Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – агенттік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қарайды.
Агенттік жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өтеусіз негізде қарайды.
Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және өтінішті қарау нәтижесі өтінішті кім ұсынғанына байланысты емес: жеке тұлға немесе оның мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестік.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді беру, оларды тіркеу тәртібі, оларды қарау мерзімдері Кодексте айқындалған.
Кодекске сәйкес субъектілер мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
Қаржы ұйымдары құқықтарын бұзған адамдар жазбаша өтініш беру жолымен не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында Кодексте белгіленген тәртіппен Агенттікке жүгінуге құқылы.