
18 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ арналған брифинг жоспарланған.
Сұрақтар мен ұсыныстарды кездесу барысында айтуға немесе D.aldabergenova@msm.gov.kz электронды мекенжайына алдын-ала жіберуге болады.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша қосымша ақпарат: +7 705 257 47 87 (Лаура Елеусінова, ҚР МСМ қызметкері).
БАҚ өкілдері халықпен кездесуге де қатыса алады, одан кейін брифинг өтеді. БАҚ аккредиттеу мәселесі бойынша қосымша ақпарат: +77019145588 (Гаухар Омарбек, ҚР МСМ БАҚ өзара іс-қимыл департаментінің директоры).
Өтетін орны: Петропавл қаласы, Оқушылар сарайы.
Уақыты: сағ.11:00.