«Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбындағы өңірлік семинар өтті

«Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбындағы өңірлік семинар өтті
Атырауда «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.
 
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Атырау облысы әкімдігінің бірлесуімен өткен семинардың мақсаты - өңірдегі архив және мекеме, ұйымдардың ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, архивтік құжаттармен жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе алмасу.
 
Семинарға Ақтау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарының басқармалары, мемлекеттік архивтердің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ ведомстволық архивтердің өкілдері қатысты.
 
Пленарлық отырыста ведомстволық деңгейде архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, архив саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу мәселелері талқыланды.
 
Отырыстың секциялық жұмысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері "Е-архив" ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау" және "Архив ісі саласындағы мемлекеттік бақылаудың негізгі өлшемшарттары" тақырыптарында баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
 
Сонымен қатар семинар қатысушылары «Атырау мұнай газ өндіру зауыты» ЖШС мен «Қазхром ТҰК» АҚ-дағы ведомстволық архивтердің құжаттарын сақтау жағдайымен танысты.