Жоба банк қызметін пруденциалдық реттеуді өзектендіруге және жетілдіруге, қайталанатын және өзектілігін жоғалтқан талаптарды жоюға, жекелеген пруденциалдық талаптардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыруға, исламдық қаржыландыру мен цифрлық қаржы құралдарын дамытуға, сондай-ақ жекелеген талаптарды ҚР заңнамасына сәйкес келтіруге бағытталған.