
12 сәуірде Алматы қаласының мектеп оқушылары үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Архивке экскурсия алдында оқушыларға ОМҒТҚА тарихы туралы видеоролик көрсетіліп, жарияланған құжаттар жинақтарына арналған көрме өткізілді. Содан кейін архив қоймаларына экскурсия өткізілді, онда оқушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және басқа құжаттарды сақтаудың негізгі ережелерімен танысты. Сондай - ақ оларға ерекше құнды құжаттар - архивтің сирек кездесетін құжаттарын көруге мүмкіндік берілді.
Мектеп оқушылары Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің жұмысымен, архивтік құжаттарды А5-тен 2хА0-ға дейінгі форматтағы жабдықтарды пайдаланған электрондық форматқа көшіру барысымен танысты.
Экскурсия соңында оқушыларды оқу залының жұмыс тәртібімен және архивтің ғылыми-зерттеу қызметі үшін ұсынған ресурстарымен таныстырды.
Тақырыптық экскурсия оқушылардың тарихи құжаттармен жұмыс істеуге деген қызығушылығын оятуға бағытталды.