Ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары
(оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтері, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Мына:
Қағидалардың 1-қосымшасының 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«12. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің сипаттамасы:
1) ақпараттың конфиденциалды, тұтас және қолжетімді болуын қамтамасыз ету шаралары;
2) ақпараттық жүйелерге және криптографиялық кілттерге қолжетімділікті басқару тәртібі;
3) рұқсатсыз қолжеткізуден, кибероқыс оқиғалардан және цифрлық платформаның жұмысын бұзудан қорғау шаралары;
4) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою тәртібі, оператор мен уәкілетті органға хабарлау;
5) ақпараттық қауіпсіздік және IT-тәуекелдерін басқару саласындағы ішкі саясаттар мен рәсімдердің бар екендігі туралы мәліметтер.»;
Қағидалардың 2-қосымшасының 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:
«12. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің сипаттамасы:
1) ақпараттың конфиденциалдығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары;
2) ақпараттық жүйелерге және криптографиялық кілттерге қолжетімділікті басқару тәртібі;
3) заңсыз қол жеткізуден, кибероқыс оқиғалардан және цифрлық платформаның жұмыс істеуіне араласудан қорғау шаралары;
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына әрекет ету, оператор мен уәкілетті органға хабарлау тәртібі;
5) ақпараттық қауіпсіздік және IT-тәуекелдерін басқару саласындағы ішкі саясаттар мен рәсімдердің бар екендігі туралы мәліметтер.».
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
|
М. Абылкасымова |