Сәуле Досжанның шығармашылығына арналған «Сәуле Досжан» атты библиографиялық еңбектің тұсауы кесілді

Сәуле Досжанның шығармашылығына арналған «Сәуле Досжан» атты библиографиялық еңбектің тұсауы кесілді

          

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәуле Досжан» атты библиографиялық еңбектің тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты – жазушы Сәуле Досжанның бай әдеби және өзекті публицистикалық шығармашылығымен таныстыру, сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиетін насихаттау.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал   Оспанова құттықтау сөзбен ашып, жазушы Нұрдәулет Ақыш, қазақ телевизиясының ардагері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері Жұмаш Кенебай және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық кітапханасы жинақтаған библиографиялық еңбекке 1981 жылдан бастап 2024 жылдың шілдесіне дейін қазақ, орыс және әлемнің басқа да тілдерінде жарық көрген кітаптар, мақалалар және мерзімді басылымдардағы жарияланымдар енгізілген.

Сәуле Досжан – «Жыр тәж», «Арман қала», «Менің жалғыз серігім» жыр жинақтары, «Үшінші есіктің құпиясы», «Құдіретті қалам иесі», «Өгей жүрек», «Екі күйеулі келіншек», «Сағыныш», «Жатқа туған бала», «Ауылдан шыққан миллионер», «Қызмет қамақтағы әйел» әңгіме-повестері, «Үлкен үйдегі үрей», «Қасірет пен тағдыр», «Үзілмеген үміт», «Біртуар», «Жалғыздың жарасы», «Мың жылдық махаббат», «Өмір бәйтерегі» романдарының, сондай-ақ көптеген қызықты шығармалардың авторы. Оның шығармалары ағылшын, араб, венгр, қырғыз, қытай, орыс және т.б. тілдерге аударылған.

Шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәулелі ғұмыр» атты кітап   көрмесі таныстырылды.

Жиынға қазақтың белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.