
9 маусымда Халықаралық архивтер күні Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Ашық есік» күні аталып өтті.
Алматы қаласының орта мектептерінің оқушылары республиканың жетекші архивтерінің бірімен және оның қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта архив қызметкерлері көрме дайындады. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қорынан бірегей құжаттар, жобаланып жатқан ғимараттардың макеттері, сондай-ақ архив ұжымы өзі жұмыс істеген жылдар ішінде дайындаған ғылыми өнімдер ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар құжаттарды архив қоймасында сақтау шарттарымен танысты.
Қала оқушылары архив қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қонақкәде ретінде өз өнерлерін көрсетті.