
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына алғаш рет ресми сапармен келді.
Елші сапарының негізгі мақсаты — Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуге арналған жұмыстармен танысу және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту.
Осы орайда Дэниел Розенблюм Ұлттық орталықтың «Ұлы Дала мұрасы» көрмесіндегі қазақ жазу мәдениетінің тарихымен танысып, көне жазба деректерді қалпына келтіру және консервациялау зертханасының жұмысын көрді.
Келіссөздер барысында Елші АҚШ-тың кітапханалары мен архивтерінде Қазақстан тарихына қатысты сақталған маңызды құжаттарды тарихи отанына қайтаруға қолдау көрсететінін атап өтті.