Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру

Осы бағыт шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардан келіп түсетін жолданымдарға талдау, сондай-ақ ағымдағы заңнамаға талдау жүргізеді.

Тұтынушылардың жолданымдарын талдау қаржы ұйымдарымен байланысты неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерді анықтауға және тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жүйелі талдау негізінде тиісті заңнамалық бастамалар мен нормативтерді енгізу мақсатында барынша өзекті және проблемалық бағыттар айқындалады.

Қазіргі уақытта профилактикалық іс-қимылды қадағалау және қаржы нарығындағы жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл жүйелері әзірленуде.

Осылайша, қорғаудың тиімділігін арттыру құқық қолдану практикасының пәрменді шараларына және құқықтық реттеу арқылы тұтынушылық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған алдын алу шараларының жүйесіне байланысты.

 

 

Документы
НҚА жобасы
20 января 2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер алмасу қағидаларын бекіту туралы
Агенттік қаулысы
29 августа 2024
Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті
Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Меморандум
05 декабря 2022
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум
Новости
Полезные материалы
31 тамыздан бастап кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері

1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы
Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.

2. Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беру
Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол - алаяқ деген сөз. Басқаша болмайды!

3. Қажетті лицензиялардың болмауы
Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысу керегінің бар-жоғы жөнінде мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді ешкім қорғай алмайды.

4. Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін
Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі болып табылады, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.

5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы
Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.

6. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы
Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді.
Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.

7. Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады
Егер компания осылай жасаса, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.

8. «Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады
Асығыс шешім қабылдамаңыз! Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. Оның заңды күші бар ма?

 

Қаржыпирамидасынқалайтануға болатындығы туралы қосымшаақпаратты мына жерден қараңыз

Дропперлік деген не және оған қалай түсіп қалмау керек?
Дропперлік схемалар алаяқтарға қаражаттың шығу көзін жасырып, ізін жоғалтуға мүмкіндік береді. Алайда дәл дропперлер көбінесе тергеу істерінің басты күдіктілеріне айналады, себебі банк операцияларында олардың деректері көрсетіледі.2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК 232-1-бап).
Сондықтан мұндай әрекеттерге бір рет қатысуға келісудің өзі ауыр салдарға : қылмыстық жазаға, соттылыққа және сенімнен айырылуға әкелуі мүмкін.
Өзінің банк картасын немесе шотын беру үшін (3 жыл);
Алаяқтардың мүддесіне ақша аударғаны немесе төлем жасағаны үшін (5 жыл);
Қасақана өзгенің деректерін қылмыстық мақсатта пайдаланғаны үшін (7 жыл).«Жеңіл табыс» туралы ұсыныстарға күмәнмен қараңыз!
Жұмыс берушілерді тексеріңіз: адал компаниялар ресми келісімшарт жасайды және хат алмасу барысында жеке деректерді талап етпейді.
Ешқашан банк карталарыңызды, кодтарыңызды, ИИН/ЖСН-іңізді, құпиясөздеріңізді және SMS-растауларды үшінші тұлғаларға бермеңіз!
Егер сізді алаяқтық схемаға тартуға тырысуда деген күдік болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы