
12 тамызда Ақтөбе қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев халықпен кездеседі. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ арналған брифинг жоспарланған.
Сұрақтар мен ұсыныстарды кездесу барысында айтуға немесе D.aldabergenova@msm.gov.kz электронды мекенжайына алдын-ала жіберуге болады.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша қосымша ақпарат: +77023625374 (Бекзат Жекебаева, ҚР МСМ өтініштер мен директивалық құжаттарды қарауды бақылау басқармасының басшысы).
БАҚ өкілдері халықпен кездесуге де қатыса алады, одан кейін брифинг өтеді. БАҚ аккредиттеу мәселесі бойынша қосымша ақпарат: +77019145588 (Гаухар Омарбек, ҚР МСМ БАҚ өзара іс-қимыл департаментінің директоры).
Өтетін орны: Облыстық «Алақай» қуыршақ театры (Бейбітшілік даңғылы, 17)
Уақыты:сағат 15:30.