
2025 жылдың 18 ақпанында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына Сейітова Күміс Қарсақбайқыы тағайындалды.
Сейітова Күміс Қарсақбайқызы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жезқазған педагогикалық институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.
2004-2023 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соңғы лауазымы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.