Қуат Бораш Шымкент қаласының тұрғындарымен және архив саласының ардагерлерімен кездесті

Қуат Бораш Шымкент қаласының тұрғындарымен және архив саласының ардагерлерімен кездесті

Бүгін, 20 желтоқсанда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш Шымкент қаласының тұрғындарымен және архив саласының ардагерлерімен, архивші мамандармен жеке арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар және мамандар тарапынан архив саласының жай-күйі, архивші мамандардың әлеуметтік жағдайы, еңбек жалақыларын көтеру, архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы проблемалар, заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі сұрақтар қойылып, оларды шешу жолдарын қарастыру бойынша ұсыныстары енгізілді.

Оған қоса, архив ісі саласының ардагер мамандары мен жас архивші мамандар Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті құрылғалы бері архив саласының көптеген қордаланған мәселелер шешімін тапқандығын жеткізді.

Сондай-ақ «Архивші күні» кәсіби мерекесі мен «Архив саласының үздігі» ведомстволық төсбелгісінің енгізілгеніне, мемлекеттік архивтерге қосымша ғимараттардың берілуі мен жаңа ғимараттардың салынуы жоспарланып отырғанына ризашылықтарын білдірді.