«Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы

«Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібінде және мерзімдерінде:

3-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Зейнетақы аннуитеті шарты немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) сақтандыру ұйымына жазбаша түрде жүгінуі не көрсетілген тұлғалар мен сақтандыру ұйымы арасында электрондық түрде ақпарат алмасу арқылы жасалады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мақсатында сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

1) өтініш;

2) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (идентификаттау үшін);

3) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) банктік деректемелері туралы мәліметтер;

4) өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) өтініш беруші және (немесе) алушы және (немесе) сақтанушы және (немесе) сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартында пайда алушы ретінде көрсетуге ниет білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) сақтандырылушыда (сақтандырылушыларда) мерзімсіз уақытқа (қайта куәландыру мерзімі жоқ) белгіленген мүгедектіктің бар екені туралы мәліметтер.»;

6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Сенім білдірілген тұлға өтініш берушінің және (немесе) алушының және (немесе) сақтанушының атынан өтініш беру мақсатында Қағидалардың 4-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қатар, сақтандыру ұйымына:»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын пайдалана отырып зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы:

1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген «Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысында көзделген кез келген тәсілмен өтініш берушіні (өтініш берушілерді) және (немесе) алушыны (алушыларды) және (немесе) сақтанушыны (сақтанушыларды) идентификаттауды;

2) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының  (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге және оларды СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымға және (немесе) Жөнелтуші қорға және (немесе) жөнелтуші сақтандыру ұйымына цифрлық нысанда беруге келісімін алуды;

3) өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту туралы хабарламаны (Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып) электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;

4) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының цифрлық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

5) зейнетақы аннуитеті шартын өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) үшін тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса берілген цифрлық нысанда сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтауды;

6) өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) сақтандыру ұйымына:

мәліметтерді өзгерту, оның ішінде қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасасу;

Кодексте көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты цифрлық нысанда жасау және жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;

         8-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«8-1. Сақтандыру ұйымы Қағиданың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ақпаратты сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқоры жүйесі арқылы тексереді.»;

9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) немесе сенім білдірілген өкіл ұсынған құжаттарға ескертулер болмаған кезде сақтандыру ұйымы:»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Өтініш беруші және (немесе) алушы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Жөнелтуші қордың ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аударуға өтініш;

2) өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және оның түпнұсқасы.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Жөнелтуші қор Қағидалардың 11 немесе 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – № 208 қағидалар) айқындалған тәртіпке, сондай-ақ төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарына сәйкес зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылатын жеке тұлғалар көрсетілген жиынтық төлем хабарламасын қалыптастырады және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару үшін оны өзінің кастодиан банкіне жібереді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Жөнелтуші қордың кастодиан-банкі № 208 қағидалармен айқындалған форматтағы жиынтық төлем тапсырмасымен ресімделген төлем хабарламасын және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарына сәйкес өтініш берушінің және (немесе) алушының қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы Жөнелтуші қордан келіп түскен хабарламаны алған кезде, оны Жөнелтуші қор бастамашылық еткен күні өтініш берушінің және (немесе) алушының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Экономика секторларының кодтарын және төлемдердің мақсаты кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) сәйкес айқындалатын төлем мақсаты кодтарын көрсете отырып, сақтандыру ұйымына аударады.»;

22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Сақтандыру ұйымынан жинақталған зейнетақы қаражаты қайтарылған кезде Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.

Сақтандыру ұйымының жинақталған зейнетақы қаражатын қайтаруға арналған төлем тапсырмасын қалыптастыруы № 208 Қағидаларда және № 203 Қағидаларда талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру ұйымы қайтару сомасын, сондай-ақ ол бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын Жөнелтуші Қорға қайтару жүзеге асырылатын төлем тапсырмасының нөмірі мен күнін көрсете отырып, № 208 қағидаларда және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында айқындалған тәртіппен жинақталған зейнетақы жинақтарын қайтаруға арналған жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады.

  1. Сақтанушы сатып алу сомасын басқа сақтандыру ұйымына аудару мақсатында Жөнелтуші сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жөнелтуші сақтандыру ұйымының ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша сатып алу сомасын аудару туралы өтініш;

2) сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы (идентификаттау үшін).»;

34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы сақтанушыға немесе сенім білдірілген өкілге шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішті орындау мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде дәлелді жауап береді:

1) сақтанушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН сәйкес келмеген жағдайда;

2) сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініш берілген күні Алушы қорға ақшаны қайтару бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы жеткіліксіз болғанда;

3) Қағидалардың 29 және (немесе) 31-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуі;

4) шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініш осындай шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жылдан аз мерзімді құрайтын мерзімде келіп түсті.

«35. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлем жүйесі арқылы № 208 қағидаларда және хабарлар форматтарында айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасымен аударады, жеке тұлғаларды және № 203 қағидаларға сәйкес төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен және оны ақшаны Алушы қорға қайтару үшін өзінің кастодиан банкіне береді.

Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішті қарау кезеңінде сатып алу сомасының өзгеруі Алушы қорға қайтарылуға тиіс ақша сомасын аударудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Жөнелтуші қор және (немесе) жіберуші сақтандыру ұйымы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымды сақтандыру сыйлықақысын және (немесе) сатып алу сомасын сақтандыру ұйымына аударудың жүзеге асырылғаны туралы не сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымына аударудан бас тартылғаны туралы, бас тарту себебін көрсете отырып, мынадай жағдайларда хабардар етеді:

1) БСДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымның электрондық хабарламасында көрсетілген өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН-і жөнелтуші қордың немесе сақтандыру ұйымының деректер базасында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (ол болған жағдайда), ЖСН-іне сәйкес келмеген жағдайда;

2) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында, 220-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар санаттарына сәйкес келмеуі;

3) егер сақтандыру төлемдерінің кестесіне сәйкес әрбір сақтандырылушыға ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері Кодексте белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданыста болған мөлшерден аз болса;

4) егер міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын (болған жағдайда) есепке алу үшін өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы сомасы жинақталған зейнетақы қаражатын аудару күніне зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген жинақталған зейнетақы сомасынан аз болса;

5) зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімді жасасу күніне өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) жеке басын куәландыратын құжаттың жарамсыздығы;

6) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адам қайтыс болғанда.».

  1. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы
Дата публикации
29 июля 2026