Екі ел арасындағы архив саласының байланысын нығайту туралы кездесу өтті

Екі ел арасындағы архив саласының байланысын нығайту туралы кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлы бастаған қазақстандық делегация мен Өзбекстан Республикасының архив басшылары арасында «Архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды арттыру» тақырыбында кездесу өтті.

Жиын барысында Комитет төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов алдағы уақытта екі елдің архивтері арасында бірлесе отырып ауқымды іс-шаралар өткізу және архивтік тарихи құжаттардың жинақтарын шығару мәселелерін талқылады.

Қос елдің архивтері арасындағы құжаттық келісім аясында алдағы уақытта тығыз байланыс орнату, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру, электронды архивтердің ақпараттық жүйелерін толықтыру мәселелері де қаралды.

(с) Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі.