
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматы қаласында архив мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Оған басқа командалармен қатар алғаш рет Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің «Самұрық» командасы да қатысты. Дебют сәтті өтті. «Жетісу» командасымен табанды күресте біздің команда жүлделі үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды финалда Алматы қаласының мемлекеттік архивінен келген қарсыластарынан басым түскен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің командасы иеленді.
Бұл турнир тек спорттық жетістіктермен ерекшеленген жоқ. Жүлделерді тапсыру кезінде үшінші орын үшін матчтағы қарсыластары – «Жетісу» командасына өзінің бағалы сыйлығын тапсырған «Самұрық» командасының (ОМҒТҚА) игі әрекеті барлық қатысушылардың есінде қалды. Бұл сыпайы ишарат көпшілікті таң қалдырды, бірақ басқаша болуы мүмкін емес еді. Марапатқа лайық жандарға құрмет көрсету біздің ынтымақты ұжымда дәстүрге айналған. Мемлекеттік мереке қарсаңында өткен бұл іс-шара архивтер бірлігінің өзіндік белгісі болғандай.