
Мемлекет Басшысының «Қазақстан-2050 «Стратегиясы» «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, мәдениет және архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірледі.
Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті 16 ақпанда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар архиві, Орталық мемлекеттік кинофото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві қызметкерлерінің қатысуымен архив ісі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заң жобасын талқылады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын (яғни, тұрақты, мәңгілік сақтауға жататын құжаттарды) ғана емес, сонымен қатар басқа да архив құжаттарын, оның ішінде жеке құрам, ұғымдық аппарат, Ұлттық архив құрамы бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін заңның қолданылу аясын кеңейту, архив құжаттарын электрондық нысанға аудару бойынша енгізілетін нормалар түсіндірілді.
Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі және жеке құрам бойынша заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың міндетін көздейтін нормаларға, сондай-ақ аудиовизуалды құжаттаманы жасауға, жариялауға (өндіруге), таратуға және таратуға қатысатын заңды тұлғалардың аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын тапсыруына назар аударылды.