
2023 жылғы 27-28 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен Жетісу және Алматы облыстарының архив саласының қызметкерлеріне «Архив-2025» бағдарламасы аясында:
- «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты оқу семинары өткізілді.
Сонымен қатар қосымша:
- «Бірыңғай электрондық архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмыс. Жинақтау көздерінің тізімдеріне әдістемелік көмек көрсету»;
- «Архив ісі саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер туралы» тақырыптарда - өңірлік семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары мен мамандары, мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.