«Шексіз тарих беттері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағының электрондық нұсқасының тұсаукесері өтті

«Шексіз тарих беттері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағының электрондық нұсқасының тұсаукесері өтті

2023 жылғы 27 маусымда ҚР ОМҒТҚА осы жылдың ақпан айында өткізген «Шексіз тарих беттері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағының электрондық нұсқасының тұсаукесері өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұйымдастырды.

Жинақ ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаеваның кіріспе сөзімен ашылды. Келесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаеваның, ҚР Ұлттық архив директоры С.Е. Нұрланованың, ҚР ОМА директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.К. Шілдебайдың конференцияға қатысушыларға құттықтаулары орналастырылды.

Жинаққа конференцияға қатысушылардың баяндамалары енгізілген. Олардың ішінде: ОМҒТҚА бас қор сақтаушысы М.М. Бейсембаева; ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы А.А. Смағұлова; техника ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері С.Қ. Жақсыбаев (Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы); Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Машинатану және автоматика институтының аға ғылыми қызметкері (Бішкек қаласы) Э. Н. Абсаматов; тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ доценті. Г.С. Жүгенбаева; ҚР ОМА жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты З.М. Төленова; ҚР ОМА ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Р.Е. Оразов; Түркістан облысы мемлекеттік архивінің директоры А.Қ. Исатаева; Абай ат. ҚазҰПУ PhD- докторанты А.С. Шүйіншәли; Абай ат. ҚазҰПУ магистранты А. Асанәлі; Қызылорда медициналық колледжінің студенті А. Жасұлан.

Конференция аясында 2022 жылы ҚР ОМҒТҚА ұжымы дайындаған «Из истории проектирования административных зданий республиканских органов государственного управления и общественных организаций в г. Алма-Ате (1940–1990-е гг.)» құжаттар мен материалдар сериясы жинағының тұсаукесері өтті. Жинаққа жауапты құрастырушысы В.Е.Печерскихтің басылым құрамы мен мазмұны, оған енген негізгі архитектуралық құрылыс жобалары туралы ақпараты енгізілген.

Жинақтың ақпараттық блогы ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаеваның конференция қатысушыларына қорытынды сөзімен аяқталады.

Жинаққа конференцияда түсірілген фотолар қосымша болып енгізілді.    

Жинақтың электронды нұсқасы ОМҒТҚА сайтында орналастырылған.