«Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

«Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Бүгін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Жиынға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі, ғалымдар мен еліміздің барлық аймақтарынан архив, кітапхана, музей және ғылыми орталықтың мамандары, ирандық каллиграф және реставратор мамандар қатысты.

Семинар барысында Ирандағы каллиграфия мен реставрацияның дәстүрлі үлгілері және бірегей тәжірибелері талқыланып, қазақ-иран мәдени мекемелері арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері көтерілді. Семинарға қатысушылар екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды одан әрі дамыту және жазба мұраны сақтау мен насихаттау саласында тұрақты тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

Семинар аясында шеберлік сағаты өтіп, мамандар өз еліндегі шеберліктері мен жұмыс тәсілдерін көрсетті. Халықтың бірнеше ғасырлық рухани, саяси, мәдени және тарихи дереккөздерінің бірі болып саналатын қолжазба жәдігерлерін сақтау, оларды жинап-жүйелеу, қалпына келтіру, цифрландыру саласында Қазақстан мен Иранның реставратор және каллиграф мамандары тәжірибе алмасты.

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік апталық екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытумен қатар мамандардың кәсіби тәжірибесін байытуға мүмкіндік береді.