ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды
  • Солтүстік Қазақстанда туризмді дамыту, С.Сейфуллиннің 130 жылдығы және ерекше қажеттіліктері бар артистерді қолдау: Асхат Оралов азаматтарды қабылдады
  • Каратэден Қазақстан құрамасы Малайзияда өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды
  • Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қазақстандық анимация саласының мамандары Түркия мен Польшада біліктілік арттыруда
  • Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 4 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде. Әлем чемпионаты 14-25 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтті
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Kids go free бағдарламасының арқасында қазақстандық отбасылар балалардың әуе билеттерінен 26 млн теңге үнемдеді
  • Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе өсті
  • Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алды. Ресми құжатты Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне жолдады
  • Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Президенті қызметіне тағайындалды.
  • «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметіне Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Жаңа басшыларды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.