Қазақстандық архив басшылары «Узархив» агенттігінің директорымен кездесіп, архиваралық байланыс туралы талқылады

Қазақстандық архив басшылары «Узархив» агенттігінің директорымен кездесіп, архиваралық байланыс туралы талқылады
ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты архив басшылары Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігінің директоры У.Юсупов пен «Узархив» агенттігінің ақпараттық қызметінің басшысы А.Алиевпен кездесті.
 
Кездесу барысында Қазақстан және Өзбекстан архивтерінің арасындағы ынтымақтастық байланысты дамыту, электрондық архивті құрастыру бағытында атқарылып жатқан тәжірибемен бөлісу, өзектілігі жоғары тақырыптарда ортақ құжаттық жинақтар шығару және т.б. мәселелер қозғалып, қос тараптан ұсыныстар айтылды.
 
«Узархив» агенттінің өкілдері қазақстандық архивтермен болашақта бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге және тәжірибе алмасуға ниетті екендігін жеткізді.