Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сақтандыру қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігінің

Төрағасы                                                                М. Әбілқасымова

 

 


Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Басқармасының

2026 жылғы «___» ______

№____ қаулысына

қосымша

 

 

Сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

 

  1. «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі
    № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандырушы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын және өмірді сақтандыру шартын және зейнетақы аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, өзінің сақтанушыларына жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша қарыздар береді. Қарыздар осы Қағидалардың 
2-1-тарауына сәйкес есептелген сатып алу сомасы шегінде беріледі.».

  1. «Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы
    1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 3-тармақтың 4) және 7) тармақшаларында «заңнамалық актілері», «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдары», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-тармақтың 2), 3), 5), 7), 9) және 10) тармақшаларында «заңнамалық актілерінің», «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарының», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 8-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен  толықтырылсын:

«2-1) сақтандыру агенті туралы ақпаратты Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың көруі және танысуы (интернет-ресурстарды қоса алғанда) үшін қолжетімді жерде орналастырады;»;

4) 1-қосымшаның 11-тармағында «Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала» деген сөздер сол жазу ретімен «Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 2-қосымша (кесте) мына форматқа сәйкес келтірілсін:

Сақтандыру ұйымының,

Қазақстан Республикасы

бейрезидент-сақтандыру ұйымы

филиалының сақтандыру, оның

ішінде сақтандыру нарығының

қатысушыларымен өзара қарым-

қатынастағы қызметін жүзеге

асыруына, сақтандыру ұйымы

мен сақтандыру агентінің

арасында жасалатын тапсырма

шартына қойылатын және

сақтандыру агентінің

сақтандыру нарығында

делдалдық қызметті жүзеге

асыруға өкілеттіктеріне

қойылатын талаптарға, сондай-

ақ сақтандыру агенттерін

оқытудың ең қысқа

бағдарламасын және оқытуды

жүргізудің тәртібіне қойылатын

талаптарға

2-қосымша

 

Нысан

 

Сақтандыру агенттерінің тізілімі

(сақтандыру ұйымының атауы)

 

№

Сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Шарттың нөмірі мен күні

Сақтандыру агентінің байланыс телефонының нөмірлері

Сақтандыру агентінде заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі (жеке тұлға үшін)

Сақтандыру агенті туралы мәліметтерді тізілімге енгізу үшін жауапты тұлға

Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау күні

Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Бас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Филиал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы
    7 маусымдағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында «ақпараттық жүйе», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың», «электрондық нысанда» деген сөздер «цифрлық жүйе», «цифрлық технологиялардың», «цифрлық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын; 

2) 8-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында «ақпараттық жүйесі», «электрондық нысанда» деген сөздер «цифрлық жүйесі», «цифрлық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын; 

3) 9-тармақтың 3) тармақшасында «ақпараттық жүйелеріне» деген сөздер «цифрлық жүйелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 

4) 14-тармақта «ақпараттық жүйелерінің», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйесінде» деген сөздерді «цифрлық жүйелерінің», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын және мынадай редакцияда жазылсын: 

«14. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыстығын тексереді және өтініш берушіге және (немесе) алушыға немесе сенім білдірілген адамға Жөнелтуші қордың ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Егер Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында,
221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, Жөнелтуші қор Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Жөнелтуші қордың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім шеңберінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33675 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығымен бекітілген Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ алушылар мен зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларына сәйкес зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және онда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің және (немесе) алушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі болған жағдайда, өтініш білдірген өтініш берушіден және (немесе) алушыдан «МОДБ» АЖ-дан мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы мәліметтерді сұратады.

Егер Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, Жөнелтуші қор өзінің цифрлық жүйесінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай төлеу фактісін тексереді.»;

5) 41-тармақтың 3-бөлігінде «ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 

6) 49-тармақта «ақпараттық жүйелерінен» деген сөздер «цифрлық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасы
Дата публикации
08 июня 2026