандыру сыныптары: 1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 3. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 4. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 5. Туристі міндетті сақтандыру. 6. Міндетті экологиялық сақтандыру. 7. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 8. Тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру. 9. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру. 10. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 11. Адвокаттың кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 12. Заң кеңесшісінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 13. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 14. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру. |
Иеліктен шығарылмайтын;
|
|
59. |
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия |
1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру. 2. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру. 3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру. 5. Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
|
Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
|
59-1. |
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия |
1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру. 2. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру. 3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру. 5. Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру |
Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
63 және 63-1-реттік нөмірлі жолдар алып тасталсын;
64, 64-1 және 65-реттік нөмірлі жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
64. |
Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия |
|
Иеліктен шығарылмайды; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия берілген кезде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының қолданысы таралмайды; 1-сынып |
|
64-1. |
Исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия |
|
Иеліктен шығарылмайды; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия берілген кезде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының қолданысы таралмайды; 1-сынып |
|
65. |
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия |
|
Иеліктен шығарылмайды; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия берілген кезде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының қолданысы таралмайды; 1-сынып |
»;
2-қосымша мынадай мазмұндағы 87-20-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
«
|
87–20 |
Қаржы өнімдерін сатып алу бойынша мәмілелер жасасу үшін қаржылық платформа операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру |
Қаржы өнімдерін сатып алу бойынша мәмілелер жасасу үшін қаржылық платформа операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат |
Иеліктен шығарылмайды |
».
1) 3-баптың 3-тармағындағы «сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ерікті медициналық сақтандырумен өзара іс-қимылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленетін тәртіппен жабу көлемдерін аражігін ажырату және бір ғана медициналық көрсетілетін қызметке жұмсалған шығыстарды бірнеше көзден өтеуге жол бермеу негізінде жүзеге асырылады.».
3) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының келісімі болған кезде, ерікті медициналық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына сақтандыру тәуекелін бағалау, сақтандыру сыйлықақысын есептеу, көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын бақылау үшін қажетті мәліметтерді ұсыну;».
1) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерінің (қайта сақтандыру өтемі)» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың үшінші бөлігінің 1-1) тармақшасы «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемі) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және банктік шоттардағы зиянды өтеу резервінің қаражатына»;
11-тармақтың екінші бөлігінде:
«табиғи немесе техногендік сипаттағы» деген сөздерден кейін «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан төлемдер ретінде алынған сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемі)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және банктік шоттардағы зиянды өтеу резервінің қаражатына»
«көлеміне бөлінетін трансферттерге» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
«ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына» деген сөздерден кейін «, Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры қалыптастыратын сақтандыру төлемдерін кепілдендіру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына» деген сөздермен толықтырылсын.
2) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында:
«табиғи немесе техногендік сипаттағы» деген сөздерден кейін «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан төлемдер ретінде алынған ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
«, Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры қалыптастыратын сақтандыру төлемдерін кепілдендіру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына» деген сөздермен толықтырылсын.
2-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 23-баптың 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
2) 33-баптың 7-тармағында:
4)-тармақша «жүзеге асыруға» деген сөзден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
7)-тармақша «шартының көшірмесін ұсынуға» деген сөздерден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Адвокаттың қызметін сақтандыру
Адвокат «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаған кезде ол білікті заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Егер адвокат адвокаттық кеңсенің серіктесі болып табылған жағдайда, оның кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.».
4) 76-баптың 4-тармағында:
8)-тармақшада «кәсіптік жауапкершілігін» деген сөздерден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
14)-тармақша «кәсіптік жауапкершілікті» деген сөздерден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Заң кеңесшісінің қызметін сақтандыру
Заң кеңесшісі «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда кәсіптік жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Заң кеңесшісінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаған кезде ол білікті заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Егер заң кеңесшісі заңды тұлғамен еңбек қатынастарында болған жағдайда, заң кеңесшісінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеті осы заңды тұлғаға жүктеледі.»;
6) 83-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «кәсіптік жауапкершілігін» деген сөздерден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын.
1) 1-баптың 6)-тармақшасы «сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 8-тармағындағы «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың 3-тармағының 8)-тармақшасындағы «кәсіптік» деген сөз «азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 1-баптың 35)-тармақшасындағы «немесе уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде» деген сөздер алып тасталсын;
2) 9-баптың 12-тармағында:
бірінші абзацындағы «, ұйымның капиталына қомақты қатысу» деген сөздер алып тасталсын;
5)-тармақшасы алып тасталсын;
3) 23-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 19)-тармақшамен толықтырылсын:
«19) «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржылық платформа операторының қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде, қаржылық платформа операторының қызметін жүзеге асыруымен.»;
4) 29-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 2)-тармақшасындағы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабының 3-тармағында» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 60-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Тұрғынжай ипотекалық қарыз шартын жасасу кезінде «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үйге қатысты осындай шарт жасасқан қарыз алушы банкке тұрғынжайды міндетті сақтандырудың жасасқан шартын ұсынады.
Тұрғынжайды міндетті сақтандырудың қолданыстағы шарты тұрғын үй ипотекалық қарызының бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын банкке ұсынылады.»;
6) 61-баптың 10-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2)-тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға»;
7) 70-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
8) тармақша мынадац редакцияда жазылсын:
«8) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және банктік шоттардағы зиянды өтеу резервінің қаражатына;»;
21) тармақша «, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері (қайта сақтандыру өтемақысы) ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан төлемдер ретінде алынған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жазбаша нұсқама банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген, орындалуы міндетті шараларды қабылдау туралы нұсқау болып табылады.
Жазбаша нұсқамада уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органның осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын ол уәкілетті органға келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша уәкілетті органның ескертулері болған жағдайда және (немесе) егер жоспарланатын іс-шаралардың көлемі жиырма іс-шарадан асатын болса, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімін уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тек бір рет қана ұзартуы мүмкін.
Іс-шаралар жоспарына ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалармен бірлесіп талқылаулар жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар пысықталған іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органға ұсынады не мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өз негіздемелерін ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған жағдайда, уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды көрсете отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.»;
9) 81-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға уәкілетті органның мәжбүрлі қадағалап ден қою шарасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының әрбір пунктінің орындалуына жауапты қызметкерлерді көрсете отырып, уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға ұсынған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулері болған жағдайда, уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлесіп талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған, уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады не мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға ұсынған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе ол бойынша жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігі туралы нұсқауды қамтитын өз қорытындысын жібереді.»;
10) 116-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері,» деген сөздерден кейін «Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттер» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері,» деген сөздермен толықтырылсын;
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының,» деген сөздермен толықтырылсын.
1-баптың 25-тармағының 19) тармақшасында:
жиырмасыншы абзацтағы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 52-2» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 173» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бірінші абзац «сақтандыру қызметі» деген сөздерден кейін «, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;
қырық жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тараудың қаржылық қызметтерді тұтынушыға қатысты қолданылатын ережелері сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда басқа сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының басқа филиалына талап қойған кезде сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына қолданылады.»;
елу екінші абзац «сақтандыру ұйымдарымен» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен» деген сөздермен толықтырылсын;
елу үшінші абзац «сақтандыру ұйымдарымен» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
елу төртінші абзац «сақтандыру ұйымымен» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен» деген сөздермен толықтырылсын;
елу тоғызыншы абзац «сақтандыру ұйымдарымен» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
жүз сексен бесінші абзацтағы «сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының «Сақтандыру нарығы туралы» Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екі жүз екінші абзац «сақтандыру ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
екі жүз жиырма екінші абзацтағы «сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті