
ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының бұйрығымен Ильяс Башарұлы Ысқақов ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві директоры қызметіне тағайындалды.
И.Ысқақов 1963 жылы Жамбыл облысының Қаратау ауылында туған.
Білімі:
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты (Филология факультеті);
Халықаралық менеджмент Акадмиясының Новосибирь филиалы (Іс жүргізу мен қаржыны ұйымдастыру)
Еңбек жолы:
2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың мамырына дейін «Хабар»телеарнасындағы «Таңғы хабар» таңертеңгілік бағдарламасының бас продюсері;
2018 жылдың ақпан айынан бастап Jastar1 жастар телеарнасының Бас директоры;
2017-2018 жж. Қазтелефильм» тәуелсіз продюсерлік орталығы ЖШС Бас продюсері;
2016-2017 жж. Қазақстан РТРК АҚ Өңірлерді дамыту жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары;
2012-2016 жж. ҚазақстанҰТА директоры;
2008 ж. InterCinema-Tvservice ЖШС директоры;
2003-2008 жылдары KazakhCinemaDistribution ЖШС директоры;
2003 ж. Қазақстанұлттық теле-радио корпорациясының коммерциялық директоры;
1999-2003 жылдары Қазақтелефильм АҚ президенті;
1996-1999 жылдары Жамбыл облыстық теле-радио компаниясы төрағасының бірінші орынбасары;
1993-1996 жылдары Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы- Селская новь газетінің бас редакторы, аудандық баспахана директоры;
1991-1993 ж. ТумарЖШС директоры;
1990-1991 ж. ЖТД-дағы ақпарат бөлімі мен «Дидар» ақпараттық-музыкалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі;
1987-1990 жылдары Жамбыл ауданының Шұғыла- Радуга газетінің шығару бөлімінің меңгерушісі;
1985-1987 жылдары Т. Рысқұлов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ;
1981-1982 жылдары Жамбыл облыстық Еңбек туыгазетінің техникалық директоры;
1980 ж. Жамбыл аудандық баспаханасының терушісі;
1994-1998 жылдары Жамбыл облысы облыстық мәслихатының депутаты.
Шығармашылық жұмыс:
«Күлпаш көркем фильмінің бас продюсері, 2002 ж., (реж.Қ. Дүйсебаев), Стриж фильмінің атқарушы продюсері, 2007 ж., (реж.А. Құлбаев), 2008 жылғы «Анаға арналған жұмақ фильмінің атқарушы продюсері (реж. Ақтан арын Кубат), француз актері Жерар Депардье қатысқан Жиде көркем фильмінің атқарушы продюсері, Ясы - Түркістанның рухани орталығы2008 ж., «Киіз үй 2008 ж. атты деректі фильмдердің продюсері;
Идущий осилит фильмінің сценарий авторы және Ұлы дала шаһарлары, Қазақ даласының құпиялары, Алаш алиптарыдеректі фильмдер серияларының продюсері. Сценарий авторы және Арша бесіктен абыздыққа дейін толықметражды деректі фильмінің режиссері (Шерхан Мұртазанның 80 жылдығына), сценарий авторы және Дүние шіркін деректі фильмінің режиссері...(Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдығына), Қармен жуылған қан (АЛЖИР туралы) көркем сериясының идеясы мен сценарийінің авторы, Қызыл жебе (Тұрар Рысқұлов туралы) көркем сериясының 2021 жылғы сценарий авторы және бас продюсері. Килы заман көркем сериалының сценарий авторы және бас продюсері (2022 жыл).
ҚР медальдарымен марапатталған:
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты (2000 ж.), ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл, ҚР ТЖМ белсенді жариялағаны үшін, ҚР Ақпарат саласының үздігі(2021 ж.) Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.